Білім

Семейде Аустралияның Мёрдок университетінің филиалын ашу мәселесі талқыланды

18.06.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Аустралияның жетекші зерттеу университеттерінің бірі Мёрдок университетінің делегациясымен кездесті. Кездесуге Мёрдок университетінің жаһандық байланыстар жөніндегі проректордың орынбасары Саймон Джон МакКирди, тамақ өнеркәсібін дамыту перспективалары институтының проректоры Питер Мостин Дэвис, сондай-ақ, Мёрдок университетінің Дубай кампусының атқарушы директоры және стратегиялық серіктестік жөніндегі директоры Мохамед Абдулхалек Мохамед Ба, Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков қатысты. Мёрдок университеті …

Абай облысында жаңа оқу жылына дайындық жоспарға сәйкес жүргізілуде

17.08.2026. Abai.Media. Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте 2026-2027 оқу жылына жалпы орта білім беру ұйымдарының дайындығы қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша білім басқармасының басшысы Айжан Құрманова баяндады. Өңірде жаңа оқу жылына дайындық жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жаңа оқу жылында облыста 304 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Оқушылар саны 101 мыңнан асады деп болжануда. Биыл облыста 5 мектепке күрделі …

Облыс әкімі Семейдегі «Zhuldyz-Ardak» балабақшасының жұмысымен танысты

28.05.2026. Abai.Media. Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы «Zhuldyz-Ardak» балабақшасында болды. 2007 жылы ашылған мектепке дейінгі білім беру мекемесі 475 балаға арналған. Жеке меншік балабақшада логопед және психолог кабинеттері, спорт және музыка залдары, бассейн, робот техникасы кабинеті мен тұзды бөлме жұмыс істейді. 2009 жылы ғимарат кеңейтіліп, балаларға арналған жабық ойын алаңы ашылған. Қазіргі таңда 17 топ бар. Оның төртеуі …

Абай облысында 6 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

25.05.2026. Abai.Media. Бүгін Абай облысының мектептерінде оқу жылының аяқталуына орай салтанатты шаралар өтуде. Биыл өңірде 100 мыңнан астам оқушы оқушы оқу жылын аяқтады, оның ішінде 6065 түлек 11-сыныпты тәмәмдап отыр. 438 оқушы «Алтын белгіге» үміткер. Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы №50 ІТ-мектеп-лицейінде өткен салтанатты шараға қатысып, өңірдегі мектеп бітіруші түлектерді, ұстаздар мен ата-аналарды мерейлі мезетпен құттықтады. Мемлекет басшысы биыл …

Облыс әкімі жас ғалымдармен кездесті

22.05.2026. Abai.Media. Бүгін Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде өткен «ABAI SCIENCE FEST» аясында облыс әкімі Берік Уәли өңірдегі жас ғалымдармен кездесті. Іс-шараға Шәкәрім университеті, Alikhan Bokeikhan University, Семей медицина университеті, Ұлттық ядролық орталық, Ядролық технологиялар паркі, Ядролық медицина және онкология орталығы, Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының жас ғалымдары қатысты. Фестиваль аясында ғылыми жобалар көрмесі ұйымдастырылып, агротехнология, медицина, жасанды …

Облыс әкімі Бақты ауылындағы жөндеуден өткен мектептің жәй-күйімен танысты

19.05.2026. Abai.Media. Облыс әкімі Берік Уәли Мақаншы ауданына жұмыс сапары барысында Бақты ауылындағы Бейсембай Сахариев атындағы орта мектеп-бақшасында болды. Білім ордасы 2016 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда мектепте 363 оқушы білім алып, 115 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Оқу орнында 50 мұғалім мен 12 тәрбиеші еңбек етеді. Нысан ғимараты 7 блоктан тұрады. 2022 жылдан бастап ғимарат қабырғаларында жарықшақтар пайда болып, …

Абай облысының оқушысы «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік жобасында апталық ойын жеңімпазы атанды

02.04.2026. Abai.Media. Қазақстандық оқушылардың бірнеше буыны армандаған, талай дарынның жұлдызын жаққан «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік жобасында Үржар ауданының оқушысы Эльнара Молданова жобаның апталық ойын жеңімпазы атанды. «21 ғасыр көшбасшысы» оқушылар арасындағы республикалық зияткерлік ойыны еліміздегі дарынды оқушыларды анықтауға арналған бірден-бір жоба. Аталған жоба жасөспірімдердің логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға және білімді жастарды ел дамуына тартуға ықпал етеді. Эльнара …

Аягөз қаласындағы 600 орындық мектеп ІІ тоқсанда ашылады

03.10.2025. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына барып, аудан орталығындағы бірнеше нысанды аралады. Аймақ басшысы әуелі Аягөз қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық мектепке барды. Білім ордасы ІІ тоқсанда пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Үш қабатты жаңа мектепте заман талабына сай 35 пәндік кабинет, зертханалар, 256 орындық асхана, 150 орындық акт залы, екі спорт залы, …

«Dauletten» қайырымдылық қоры 1000 баланы мектепке дайындады

24.09.2025. Жаңа оқу жылында «Dauletten» қайырымдылық қоры дәстүрлі түрде өңір бойынша 1 000 баланы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. «Ауылдағы ағайынның балаларына» қайырымдылық керуені қоғамның ортақ жауапкершілігін көрсетіп, балалардың сапалы білім алуына қолдау білдіруді мақсат етеді. Балалар – ел болашағы. Олардың толыққанды білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасау – мемлекет пен қоғам алдындағы ең басты міндеттердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, …

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

01.09.2025. Бүгін Семейдегі Водный кентінде «Келешек мектептері» жобасы аясында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстанның Еңбек Ері, ұлағатты ұстаз Алма Шүкіжанова қатысты. Водный кентінің балалары енді еңселі де заманауи ғимаратта білім алады. Бұл – «Келешек мектептері» жобасы шеңберінде бой көтерген Семей қаласындағы екінші, ал Абай облысы бойынша үшінші мектеп. Үш қабатты мектепте …