01.06.2026. Abai.Media. Ұлттық ұланның Семей қаласындағы 5511 әскери бөлімі бір сәтке балалардың ойын алаңына айналды.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әскери қызметшілердің балаларына ашық есік күнін ұйымдастырды. Шара мақсаты – әскери қызметшілердің балаларына патриоттық тәрбиеге баулу, елдің тыныштығын сақтау олардың азаматтық борышы екендігін түсіндіру. Тағылымды іс-шарада балғындар үшін әскери бөлімнің саптың алаңында заманауи үлгідегі қару-жарық пен әскери киім үлгілерінен тұратын көрме ұсынды. Көрмеге қатысушылар атыс қаруларына таңданыспен қарап, тіпті әр түрлі киім үлгілерін киіп көру мүмкіндігіне де ие болды.
— «Ашық есік» күні халықаралық балалар күні мерекесіне арналады. Себебі мерейлі мереке жыл көлемінде жоғары деңгейде аталып өтуі тиіс. Балаларға арналған мерекеден ата-ананың ыстық құшағына еніп көрмеген балалардың назардан тыс қалуы әлбетте қисынсыз. Тағылымды шара аясында оқушыларға әскери тәртіп туралы, сондай-ақ әскери қызметтің, жауынгерлік және оқу-жауынгерлік тапсырмалардың өту тәртібі туралы айтып түсіндірілді. Әскери — патриоттық тәрбие беру – жастарға өз елі мен Отанын сүюге үйрететін, оларды адалдыққа тәрбиелеудегі басым бағыттардың бірі болып табылады
дейді 5511 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің бастығы майор Бақтияр Утеулиев.
Әскери бөлімге келген кішкентай қонақтар атыс қаруларына таңданыспен қарап, тіпті әр түрлі киім үлгілерін киіп көру мүмкіндігіне де ие болды. Сонымен қатар мереке аясында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды. Кішкентай қонақтар күні ертең ел шекарасын күзеткісі келетіндігін де жасырмай баян етіп, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі