Абай облысы

Семейде Рәміздер алаңының құрылысы қарқынды жүргізілуде

08.05.2026. Abai.Media. Облыс әкімі Берік Уәли қаланы аралау барысында Бейбітшілік аралындағы Рәміздер алаңының құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Жыл басында Мемлекет басшысының қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысының тартуы ретінде Рәміздер алаңының іргетасы қаланып, құрылысы басталған болатын. Жобаға сәйкес алаңның диаметрі 28 метрді құраса, жалпы биіктігі 35 метр болады. Заманауи талаптарға сай бой көтеріп …

Семейдегі орталық алаңды жаңғырту жұмысы басталды

08.05.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі бірқатар нысандарды аралап, құрылыс және жаңғырту, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Әуелі аймақ басшысы қаланың орталық алаңына барып, қайта жаңғырту жобасымен танысты. Жоба аясында алаң толық абаттандырылып, жасыл желектер отырғызылып, тұрғындардың демалысына қолайлы заманауи қоғамдық кеңістікке айналмақ. Сонымен қатар жаңа субұрқақ орнатылатын болады. Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаевтың айтуынша, жаңартылған алаң қыркүйек айында …

Абай облысында БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтіп жатыр

07.05.2026. Abai.Media. Семейдегі «Спартак» стадионында БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан белгілі журналист, көрнекті спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің 6 облысы мен 4 қаласынан 12 команда (Qazaqstan tv (Астана қаласы), «Абай облысы» (Абай облысы), Aqmeshit (Қызылорда облысы), Атырау (Атырау облысы), Kazmedia (Астана қаласы), Qareket (Жетісу облысы), «Семей» (Семей қаласы), Сетанта (Алматы қаласы), Тараз …

Семейде БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир басталды

07.05.2026. Семейдегі «Спартак» стадионында БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан белгілі журналист, көрнекті спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир басталды. Жарысқа еліміздің 6 облысы мен 4 қаласынан 12 команда (Qazaqstan tv (Астана қаласы), «Абай облысы» (Абай облысы), Aqmeshit (Қызылорда облысы), Атырау (Атырау облысы), Kazmedia (Астана қаласы), Qareket (Жетісу облысы), «Семей» (Семей қаласы), Сетанта (Алматы қаласы), Тараз Пресс (Жамбыл …

Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті

06.05.2026. Abai.Media. Бүгін Семейдегі Абай атындағы театрда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Елім деп соқсын жүрегің!» атты салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, өңір жұртшылығын құттықтады. Аймақ басшысы ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген барша әскери қызметшілер мен құқық қорғау саласының өкілдеріне алғысын білдірді. Бүгінгі бейбіт өміріміз үшін …

Семейде грек-рим күресінен Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды

06.05.2026. Abai.Media. Бүгін Семей қаласындағы «Арена» спорт кешенінде өткен грек-рим күресінен U-15 жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Сайысқа әлемнің 5 елінен (Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей федерациясы) және Қазақстанның 20 өңірінен келген 300-ден астам спортшы 11 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде өзара мықтыны анықтады. Спорттық …

Семейде интернационалист-жауынгерлерді еске алды

05.05.2026. Abai.Media. Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 81 жылдығы аясында Семей қаласында ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды. Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерді еске алуға арналған салтанатты шараға интернационалист ардагерлермен қатар әскери қызметшілер, облыстық, қалалық әкімдіктің өкілдері, «Жас ұлан» ерлер лицейінің оқушылары қатысты. Ескерткішке марқұм жауынгерлердің қаруластары, туған-туыстары, сондай-ақ қала тұрғындары гүл шоқтарын …

Семейде грек-рим күресінен Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир басталды

05.05.2026. Abai.Media. 4-5 мамыр күндері Семей қаласындағы «Арена» спорт кешенінде грек-рим күресінен U-15 жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Сайысқа әлемнің 5 елінен (Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей федерациясы) және Қазақстанның 20 өңірінен келген 300-ден астам спортшы қатысуда. Әлем мен республиканың әр аймағынан іріктелген балуандар 11 салмақ дәрежесі …

Қауіпсіздігі барынша төмен мекеме қызметкерлері Абай облысы бойынша ҚАЖД сотталғандарға «Алдар» қазақстандық фильмін көрсетті

04.05.2026. Abai.Media. Абай облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің қызметкерлері сотталғандарға қазақстандық көркем «Алдар» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. Іс-шара тәрбиелік жұмыс аясында өткізіліп, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға, ой-өрісті кеңейтуге, сондай-ақ сотталғандардың бойында оң өмірлік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталды. Қазіргі таңда мекемеде түрлі санаттағы қылмыстар, оның ішінде ұрлық, тонау және алаяқтық жасаған, жасы 20 мен 50 аралығындағы шамамен 150 сотталған жазасын өтеуде. …

Таза Қазақстан – таза сана: Абай облысында қоғамдық қор жастары мен бірлескен сенбілік өтті

04.05.2026. Abai.Media. Абай облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы «СОЦ КZ» қоғамдық қорының белсенді жастарымен бірлесіп, өңірде кең ауқымды сенбілік ұйымдастырды. Іс-шара қоғамдық орындарды тазалау, қоқыс қалдықтарын жинау, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүзеге асырылды. Сенбіліктің негізгі мақсаты – жастардың белсенділігін арттыру, қоғамдық жауапкершілікке шақыру және тұрғындар арасында тазалықты сақтау мен салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шара барысында …