26.02.2026. Жыл сайынғы дәстүрге сай, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бекіткен жоспар аясында биыл да балаларды сауықтыру лагерьлеріне жіберу басталды. Осыған сәйкес, Абай гарнизоны бойынша балалардың алғашқы легі жолға шықты. Алғашқы кезеңде Балқаш қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагеріне 20-ға жуық бала аттанды. Сондай-ақ, кестеге сай Қонаев қаласындағы лагерьге де жолдамалар қарастырылған. Биыл «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша жалпы …
→Абай облысы
«ЦОН» мобильді қосымшасы: қазақстандықтар қосымша арқылы қанша қызмет түрін алады
26.02.2026. Қазақстанда мемлекеттік қызметтер кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіп жатыр. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтер тізілімінде 1448 қызмет бар, оның 1278-і онлайн форматта қолжетімді. Осындай цифрлық арналардың бірі – «ЦОН» мобильді қосымшасы. Онда 18 қызмет іске қосылған, оның ішінде бейнеқоңырау форматында 79 қызмет түрі бар, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы. Мемлекеттің корпорацияның мәліметінше, 2025 жылы «ЦОН» мобильді қосымшасын 2 миллионнан …
→Семейлік ұландықтар алғаш рет жауынгерлік қызметке кірісті
26.02.2026. Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімінде екі жүзден астам сарбаз алғаш рет жауынгерлік қызметке түсті. Алдағы уақытта жас сарбаздар Семей қаласындағы қоғамдық тәртіпті қадағалап, қылмыстық атқару жүйелерін күзету қызметін атқаратын болады. — Мемлекет тәуелсіздікке қол жеткелі бері қауіпсіздік күштері нығаюда. Елімізде әскери міндетті адал атқаруға барынша жағдай жасалған. Сіздердің алдағы қызметтеріңізге тек табыс тілей отырып, бейбіт аспан астында қызмет етулеріңізге …
→Әскери билет тегін білім алу жолы
24.02.2026. Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарған сарбаздар бүгінде білім алып, болашаққа нық қадам басуда. Қазіргі таңда бірқатар бұрынғы әскери қызметшілер Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан университетінде мемлекеттік грант негізінде білім алуда. Бұл мүмкіндік Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Сарбаз 2.0» білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама әскери қызметін өтеген жастардың жоғары білім алуына жағдай жасап, олардың азаматтық өмірге бейімделуіне …
→140 мыңнан астам брондау: Абай облысының тұрғындары «ЦОН» қосымшасын белсенді пайдалануда
24.02.2026. Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалы мобильді «ЦОН» қосымшасы арқылы электронды кезекті онлайн брондау сервисінің танымалдығы тұрақты түрде артып келе жатқанын хабарлайды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің 140 мыңнан астам тұрғыны алдын ала талон брондау мүмкіндігін пайдаланған. Ал биылғы жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 20 мыңнан асып, цифрлық қызметтердің халық арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетіп …
→Курчатов қаласында электрондық кезекке талондарды алдын ала брондау бойынша пилоттық жоба іске қосылады
23.02.2026. Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалы электрондық кезекке талондарды алдын ала брондау бойынша пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы хабарлайды. Жоба 2026 жылғы 20 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі. Жоба Абай облысы Курчатов қаласының халыққа қызмет көрсету бөлімінде жүзеге асырылады. Пилоттық жоба 20 ақпаннан басталып, үш ай бойы жалғасады. Жаңа сервис азаматтарға келу күнін және уақытын алдын ала …
→Құқықтық сауаттылық – тәртіп кепілі
19.02.2026. Абай гарнизонына қарасты 44793 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті арттыру және отбасылық жанжалдардың алдын алу мақсатында түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараға Әуезов полиция бөлімі қызметкерлері — полиция майоры Қуаныш Төлеу және полиция аға лейтенанты Бауыржан Молгаждаров қатысып, жеке құраммен профилактикалық әңгіме жүргізді. Кездесу барысында әскери қызметшілерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, кешкі уақыттағы тыныштықты сақтау талаптары, сондай-ақ интернет алаяқтарынан …
→Дайын құжаттарды ХҚКО-дан тәулік бойы алуға болады: постаматтар қалай жұмыс істейді?
18.02.2026. ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл мүмкіндікті тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейтін құжат беруге арналған автоматтандырылған постаматтар қамтамасыз етеді. Постамат қызмет алушыға дайын құжатты жеке ұяшық арқылы өз бетінше алып кетуге мүмкіндік береді. Құжат дайын болған кезде азаматтың телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіліп, онда ұяшықты …
→Сарбаздар үшін шығармашылық демалыс күні
17.02.2026. Жексенбі күні сарбаздардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінің мәдени орталығында әскери-патриоттық орталығы өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті. Кеш барысында өнерпаздар патриоттық және лирикалық әндерді орындап, әсерлі билерін көпшілікке ұсынды. Мазмұнды концерт мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің көңіл күйін көтеріп, рухани серпіліс сыйлады. Әсіресе Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін әндер сарбаздарға ерекше әсер қалдырды. Шара соңында әскери …
→Сарбаздар Курчатовта ант қабылдады
09.02.2026. Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан шақырылған жас сарбаздар Ұлттық ұланның Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінде әскери ант қабылдады. Салтанатты шараға әскери бөлім басшылығы мен ардагерлері, сарбаздар ата-аналары, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Әскери ант қабылдағандар қатарында өткен жылы орын алған төтенше жағдай кезінде адам өмірін құтқарып, ерекше батылдық танытқан қатардағы жауынгер Диас Тәңірбергенов те бар. Оның қайсарлығы мен жанқиярлығы …
→