Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

12.05.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындау және өңірдің қала құрылысы жобаларының әзірлену барысы талқыланды.

Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережим арқылы қосылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша құрылыс басқармасының басшысы Серік Тілемесов пен сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Әнуар Бейсенов баяндады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 337,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, нақты көлем индексі 105,8%-ды құрады. Ал 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында 42,6 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. Қазіргі таңда Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 13 несиелік тұрғын үйдің құрылысы аяқталу сатысында. Сонымен қатар, 342 пәтерлік 4 жаңа тұрғын үйдің құрылысы басталды. Сонымен қатар, Семей қаласында жеке инвесторлар есебінен 18 коммерциялық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 15 тұрғын үйді биыл пайдалануға беру жоспарланған.

Бүгінде облыста 22 әлеуметтік нысанның құрылысы жалғасуда. Оның ішінде білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы маңызды жобалар бар. Атап айтқанда, Абай ауданы Қарашоқы шатқалындағы балалар лагері, Семей қаласындағы №4 және №30 мектептерге жапсаржай құрылысы, Үржар ауданындағы коронарлық араласу орталығы, Аягөз аудандық ауруханасы жанындағы МРТ ғимараты, Курчатов қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Бесқарағай ауданындағы жүзу бассейні, сондай-ақ, бірқатар мәдениет үйлері мен әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес биыл жоғары дайындық деңгейіндегі әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, облыста жобалау жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Абай облысы құрылғаннан бері 141 жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, оның 68 жобасы іске асырылды.

Президенттің бастамасымен қолға алынған «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында маңызды жобалар қолға алынуда. Қазіргі таңда мәдени, спорттық және әлеуметтік бағыттағы 12 ірі жоба әзірленуде.

Аймақ басшысы құрылыс басқармасына «Абайға құрмет» акциясы аясындағы жобаларды сапалы әрі уақтылы іске асыруды, мерзімі созылған нысандар бойынша бақылауды күшейтуді және тұрғын үй мен құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша жылдық жоспардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Өңірдің тұрақты дамуы үшін тұрғын үймен қатар әлеуметтік нысандардың құрылысын күшейту маңызды екені сөзсіз. Қазіргі таңда Абай облысында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және аймақтың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар құрылыс жобалары жүзеге асырылып жатыр. Біздің негізгі міндетіміз, ұстанымымыз – қағаз жүзіндегі есеп емес, сапалы әрі нақты орындалған жұмыс. Яғни, нәтиже күтеміз. Құрылыс нормаларының сақталуы, атқарылатын жұмыстардың сапасы, кемшіліктерді дер кезінде түзету, сондай-ақ, рұқсат беру және жобалық құжаттаманы заң талаптарына сай жүргізу басты назарда болуы тиіс, – деді Берік Уәли.

Жиында Семей, Аягөз, Курчатов және Шар қалалары, Алакөл жағалауы мен Бақты ауылының бас жоспарына түзету енгізу жұмыстары туралы ақпарат берілді. Облыс әкімі қала құрылысы құжаттамасы өңірді дамытудың негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өтіп, бас жоспар елді мекендерді кешенді дамытуға, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды ұтымды орналастыруға, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы мен инвестициялық бастамаларды тиімді іске асыруға мүмкіндік беретінін айтты. Құжаттамаларды уақтылы және сапалы әзірлеу жоспарланған жобалардың нәтижелі орындалуына, құрылыс саласындағы жұмыстардың үйлесімді жүргізілуіне және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға тікелей ықпал ететініне тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Check Also

В области Абай активно ведется строительство жилья и социальных объектов

12.05.2026. Abai.Media. Сегодня под председательством акима области Берика Уали состоялось расширенное аппаратное совещание. В ходе …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *