04.05.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған кеңейтілген жиын өтті. Жиынға тиісті басқарма басшылары мен департамент жетекшілері қатысты. Аудан әкімдері бейнережимде қосылды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев баяндады. Абай облысында Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдарға ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында Үкімет бекіткен кешенді жоспарды …
→Абай облысы
Кеңейтілген аппараттық кеңес өтті
04.05.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында облыс аумағындағы құрылыс нысандарының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыру және мониторинг жүргізу барысы талқыланды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережим арқылы қосылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы …
→Халықаралық додада жүлдегер атанған жас сарбаздарға құрмет көрсетілді
02.05.2026. Abai.Media. Облыс әкімі Берік Уәли «Абай қырандары» әскери-патриоттық клубы мүшелерімен кездесті. Сәуір айының 19-ы мен 25-і аралығында Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында «Vatanparvarlar» халықаралық әскери-спорттық жарысы өткен болатын. «Абай қырандары» клубының мүшелері аталған сайыста Қазақстан атынан өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте жүлделі II орынды иеленді. Команда жекелеген сайыстар бойынша да жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, әскерилендірілген эстафетадан және арқан тартудан І …
→Қорғаныс министрі Өзбекстанда өткен әскери-патриоттық жарыс жүлдегерлерін марапаттады
01.05.2026. Abai.Media. Астанада қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шыршық қаласында өткен «Ватанпарварлар» әскери-спорттық жарысына қатысушылармен кездесті. Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Семей қаласынан елордаға келген «Абай қырандары» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілерін құттықтады. – Сіздердің жетістіктеріңіз тек спорттық нәтиже емес, ол – жауапкершілік пен табандылықтың, ерік-жігер мен патриотизмнің айғағы. Сол арқылы ел беделін көтеріп, жас ұрпаққа үлгі болдыңыздар. Абай туған қасиетті …
→Биыл Семейде 8 мың түп ағаш егіледі
01.05.2026. Abai.Media. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Семей қаласын көгалдандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли қаланың орталық көшелерінің бірі саналатын Титов көшесінің бойында ағаш көшеттерін отырғызу рәсіміне қатысты. Семей қаласында 25 сәуірден ағаш отырғызу жұмыстары басталды. Биыл шаһарға «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы саны 8 мың түп ағаш егу жоспарланған. Осы уақытқа дейін қалада мыңнан …
→«Қазақмыс» корпорациясы Аягөз ауданының дамуына үлес қосады
01.05.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасының қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Әлібек Мұқатаев және осы компанияның өңірлік даму департаментінің директоры Медет Дүйсембаевпен кездесті. Кездесу барысында Аягөз ауданында әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелері қаралды. Айта кетейік, бұған дейін Аягөз ауданы әкімдігі мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Құжат өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын …
→Мереке күніндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
30.04.2026. Abai.Media. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамыр айындағы мерекелік күндердегі жұмыс кестесін хабарлайды. Орталықтар Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, яғни 1,7,9 мамырда жұмыс істемейді. 2 және 11 мамыр — кезекші орталықтар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге жұмыс істейді, мамандандырылған …
→Топ-3 жылжымайтын мүлік саласындағы ең сұранысқа ие қызметтер Абай облысында аталды
29.04.2026. Abai.Media. Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы жылжымайтын мүлік саласында тұрғындар жыл басынан бері ең жиі пайдаланған мемлекеттік қызметтер туралы хабарлады. Өтініштер саны бойынша көш бастаған қызмет — жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу. Бірінші тоқсанда бұл бағытта шамамен 20 мың қызмет көрсетілді. Жалпы, жүгінулердің басым бөлігі жылжымайтын мүлік нысандарына техникалық құжаттама рәсімдеуге, жаңадан салынған құрылыстар …
→Аягөз ауданында 31 отбасыға пәтер кілті табысталды
29.04.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына барды. Аймақ басшысы әуелі аудан орталығында баспана кілттерін табыстау рәсіміне қатысты. 5 қабатты, 60 пәтерлі тұрғын үй «Отбасы банк» акционерлік қоғамы арқылы «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары» бағдарламасы аясында кезекте тұрған көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне бөлу үшін берілді. Аталған …
→Семей қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта алғашқы құрылыс нысандары басталды
29.04.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласында бой көтеретін жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта басталған құрылыс нысандарында болды. Облыс орталығының жаңа келбетіне айналуы тиіс орталықтың макетін аймақ басшысына облыс әкімнің бірінші орынбасары Ербол Садыр таныстырды. Жобаға сәйкес Семей қаласының оң жағалауында аумағы 1000 гектарды құрайтын жаңа әкімшілік-іскерлік орталық салу көзделген. Жалпы тұрғын үй қоры 3 млн шаршы метрден асады, әкімшілік …
→