Облыс әкімі Семейдегі «Zhuldyz-Ardak» балабақшасының жұмысымен танысты

28.05.2026. Abai.Media. Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы «Zhuldyz-Ardak» балабақшасында болды.

2007 жылы ашылған мектепке дейінгі білім беру мекемесі 475 балаға арналған. Жеке меншік балабақшада логопед және психолог кабинеттері, спорт және музыка залдары, бассейн, робот техникасы кабинеті мен тұзды бөлме жұмыс істейді. 2009 жылы ғимарат кеңейтіліп, балаларға арналған жабық ойын алаңы ашылған.

Қазіргі таңда 17 топ бар. Оның төртеуі – мектепке дейінгі даярлық тобы. Бүгінде мұнда 430 бүлдіршін тәрбиеленуде, 37 педагог еңбек етеді. Балабақшада тәрбиелеу және оқыту жұмыстары заманауи бағытта ұйымдастырылған.

Облыс әкімі балабақшаның материалдық-техникалық базасымен танысып, тәрбиешілермен пікірлесіп, мектепке дейінгі мекеменің жұмысына жоғары баға берді.

Балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған үлгілі балабақша екен. Мұнда тәрбие мен білім беру ісі заман талабына сай ұйымдастырылғанын көріп отырмыз. Осындай мектепке дейінгі мекемелерді өзге білім беру ұйымдарына үлгі ретінде көрсету керек. Баланың сапалы білім мен саналы тәрбие алуы – ел болашағына салынған инвестиция. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек

деді Берік Уәли

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Check Also

Цифровизация финансирования здравоохранения: Как QALQAN задает новые стандарты прозрачности

28.05.2026. Abai.Media. Фонд социального медицинского страхования переходит от фрагментарной автоматизации к комплексной цифровой модели управления …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *