11.09.2026. Abai.Media. Облыс әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданындағы «Канонерка – Белокаменка» аудандық маңызы бар автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскесіне барды. Жолдың жалпы ұзындығы 17 шақырымды құрайды. Биыл оның 0–8,5 шақырым аралығындағы бөлігін орташа жөндеуге 646,6 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жолдың негізі дайындалып, 5,2 шақырым учаскеге асфальт жамылғысы төселді. Жобаны 2026 жылы аяқтау жоспарланған. Аймақ басшысы жауапты …
→Абай облысы
Облыс әкімі Бесқарағай ауданындағы шаруа қожалығында болды
11.09.2026. Abai.Media. Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Бесқарағай ауданына барып, Глуховка ауылдық округінде орналасқан «Стелла» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. «Стелла» шаруа қожалығы 1995 жылы құрылған. Негізгі қызмет бағыты – өсімдік шаруашылығы. Қазіргі таңда шаруашылықта 10 адам еңбек етеді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 437,7 гектарды құрайды. Оның ішінде 60 гектар – егістік, 261,4 гектар – жайылымдық жер. Техника паркінде 3 …
→Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді
10.09.2026. Abai.Media. Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздегі неке қию көрсеткіштеріне қатысты статистиканы ұсынады. 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Оның жартысынан астамы жаз айларына тиесілі. Неке қиюға деген белсенділік …
→Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты
10.09.2026. Abai.Media. Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы №1 Жылу электр орталығы мен «343 квартал» орталық жылыту пунктінің жұмысымен танысты. Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың орнатылған қуаты – 374 Гкал/сағ, қолданыстағы қуаты – 276,4 Гкал/сағ. №1 Жылу электр орталығы 433 көпқабатты тұрғын үйді, 56 …
→Облыс әкімі құрылысы жүріп жатқан жаңа көпірде болды
10.09.2026. Abai.Media. Аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы ескі автогуж көпірінің жанында салынып жатқан жаңа көлік өткелінің құрылысын көрді. Көпір төрт жолақты қозғалысқа есептелген, ұзындығы – 810 метр, ені – 23 метр болады. Нысанның жалпы құны – 47,3 млрд теңге. Қазір құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталған. Жоба аясында 9 тірек орнатылады. Оның 8-і тұрғызылған. 9 мың тонна металл конструкцияның 8,5 …
→Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
10.09.2026. Abai.Media. Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан-қала әкімдері бейне режим арқылы қатысты. Отырыста Абай облысында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың нәтижелері, жергілікті атқарушы органдардың 2026 жылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарының жүзеге асырылуына …
→Облыстық Достық үйінің директоры зейнет демалысына шықты
10.09.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйінің» директоры, өңірдің қоғамдық саласына еңбек сіңірген Надежда Шарованы зейнет демалысына салтанатты түрде шығарып салу рәсіміне қатысты. Аймақ басшысы Надежда Васильевнаның өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, білім беру, мемлекеттік қызмет, ақпарат және қоғамдық келісім салаларында ұзақ жылдар абыройлы еңбек еткенін атап өтті. Надежда Васильевна, Сіздің басқарушылық қызметтегі …
→Семейде абаттандыру жұмыстары қарқынды
09.09.2026. Abai.Media. Облыс орталығында қоғамдық кеңістіктерді жаңарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Облыс әкімі Берік Уәли қаланы аралау барысында бірқатар нысанда жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты. Аймақ басшысы әуелі Шәкәрім университетінің алаңын қалпына келтіру жобасын көрді. «Адамдарға арналған қала» тұжырымдамасына сай жүзеге асырылып, мұнда жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасауға және аумақтың көркін арттыруға басымдық берілген. Жоба …
→Облыс әкімі Семей теміржол вокзалының жұмысымен танысты
09.09.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы теміржол вокзалын реконструкциялау жұмысымен танысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзалды жаңғырту қолға алынған. Оның 10-ы Абай облысында орналасқан. Семей теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары былтыр шілдеде басталған. Жоба аясында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, сыртқы желілер салынып, ғимаратқа монолитті …
→Connection Point Абай облысында танымалдылығын арттыруда
09.09.2026. Abai.Media. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысының тұрғындары үшін электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу форматтарын дамытуды жалғастыруда. 2026 жылдың жеті айында Connection Point өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында азаматтар 320 мыңнан астам мемлекеттік қызмет алды, ал мамандар 856 мыңнан астам кеңес берді. Абай облысында ХҚКО бөлімдерінде 14 Connection Point өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Оның екеуі …
→