Абай облысы

Дайын құжаттарды жеткізу қызметі: Абай облысының тұрғындары оларды өздеріне ыңғайлы мекенжай бойынша ала алады

10.08.2026. Abai.Media. Абай облысының тұрғындары мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде дайындалған құжаттарды өздеріне ыңғайлы мекенжайға – үйіне, жұмыс орнына немесе көрсетілген кез келген басқа орынға жеткізіп алу қызметін пайдалана алады. Бұл сервис Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) немесе Мамандандырылған ХҚКО-ға қайта барудың қажеті жоқ, ал қызметке деген сұраныс өңір тұрғындары арасында артып келеді. Бұл туралы Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» …

Бестерек ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті салынып жатыр

29.07.2026. Abai.Media. Үржар ауданында ауылдық елді мекендердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс жалғасуда. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ауданның бірнеше ауылында өрт сөндіру бекеттері салынып, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға жедел ден қою мүмкіндігі кезең-кезеңімен күшейтілуде. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – Бестерек ауылында салынып жатқан жаңа өрт сөндіру бекеті. Әлеуметтік маңызы зор нысан «Урожай» шаруа қожалығының басшысы Тепсаев Юнадий …

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының үздік сержанттары анықталды          

29.07.2026. Abai.Media. Семей қаласында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің үздік сержанттарын анықтауға арналған дәстүрлі байқау өтті. Сайысқа Семей, Өскемен, Павлодар, Аягөз, Үшарал қалалары мен Жаңғызтөбе кентінде орналасқан әскери бөлімдерден 100-ден астам сержант қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты – сержанттар құрамының кәсіби даярлығын жетілдіру, дене шынықтыру деңгейі мен спорттық шеберлігін арттыру, сондай-ақ әскери тәртіпті нығайту. Сонымен қатар, жарыс әскери қызметшілердің көшбасшылық …

Семей тұрғындары мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ ала алады

29.07.2026. Abai.Media. Семей қаласының тұрғындары Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) бармай-ақ бірқатар мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін «Жеке менеджер» қызметін пайдалана алады. Бұл туралы Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалында хабарлады. Қызмет аясында маман өтініш беруші көрсеткен мекенжайға – үйіне немесе кеңсесіне – өзі үшін қолайлы уақытта барып қызмет көрсетеді. Сапар барысында жеке менеджер мемлекеттік қызметтерді …

Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

24.07.2026. Abai.Media. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлекеттік қызметтер қосылады. Бұл азаматтарға дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға қайта бармай, оларды көрсетілген мекенжайдан қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінде 15 мемлекеттік қызмет …

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026. Abai.Media. Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші өз әскери мамандығына сәйкес заманауи қару-жарақ пен арнайы техниканы меңгеріп, кәсіби шеберлігін арттыруда. Мамандық бойынша даярлықтан өтіп жатқан сарбаздардың бірі – мерзімді әскери қызметші, барлаушы, кіші сержант Өмірзақ Бақдәулет. Ол артиллериялық барлаушылардың негізгі құралдарының бірі саналатын телескоптық артиллериялық …

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Семейдегі стратегиялық инфрақұрылым нысандарын аралады

23.07.2026. Abai.Media. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңірге жұмыс сапары аясында облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Семей қаласындағы бірқатар стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым нысандарының жұмысымен танысты. Сапар барысында қаланың жылу-энергетикалық жүйесінің жай-күйі мен тұрғын үй құрылысының қарқынына ерекше назар аударылды. Үкімет басшысының бірінші орынбасары әуелі ТЭЦ-1 кәсіпорнына барды. Бұл – Семей қаласын жылу энергиясымен қамтамасыз ететін негізгі стратегиялық …

Абай облысындағы тұқымбақта жылына 3 миллионнан астам қарағай көшеті өсіріледі

23.07.2026. Abai.Media. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапары барысында облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Бесқарағай ауданындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Канонерка филиалындағы орман тұқымбағы және орман тұқым станциясы кешенінің жұмысымен танысты. Ертіс бойындағы өртенген орман алқаптарын қысқа мерзімде қалпына келтіру мақсатында 2016 жылы іске қосылған кешен Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азиядағы орман көшеттерін жабық тамыр …

Постомат 24/7: Абай облысының тұрғындары құжаттарды алудың ыңғайлы тәсілін жиі таңдауда

22.07.2026. Abai.Media. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Абай облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлық сервистерді дамыту жалғасып жатқанын хабарлайды. Осындай шешімдердің бірі – дайын құжаттарды беруге арналған постомат. Ол азаматтарға құжаттарын ХҚКО-ның жұмыс уақытына тәуелді болмай, өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта алуға мүмкіндік береді. Бүгінде Абай облысында бір постомат …

Абай облысының экономикасына 232 миллиард теңге инвестиция тартылды

20.07.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Жиында облыстың 2026 жылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру барысы қаралды. Отырысқа аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр өңірдің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Оның айтуынша, 2026 жылдың 1 тоқсанында облыстың …