29.04.2026. Abai.Media. Облыс әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына жұмыс сапары аясында шегіртке ошақтарын анықтау және зерттеу жұмыстарымен танысты. Аудан орталығында жер үсті бүріккіш техникаларды қолдану арқылы химиялық өңдеу бойынша оқу-жаттығу шарасы өтті. Шара шеңберінде аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу маусымына дайындық мәселелері бойынша кеңейтілген форматта көшпелі штаб отырысы өтті. Оған Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция …
→Абай облысы
Облыс әкімі Бородулиха ауданындағы «Лина Агро» шаруашылығының жұмысымен танысты
29.04.2026. Abai.Media. Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Бородулиха ауданындағы «Лина Агро» шаруашылығына барып, егіс алқабын аралап, тұқым себу жұмыстарын көрді. Мұндағы егіс жұмыстары 27 сәуірде басталып, қазіргі таңда 100 гектарға бидай себілген. Кәсіпорын 2016 жылы құрылған. Негізгі қызметі – өсімдік шаруашылығы. Қазіргі таңда шаруашылықта 41 адам жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы құрылымында жалпы көлемі 9 261 гектар жер бар. Оның ішінде …
→Әкімдік отырысы өтті
27.04.2026. Abay.Media. Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Жиында ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу, қоныс аударушыларды қабылдау жөніндегі өңірлік квотаның орындалуы және Семей қаласының даму жоспары қаралды. Отырысқа облыстық басқарма басшылары, аудан және қала әкімдері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Әнуар Бейсенов, жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Алмас …
→«Абай елі – өнер кеніші» көркемөнерпаздар байқауына іріктеу басталды
23.04.2026. Abai.Media. Облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтетін «Абай елі – өнер кеніші» атты облыстың аудандары арасындағы көркемөнерпаздар байқауының іріктеу кезеңі жалғасуда. Сәуір айының 20–24 күндері аралығын қамтыған өнер додасы аясында бүгінгі күнге дейін Мақаншы, Үржар, Ақсуат, Көкпекті және Бесқарағай аудандарында іріктеу кезеңдері өтіп, өңір өнерпаздарының шығармашылық әлеуеті кеңінен көрініс …
→Абай облысы мен Қытайдың Тарбағатай округі арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
21.04.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Қытай Халық Республикасының Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесінің Тарбағатай округы партия комитетінің хатшысы Чжи Сянь Вэймен бейнеконференция арқылы байланысқа шығып, пікір алмасты. Жиынға тиісті басқарма басшылары, департамент жетекшілері қатысты. Шекаралық аймақтағы Аягөз, Үржар, Мақаншы және Ақсуат аудандарының әкімдері бейнережим арқылы қосылды. Жиын барысында Қазақстан мен Қытай арасын жалғайтын «Тачэн – Аягөз» теміржол желісі құрылысы, …
→Семей әскери қызметшілері бірыңғай «Ашық есік» күнін өткізді
20.04.2026. Abai.Media. 54835 әскери бөлімінің аумағында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге және Қарулы Күштерде қызмет етуге қызығушылықты арттыруға бағытталған «Ашық есік» күні өтті. Іс-шараға 120-ға жуық №19, 27, 30, 40, 49, 51 мектептерінің оқушылары, сондай-ақ, «Солнышко» және «Сарын» балалар орталықтарының тәрбиеленушілері қатысты. Қонақтар үшін қызықты бағдарлама ұйымдастырылды: оқушылар әскери қызмет өткеру шарттарымен, әскери қызметшілердің күнделікті өмірімен танысты, сондай-ақ авиациялық база объектілеріне барды. …
→Семейде Ақтөбе облысының мәдениет күндері өтті
20.04.2026. Abai.Media. Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Семейдегі Абай атындағы театрда «Алтын бесік Ақтөбеден – Ұлы Абайға құрмет» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Гала-концерт алдында екі аймақтың басшылары құттықтау сөз сөйледі. Облыс әкімі Берік Уәли Ақтөбе өңірінен келген қонақтарға, 80-нен астам адамнан құралған арнайы делегацияны, өнерпаздарды бастап келген Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровқа өңір жұртшылығы атынан алғысын жеткізді. Ақтөбе өңірі мен …
→«Абайға құрмет»: Семейде Ақтөбе облысының тартуы – Жекпе-жек сарайының құрылысы басталды
20.04.2026. Abai.Media. Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясы аясында Ақтөбе облысы Семейге Жекпе-жек cарайын тарту етеді. Спорт нысаны қаланың сол жағалауында, Заря ықшамауданында салынады. Облысымызға жұмыс сапарымен келген Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров бастаған арнайы делегация ғимарат бой көтеретін орында болып, Жекпе жек сарайының жобасын таныстырды. Спорт нысанының жалпы аумағы – 6700 шаршы …
→Абай облысында Ақтөбе облысының мәдениет күндері басталды
20.04.2026. Abai.Media. Бүгін өңірімізге Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров бастаған арнайы делегация келді. Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ішкі саясат және мәдениет басқармаларының басшылары және шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар бар. Ақтөбе облысынан келген меймандар әуелі облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Абай ауданына барып, Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» кесенесінде болып, ұлылар рухына тағзым етті. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» …
→Әлеуметтік төлемдер Абай облысында 56 млрд теңгеден асты
17.04.2026. Abai.Media. Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері өңір тұрғындарына зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақылар түрінде 56,6 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Әлеуметтік қолдауды 279 мыңнан астам адам алып отыр. Осылайша, мемлекеттік төлемдер өңір халқының едәуір бөлігін қамтып, әлеуметтік қолдаудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді. Қаражаттың басым бөлігі зейнетақы төлемдеріне бағытталған …
→