12.03.2026. Abai.Media. Қоғамның жедел цифрлануы аясында интернет-алаяқтық ең жылдам тарайтын қылмыс түрлердің бірі болып отыр. Өткен жылы Абай облысында интернет-алаяқтықтың 1364 фактісі тіркелген, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 47,5% көп. Оның ішінде 1092 жағдай Семей қаласында орын алған.Қабылданған шаралардың нәтижесінде ашу деңгейі 8,9%-дан 17,3%-ға өскен. Полиция қызметкерлері 14 ұйымдасқан топты ұстады, олар 142 эпизодқа қатысы бар интернет-алаяқтыққа қатысы болған. Сондай-ақ қылмыскерлер …
→Абай облысы
Облыс әкімі Қазақстанның Халық әртісі Секен Тұрысбековпен кездесті
12.03.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі күйші, Семей қаласындағы Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның директоры Секен Тұрысбековпен кездесті. Кездесу барысында өңірдегі мәдениет, руханият, ұлттық өнерді насихаттау және филармония ұжымының шығармашылық қызметін кеңейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, алдағы мәдени іс-шараларды өткізу және өнер ұжымдарының гастрольдік сапарларын ұйымдастыру бағыттары қарастырылды. Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония …
→Абай облысының 3 балуаны Қазақстан чемпионы атанды
12.03.2026. Abai.Media. 9–10 наурыз күндері Тараз қаласында 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер (U15) арасында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Сайысқа еліміздің барлық өңірінен 20 команда қатысты. Байрақты бәсекеде Абай облысының құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жарыс қорытындысы бойынша Абай облысының үш бірдей спортшысы өз салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, алтын медаль иеленді. Атап айтқанда, Нұралы Амангелді (44 келі), Ералы …
→Кеңейтілген аппараттық кеңес өтті
12.03.2026. Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында адам көп жиналатын жерлердегі және сауда-ойын-сауық орталықтарындағы өрт қауіпсіздігі, облыстағы интернет алаяқтыққа қарсы күрес шаралары және Мемлекет басшысының, Премьер-министрдің, Президент әкімшілігі мен Үкімет аппаратының, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережимде қосылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша …
→Абай облысында қар шығару және еріген қар суын сору жұмысы жалғасуда
10.03.2026. Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында қар шығару және еріген қар суын сору жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде. Семей қаласында қар шығару және еріген қар суын сору жұмысы тәулік бойы ұйымдастырылған. Мердігер ұйыммен 70 техниканы жұмылдыру туралы келісімшарт жасалып, қазіргі уақытта күндізгі ауысымда 40, түнгі ауысымда 30 техника жұмыс істеуде. 6 наурыздан бері …
→ХҚКО және МХҚКО наурыз айында қалай жұмыс істейді?
06.03.2026. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялайды. Жексенбі және дүйсенбі күндері, яғни 8 және 9 наурыз, барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, кезекші бөлімшелерді қоса алғанда, жұмыс істемейді. Наурыз мерекесі күндері 21, 22, 23, 24 наурыз ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні болмайды. 25 наурыз, сәрсенбі күні, …
→Қазақстандағы АХАТ қызметіне 105 жыл: өмірлік оқиғаларды тіркеу қалай цифрландырылды
06.03.2026 жылы Қазақстандағы азаматтық хал актілерін тіркеу қызметіне 105 жыл толады. Бір ғасырдан астам уақыт ішінде өмірлік маңызды оқиғаларды тіркеу жүйесі қағаз кітаптардан цифрлық сервистерге дейін дамыды. Қазақстандағы АХАТ жүйесі елде және ТМД кеңістігінде алғашқылардың бірі болып қызметтерін электрондық форматқа көшіруді бастады. Ғасырдан астам уақытта жинақталған миллиондаған акт жазбасы цифрлық жүйеге енгізіліп, өмірлік маңызды мәліметтер электрондық сервистер арқылы қолжетімді болды. …
→Цифрлық қызмет көрсету: 2025 жылы бейнеқоңырау арқылы 72 мыңнан астам өтініш қабылданды
04.03.2026. Бүгінде «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы көрсетілетін бейнеқоңырау форматында 79 мемлекеттік қызмет қолжетімді. 2025 жылы бұл сервис арқылы 72 мыңнан астам өтініш қабылданғанын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Бейнебайланыс нақты уақыт режимінде жұмыс істейді: оператор бейнеқоңырау арқылы кеңес береді, құжаттарды толтыруға көмектеседі және өтінішті онлайн қабылдайды. Бір бейнеқоңыраудың орташа ұзақтығы 5–15 минутты құрайды, бұл көптеген мәселені жедел шешуге мүмкіндік …
→Енді жерді жалға алу, сату және мақсатын өзгерту онлайн рәсімделеді
27.02.2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда жер қатынастары саласындағы үш қызмет цифрлық форматқа көшті. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, енді жердің нысаналы мақсатын өзгерту, жалдау мерзімін ұзарту және жер учаскесін сатып алу қызметтерін онлайн алуға болады. Цифрлық форматқа көшкен қызметтердің бірі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту. Мәселен, ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жер учаскесін құрылысқа пайдалану үшін оның нысаналы мақсатын …
→Мемлекеттік қызметті жеке менеджер арқылы алу: сервис қалай жұмыс істейді
27.02.2026. 2025 жылы 60 мыңнан астам қазақстандық мемлекеттік қызметтерді жеке менеджер арқылы алуды таңдаған. «Жеке менеджер» қызметі халыққа қызмет көрсету орталықтарында, көшпелі қызмет көрсету форматында да қолжетімді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы. «Жеке менеджер» қызметі барлық ХҚКО-ларда, оның ішінде мамандандырылған орталықтарда көрсетіледі және басымдықпен қызмет алуға мүмкіндік береді. Қызметті пайдалану үшін тіркеу орнына жүгініп, келісімшарт жасау қажет. Осыдан …
→