Семейде интернационалист-жауынгерлерді еске алды

05.05.2026. Abai.Media. Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 81 жылдығы аясында Семей қаласында ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды.

Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерді еске алуға арналған салтанатты шараға интернационалист ардагерлермен қатар әскери қызметшілер, облыстық, қалалық әкімдіктің өкілдері, «Жас ұлан» ерлер лицейінің оқушылары қатысты.

Ескерткішке марқұм жауынгерлердің қаруластары, туған-туыстары, сондай-ақ қала тұрғындары гүл шоқтарын қойды.

Ержүрек жауынгерлердің есімі ел жадында мәңгі сақталады. Ер есімі – ел есінде!

Abai.Media

Check Also

В Семее завершился международный турнир по греко-римской борьбе памяти Жаксылыка Ушкемпирова

06.05.2026. Abai.Media. Сегодня в спортивном комплексе «Арена» города Семей завершился международный турнир по греко-римской борьбе …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *