Абай облысы

Абай облысында Әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді

31.03.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Германияның Инцель қаласында өткен конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті. 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында облыс спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетті. Кездесу барысында аймақ басшысы спортшылар мен олардың жаттықтырушысына алғыс айтып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруға тілектестігін білдірді. Бүгінде мемлекет тарапынан спортты …

Семей қаласының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді үйден ала алады

30.03.2026. Abai.Media. Семей қаласының тұрғындары «Персоналды менеджер» қызметін пайдалана алады. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, үйде немесе кеңседе алуға болады. Бұл туралы Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы хабарлайды. Қызмет көрсетуші маман көрсетілген мекенжайға — үйге немесе кеңсеге, өтініш берушіге ыңғайлы уақытта келеді. Персоналды менеджер құжаттарды қабылдап, кеңес береді және мемлекеттік ақпараттық …

Наурыз мейрамы Абай облысында кең көлемде атап өтіліп жатыр

22.03.2026. Abai.Media. Абай облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілуде. Той-думан тек 22 наурызбен шектелмей, мерекені ұлттық жаңғыру кезеңіне айналдыру мақсатында Мемлекет басшысы бекіткен «Наурызнама» тұжырымдамасына сәйкес Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылды. Бұл күндері өңірде ұлттық салт-дәстүрлеріміз жаңғырып, мәдени, қайырымдылық және ағартушылық іс-шаралар өткізілді. Облыс орталығы – Семей қаласындағы Наурыз мейрамының шаралар легі орталық алаңда театрландырылған қойылымымен …

Семейде дзюдодан «ABAІ OPEN» республикалық турнирі басталды

22.03.2026. Abai.Media. 21-22 наурыз күндері Семей қаласындағы «Арена» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өтетін «ABAІ OPEN» республикалық турниріне еліміздің үш қаласы мен барлық облыстарынан 400-ге жуық спортшы қатысуда. Республиканың әр аймағынан іріктелген балуандар 14 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде белдеседі. Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, ҚР дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. Сайыстың ашылуында сөз сөйлеген …

Абай облысында жасанды интеллектіні дамыту мәселелері талқыланды

16.03.2026. Abai.Media. Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірде жасанды интеллектіні дамыту барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы баяндады. Қазіргі таңда облыста цифрландыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Семей қаласында «Ақылды қала» (Smart City) жобасы аясында жастарды бағдарламалау, робототехника және цифрлық кәсіпкерлікке оқыту жүргізілуде. Денсаулық сақтау саласында «Цифрлық емхана» мен электрондық …

Семейдегі ірі сауда орындары жаңғыртылады

16.03.2026. Abai.Media. Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте Семей қаласындағы ірі сауда орындарын жаңғырту мәселесі қаралды. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбековтың айтуынша, «Сауда қызметін реттеу туралы» заңға және Сауда және интеграция министрлігі бекіткен жол картасына сәйкес Абай облысында үш ірі сауда базарын – «Мереке», «Смокк» және «Ақшың» базарларын кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарланған. Жол картасына сәйкес …

Бюджет қаражатын тиімді игеру мәселесі қаралды

16.03.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында 2025 жылдың бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бағалау қорытындылары, сауда орындарын жаңғырту бойынша жол картасының орындалуы және облыстағы жасанды интеллектіні дамыту мәселелері қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережимде қосылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қаржы басқармасының басшысы Гүлфайруз Серікболова, кәсіпкерлік және …

Курчатов полицейлері боранды күні соқыр ішекпен ауырған жедел баланы облыс орталығына жеткізді

14.03.2026. Abai.Media. 12 наурыз күні Абай облысында қатты боран салдарынан бірқатар автожол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеулер енгізілді. Көріну қашықтығы төмендеп, ауа райының қолайсыздығы қозғалысты айтарлықтай қиындатты. Оқиға Курчатов қаласында болған. Патрульдік полиция қызметкерлеріне баласының жағдайы кенеттен нашарлаған отбасы жүгінеді. Ата-анасының айтуынша, балада соқыр ішек күдігі болып, шұғыл медициналық көмек қажет болған. Көмекке патрульдік полиция қызметкерлері — аға инспектор полиция капитаны …

Семей саперлері жару жұмыстарын орындады

14.03.2026. Abai.Media. Абай гарнизонындағы 54770 әскери бөлімінің инженер-саперлері «Шығыс» оқу орталығында жауынгерлік дайындықтарын пысықтады. Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес әскери қызметшілер жару жұмыстарын орындап, саперлік машықтарын жетілдірді.           Алдымен инженерлік қалашықта жеке құрамға жарылыс жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік талаптары жан-жақты түсіндірілді. Әскери қызметшілерге жарылғыш заттармен жұмыс істеу тәртібі, қауіпсіз арақашықтықты сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы нұсқаулық берілді.           …

14 наурыз – Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

14.03.2026. Abai.Media. 14 наурызда Қазақстанда жерге орналастыру, геодезия және картография күні атап өтіледі. Бұл – жер кадастрын жүргізуді қамтамасыз ететін, геодезиялық деректердің дәлдігін сақтауға және жер ресурстарын ұтымды пайдалануға үлес қосатын мамандардың кәсіби мерекесі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері жер кадастры бағыты бойынша қазақстандықтарға 68 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш …