15.07.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданының активіне ауданның жаңа әкімін таныстырды. Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына тиісті өзгерістер енгізілді. Аталған өзгерістерге сәйкес облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар әкімдерін сайлау институты жойылды. Қазіргі уақытта облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әкімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс әкімдері тиісті мәслихаттардың келісімімен тағайындайды. …
→Абай облысы
Цифрлық технологиялар жақындай түсуде: Семейде тұрғындарға арналған тегін сабақтар өткізілуде
13.07.2026. Abai.Media. Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы Семей қаласындағы №2 ХҚКО-да тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған тегін сабақтар жалғасып жатқанын хабарлайды. Оқыту жұмыстары Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметтердің әрбір азамат үшін қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Биылғы жылдың наурыз айынан бері оқудан 100-ден астам адам өтті, олардың басым бөлігін егде жастағы азаматтар құрайды. …
→Заң мен тәртіп – есірткіге қарсы күрестің басты қағидасы
03.07.2026. Abai.Media. Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Семей филиалында әскери қызметшілерге арналған есірткі қылмысының алдын алу тақырыбында ақпараттық-танымдық кездесу өтті. Іс-шараға Абай өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері қатысты. Жиынға Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасының тергеушісі, майор Жомарт Балтабаев, Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің офицері, капитан Махамбет Жайлағанов және Абай облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел …
→Мемлекеттік корпорация мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервисті іске қосты
25.06.2026. Abai.Media. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасындағы цифрлық сервистер қатарын кеңейтуді жалғастыруда. Енді қызмет алушыларға дайын болған жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қайта барудың қажеті жоқ. Жеткізу қызметіне тапсырыс беру небәрі бірнеше минутты алады. Бұл сервисті құжат немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі дайын …
→Абай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 25 жоба қаржыландырылды
22.06.2026. Abai.Media. Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалу барысы талқыланды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев баяндады. «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру аясында облыстың 10 ауданына қарасты 138 ауылдық округте скрининг жүргізіліп, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті айқындалды. Нәтижесінде барлық ауылдық округтер 2025 жылғы несиелеу бағдарламасына енгізілді. Былтыр бағдарламаға 1 млрд теңге бөлініп, қаржы …
→Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қаралды
22.06.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында облыс бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі және «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережим арқылы қосылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Отбасы банк» АҚ Абай облысы бойынша филиалының директоры Равиль …
→Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік
15.06.2026. Abai.Media. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды интеллект технологияларын, роботтандыру …
→Кеңейтілген аппараттық кеңес өтті
15.06.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте балалардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіздігін арттыру және профилактикалық жұмыстың тиімділігі, сондай-ақ, 2026 жылғы өңірлік жұмыспен қамту картасының іске асырылу барысы қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережим арқылы қосылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бауыржан …
→Облыс әкімі Бесқарағай ауданының Бөдене ауылының тыныс-тіршілігімен танысты
13.06.2026. Abai.Media. Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Бесқарағай ауданына барды. Әуелі Бөдене ауылындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Облыс әкімі ауылдағы орта мектепте болды. 1988 жылы салынған білім ордасында бүгінде 65 оқушы білім алады. Мектепте 22 мұғалім еңбек етеді. 2022-2025 жылдар аралығында мектептің жылу жүйесі, қазандығы, шатыры, қасбеті, инженерлік желілері мен спорт залы жөндеуден өткізіліп, физика кабинеті заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылды. Ерекше …
→Абай гарнизонында базалық дайындық сабақтары өтуде
08.06.2026. Abai.Media. Абай гарнизонының әскери бөлімдерінде жазғы оқу кезеңі басталар алдындағы базалық дайындық сабақтары жүргізілуде. Дайындық барысында әскери қызметшілер тактикалық дайындық, тактикалық медицина, атыс дайындығы, инженерлік дайындық, байланыс дайындығы және әскери топография бойынша білімдері мен тәжірибелерін жетілдіруде. — Оқу мерзімі басталар алдындағы базалық дайындық жүргізілуде. Бұл сабақтар барлық жеке құраммен өткізіледі. Негізгі алты пән бойынша сабақтар бір ай көлемінде …
→