Абай облысы

Жаңа форматта әскери қызмет етуге ниеттілерді қабылдау басталды

27.11.2025. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында үш жылға келісімшартпен еріктілерді резервке қабылдау жүріп жатыр. Резервке іріктеу жұмысы 2025 жылдың 18 наурызындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес басталды. Резервтегі қызметке 18 бен 57 жас аралығындағы жұмыс істейтін де, жұмыссыз да азаматтар қабылданады. Резервтегі қызметке ерікті келетін адам Қазақстан Республикасының азаматы болуы, қажетті моральдық және кәсіби қасиеттері …

ХҚКО-ның 20 жылдығына арналған халықаралық конференция: мемлекеттік қызметтердің сапасы – эволюция және жаңа мүмкіндіктер

24.11.2025. 20 қарашада Тараз қаласында «Мемлекеттік қызметтердің сапасы: 20 жылдық эволюция және жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының М.Х. Дулати атындағы Тараз университетімен және Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабымен бірлесіп ұйымдастырған алғашқы ғылыми-тәжірибелік форматтағы шара. Конференция Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдық мерейтойына орай өткізілді. Жиынға орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың өкілдері, …

Семейде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығы аталып өтті

21.11.2025. Семей қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) 20 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Оған орталықтың қызметкерлері мен ардагерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшылары және жергілікті билік өкілдері қатысты. Шара қонақтарының қатарында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Шоқан Әбділманов болды. Жиын барысында екі онжылдықта атқарылған ауқымды өзгерістер атап өтілді. Қағаз құжаттардан – заманауи цифрлық сервистерге көшу, …

Деніңіз сау болса да, емханаға не үшін бару керек?

18.11.2025. Кейбір азаматтар қандай медициналық қызметтерді тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында алуға болатынын білмейді. Ал емханаға тіркелу арқылы көптеген медициналық қызметті алып, қаражатты үнемдеуге болады. Осы жайлы толығырақ қарастырайық. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында емханаңызды білудің қаншалықты маңызды әрі тиімді екенін тағы бір мәрте еске салады. Азаматтардан келіп түсетін өтініштердің басым бөлігіне зер …

Абай облысында 2025 жылы нәрестелерге ең көп қойылған есімдер аталды

14.11.2025. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысы бойынша филиалы 2025 жылдың ең танымал есімдерін жариялады. Биылғы жылдың он айының қорытындысы бойынша облыс тұрғындары сәбилеріне көбіне Абай, Ислам, Әмина және Жасмин есімдерін берген. Аталған кезеңде өңірде 6000-нан астам бала дүниеге келген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі мыңға артық. Қыз балалар арасында ең танымал есімдер – Алина мен Жасмин болса, …

Абай облысында алғаш рет жүрек ісігін алып тастау бойынша операция жасалды: көмек МӘМС жүйесі аясында тегін көрсетілді

13.11.2025. Абай облысында алғаш рет Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасында жүрек миксомасын — жүрек қызметін кенеттен тоқтатуға әкелуі мүмкін сирек кездесетін қатерсіз ісікті алып тастау бойынша күрделі операция сәтті өткізілді. Кардиохирург-дәрігерлер операцияны табысты орындап, 54 жастағы пациент қазір сауығып келеді және өз өмірін сақтап қалған медицина ұжымына алғысын білдіруде. Кардиохирург Дос Амановтың айтуынша, пациент шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген: Әйел …

Емханаға жүгінгенде нені ескерген жөн?

13.11.2025. «Мен емханаға бармаймын және МӘМС-ті пайдаланбаймын», «Учаскемді де, дәрігерімді де білмеймін, олар мені іздемейді де». Өкінішке орай кейбір азаматтардан осындай пікірлерді естіп жатамыз. Енді біреулер тегін медициналық көмекті алу қиын, оған көп уақыт пен күш кетеді деп есептейді. Осыған орай, емханаға не үшін бару керек және МӘМС жүйесінің мүмкіндіктерін қалай пайдалануға болатынын зерттеп көрдік. Емханада тіркелген азаматтарға алғашқы медициналық-санитарлық …

Мемлекеттік корпорациядағы цифрлық шешімдер: қағаз құжаттардан – заманауи қызмет көрсету жүйесіне дейін

11.11.2025. Мемлекеттік корпорация азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында цифрлық шешімдерді жүйелі түрде енгізіп келеді. Бүгінде бұл құралдар күнделікті жұмыс тәжірибесіне еніп, қызмет көрсетудің заманауи жүйесінің тұрақты бөлігіне айналды. Цифрлық сервистерді дамыту аясында Мемлекеттік корпорация жасанды интеллект технологияларын да енгізуде. 2025 жылдың мамыр айынан бастап 1414 Бірыңғай байланыс орталығында генеративті жасанды интеллект негізіндегі дауыс …

Семейдегі жас сарбаздар қатары толды

10.11.2025. Семей қаласындағы №49 жалпы орта білім беретін мектепте жаңа оқу жылынан бастап алғаш рет орыс тілінде «Жас сарбаз» сыныбы ашылған болатын.  Оған 7-ші сынып оқушылары қабылданып, әскери іске қызығатын ұл-қыздарбелсенді түрде оқып, саптық дайындықты, оқу-жаттығудың ерекшеліктерін, әскери шендерін меңгеріп, қаруды құрастыру мен бөлшектеуді үйрене бастады. Күні кеше жас курсанттар әскери ант қабылдады. Ант қабылдау кезінде оқушылар дене жаттығулары мен …

Бородулиха ауданында кірпіш зауыты іске қосылды

07.11.2025. Бородулиха ауданының Новопокровка ауылында орналасқан жаңа өндіріс орнының ашылу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли қатысты. Кәсіпорын өңірдегі құрылыс компаниялары мен жергілікті тұрғындарды сапалы, экологиялық таза және бәсекеге қабілетті отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаның жалпы құны – 2 млрд теңге. Зауыттың жылдық қуаттылығы – 6 миллион дана керамикалық кірпіш. Аймақ басшысы зауыттың ашылуы облыс экономикасына тың серпін беретінін …