05.10.2026. Abai.Media. Цифрландыру жылы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді алу сапасы мен қолайлылығын арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастыруда. Бірыңғай электрондық кезек талондарын брондау бойынша пилоттық жоба 2025 жылдың қыркүйегінде іске қосылып, республика бойынша ХҚКО бөлімдерінде кезең-кезеңімен енгізілді. Қазіргі уақытта пилоттық жобаның кезекті кезеңі басталып, ол қосымша 5 ХҚКО бөлімін қамтиды. Олардың қатарында — Абай облысы Мақаншы …
→Абай облысы
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды
05.10.2026. Abai.Media. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды. Солардың бірі — «AI Senim» атты дауыстық AI-ассистенті. Ол азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беріп, қажетті ақпаратты жедел ұсынады. Бүгінде «AI Senim» ай сайын орта есеппен 25–30 мың өтінішті өңдейді. Оның …
→Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
05.10.2026. Abai.Media. Арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндірістің ашылу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, «Техноавиа – Қазақстан» ЖШС бас директоры Жанат Әміренов қатысты. Жаңа өндіріс «Техноавиа – Қазақстан» компаниясының Семейдегі өндірістік қуатын кеңейту аясында іске қосылды. Компания бұған дейін қалада арнайы киім тігетін фабриканың жұмысын жолға қойған болатын. Онда өндірістік кәсіпорындарға арналған арнайы және корпоративтік киімдер, медицина қызметкерлеріне арналған киімдер …
→Кеңейтілген аппараттық кеңес өтті
05.10.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында облыста су қоймаларын салу, гидротехникалық құрылыстар мен ирригациялық жүйелерді реконструкциялау жұмыстарының барысы және суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ, өңірде жыл соңына дейін өткізілетін іс-шаралар мен мерейтойлық күндерді ұйымдастыру мәселелері қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережим арқылы қосылды. Күн …
→Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды
05.10.2026. Abai.Media. Аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа басшысы таныстырылды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов департаменттің жаңа бастығы Еркін Отарғалымұлын облыс активіне таныстырды. Облыс әкімі жаңа басшыны жауапты қызметімен құттықтап, төтенше жағдайлардың алдын алу мен өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды міндет екенін атап өтті. Еркін Отарғалымұлын Абай …
→Ғұмар Серғазин Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас директоры болып тағайындалды
02.10.2026. Abay.Media. Ғұмар Серғазиннің атом саласында мемлекеттік басқару саласында көп жылдық тәжірибесі бар. Әр жылдары ол Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде басшылық қызметтер атқарды, 2017-2023 жылдары Комитет төрағасының орынбасары болды. 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментін басқарды, кейіннен Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. …
→Семейлік сарбаздардың дала жағдайындағы бір күні: жауынгерлік дайындық және ашық аспан астындағы кино!
17.09.2026. Abai.Media. Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің 150-ден астам мерзімді әскери қызметшісі оқу-жаттығу полигонында бес күн бойы жауынгерлік даярлықтарын шыңдады. Далалық жағдайда өткен оқу-жаттығулар барысында сарбаздар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, бөлімше құрамында үйлесімді әрекет ету дағдыларын жетілдірді. Әрбір тапсырма сарбаздардың тек кәсіби білімін емес, шұғыл шешім қабылдау, қырағылық, сабырлылық пен салқынқандылық қасиеттерін де шыңдауға бағытталды. Далалық …
→Кеңейтілген аппараттық кеңес өтті
14.09.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы шеңберінде өрт сөндіру пункттерін құру және жаңғырту жұмыстарының барысы, сондай-ақ, күзгі әскери шақыру науқанына дайындық және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережим арқылы қосылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Төтенше …
→Облыс әкімі Бесқарағай ауданының тұрғындарымен кездесті
11.09.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы халыққа есеп берді. Жиында алдымен Бесқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқан ауданның 2025-2026 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады. Аймақ басшысы өңір экономикасының негізгі көрсеткіштеріне тоқталып, ауданда жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Бесқарағай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі …
→Бесқарағай ауданында жаңа орман өрт сөндіру станциясы ашылды
11.09.2026. Abai.Media. Облыс әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданындағы Беген филиалына қарасты Дөңгелек орманшылығындағы өрт сөндіру станциясының ашылу рәсіміне қатысты. Бесқарағай – облыстағы орман қоры мол аудандардың бірі. Аудан аумағында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының 6 филиалына қарасты 390 мың гектар орман алқабы орналасқан. Орман шаруашылығы саласында 1074 адам еңбек етеді. Орман өрттерінің алдын алу және төтенше жағдай кезінде жедел …
→