Таза Қазақстан – таза сана: Абай облысында қоғамдық қор жастары мен бірлескен сенбілік өтті

04.05.2026. Abai.Media. Абай облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы «СОЦ КZ» қоғамдық қорының белсенді жастарымен бірлесіп, өңірде кең ауқымды сенбілік ұйымдастырды. Іс-шара қоғамдық орындарды тазалау, қоқыс қалдықтарын жинау, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүзеге асырылды.

Сенбіліктің негізгі мақсаты – жастардың белсенділігін арттыру, қоғамдық жауапкершілікке шақыру және тұрғындар арасында тазалықты сақтау мен салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шара барысында қатысушылар қалалық саябақтарды, алаңдарды және көшелерді жинап, қоқыс қалдықтарын сұрыптап, қайта өңдеуге дайындады.

Абай облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері:

Біздің басты мақсатымыз – қоғамда жауапкершілік пен тазалық мәдениетін қалыптастыру. Мұндай бірлескен іс-шаралар жастардың белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың қоғамға деген сүйіспеншілігін күшейтеді

деп ойларымен бөлісуде.

Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы мен «СОЦ КZ» қоғамдық қорының жастар қозғалысы ынтымақтастықтың тиімді үлгісін көрсетті. Сенбілік нәтижесінде өңірдегі қоғамдық орындар айтарлықтай тазартылып, тұрғындардың экологиялық сана-сезімі артты.

Abai.Media

Check Also

Сотрудники учреждения минимальной безопасности ДУИС по области Абай организовали показ казахстанского фильма «Алдар» для осуждённых

04.05.2026. Abai.Media. Сотрудники учреждения минимальной безопасности ДУИС по области Абай организовали для осуждённых показ казахстанского …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *