19.08.2025. Инна Ашимова үшін әдеттегі күн ауыр сынаққа айналды. Үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде қатты дауыл басталып, көшеде тұрған шкаф әйелдің үстіне құлады. Инна былай еске алады: Дауыл салдарынан шкаф тікелей менің аяғымның үстіне құлады. Бородулиха аудандық ауруханасында алғашқы көмек көрсетіліп, мені Семей қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жіберді. Мұнда мені жедел қарсы алып, қосымша тексерулер жүргізді және мені …
→Абай облысы
Бородулиха ауданында жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
15.08.2025. Биыл Бородулиха ауданында көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша кешенді бағдарлама жүзеге асырылуда. Оның барысында республикалық, облыстық, аудандық және ауыл көшелерінің жолдары орташа жөнделу үстінде. Республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автожолының 19–46 шақырымында ресайклинг әдісімен жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, облыстық деңгейде «Бородулиха – Жезкент» (0–12 км) және «Дмитриевка – Бородулиха – облыс шекарасы» (29–33 км, 63–67 км) учаскелері …
→Мақсат – дәлдік пен жылдамдықты дамыту
05.08.2025. Абай гарнизонының «Шығыс» түраралық оқу-жаттығу полигонында мергендер сайысына қызу дайындық жүргізілуде. Оған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерден іріктеліп келген сұрмергендер қатысуда. Ал бұл жиыннан іріктелген он мерген Ә.Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай өтетін мергендер сайысына қатыспақ. Аталған байрықты бәсеке ҚР Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері арасында тамыз айының соңына қарай ұйымдастырылады. Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына орай өтетін мергендер сайысы …
→“Семей Батыры” турнирі өтті
05.08.2025. Ертіс жағалауында «Семей батыры» атты күштік экстрим бойынша ашық турнир ұйымдастырылды. Биылғы жарыстың ерекшелігі – оған еліміздің барлық облыстарынан спортшылар қатысып, өз бақтарын сынады. — Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Қатысушылар 70 келілік ауыр қапты көтеріп жүру, зерхерді барынша ұзақ ұстау, 32 келі тартатын гір тасын жұлқа көтеру, мойнына 50 келі бөрене қойып отырып-тұру сияқты күрделі сынақтардан өтпек. Сонымен қатар, …
→Облыс әкімі өңірдегі интернет сапасын жақсартуды тапсырды
04.08.2025. Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте интернетке қолжетімділікті жақсарту мәселелері қаралды. Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлының мәліметінше, облыстағы 252 ауыл, яғни 77%-ы сымды және мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. Өңірдегі 93 елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желісі бар. 233 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту қажет. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Қазақстан Республикасы бойынша 2991 ауылдық елді …
→Алакөлдің инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасады
04.08.2025. Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жазғы маусымға демалыс орындарының дайындығына және «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру барысына қатысты берген тапсырмалардың орындалуы, интернетке қолжетімділікті жақсарту мәселелері қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері, аудан және қала әкімдері бейнережимде қатысты. Алакөл жағалауында атқарылған жұмыстар туралы туризм басқармасының басшысы уақытша …
→Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында этноауыл ашылды
01.08.2025. Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар аясында Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында этноауыл ашылды. Этноауыл аумағында 10-нан астам киіз үй тігіліп, әр үйдің маңында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын дәріптейтін қойылымдар ұсынылуда. Келушілер үш алтыбақан жанында көңіл көтеріп, ұлттық тағамдардан дәм татып, түрлі көрмелер мен концерттік бағдарламаларды тамашалай алады. Мұнда қазақ халқының әдеп-ғұрыптарымен қатар, өзге этностардың да мәдениеті, …
→«Abai akademiasy» энциклопедиялық порталы ашылды
01.08.2025. Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар басталды. Бүгін Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Ес-Аймақ» рухани орталығында «Abai akademiasy» атты энциклопедиялық порталдың тұсаукесері өтті. Абай шығармашылығына арналған тұңғыш энциклопедиялық порталдың таныстырылымына облыс әкімі Берік Уәли, зиялы қауым өкілдері, абайтанушы ғалымдар қатысты. «Abai akademiasy» жобасының жетекшісі Айжан Тәбаракқызы жиналғандарға порталды таныстырды. «Abai akademiyasy» порталы – Абай …
→Облыс әкімі Жаңасемей ауданының жаңа әкімін таныстырды
01.08.2025. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңына сәйкес 2025 жылдың 31 шілдесінен бастап Нұржан Оразбекұлы Әбдікәрімов Жаңасемей ауданының әкімі болып сайланды. Облыс әкімі Берік Уәли бүгін оны аудан активіне таныстырды. 2022 жылы елімізде пилоттық режимде 45 қала және аудан әкімдері сайланған болатын, оның ішінде Абай облысының Курчатов қаласы мен Абай ауданы болды.Биылғы жылдан бастап Сайлау туралы заңға сәйкес облыстық маңызы бар …
→Абай облысының студенті грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
01.08.2025. 2025 жылғы 28 шілде мен 3 тамыз аралығында Грекияның Афина қаласында грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде Семей қаласындағы Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжінің 2-курс студенті Нұрдәулет Құмарұлы 48 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болып, «Спорт шебері» атағын иеленді. Чемпионатқа 18 елден 18 спортшы қатысты. Жас балуан бұған дейін де бірнеше …
→