Абай облысы

Шетелдік БАҚ Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәжірибесімен танысты

06.10.2025. Digital Bridge 2025 халықаралық IT-форумы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы алыс-жақын шетелдік журналистер үшін пресс-тур ұйымдастырды. Астаналық халыққа қызмет көрсету орталығында қонақтар мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы Қазақстан тәжірибесін зерттеп, енгізіліп жатқан цифрлық шешімдерді бағалады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында қонақтарға қызмет көрсету бөлімінің жұмысы туралы жан-жақты ақпарат беріліп, қызмет көрсетуде қолданылып жатқан заманауи шешімдер  таныстырылды. Журналистерге «ЦОН» мобильді …

Аягөз ауданында 10 төсектік реанимация бөлімшесі салынды

03.10.2025. Облыс әкімі Берік Уәли Аягөз қаласындағы орталық аудандық аурухана жанынан салынған реанимациялық бөлімшенің құрылысымен танысты. Аудандық аурухана 1976 жылы пайдалануға берілген. Медициналық нысан 220 төсек-орындық стационарымен және ауданға қарасты емдеу мекемелерімен халыққа қызмет көрсетіп отыр. Мұнда 800-ге жуық адам жұмыс істейді. 50 мыңға тарта тұрғын тіркелген. 10 төсекке арналған жаңа реанимациялық бөлімшенің құрылысы 2024 жылы басталған. Ғимарат «Ауылдық денсаулық …

Облыс әкімі Аягөз қаласындағы қазандықтардың жылу маусымына дайындығын тексерді

03.10.2025. Аймақ басшысы аудан орталығындағы «Орталық» қазандығында жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жылу қазандығы қаладағы 64 көп қабатты тұрғын үйді, 2 әлеуметтік нысанды, 5 бюджеттік ұйым мен 183 коммерциялық кәсіпорынды жылумен қамтамасыз етеді. Жалпы абоненттер саны – 1678. Биыл Аягөз қаласындағы ең үлкен жылу беру нысанындағы үш негізгі агрегатты жаңартып, қуаттылығын ұлғайтуға көңіл бөлінді. №3 қазандықтағы күрделі жөндеу толық аяқталды. …

Аягөз қаласындағы 600 орындық мектеп ІІ тоқсанда ашылады

03.10.2025. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына барып, аудан орталығындағы бірнеше нысанды аралады. Аймақ басшысы әуелі Аягөз қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық мектепке барды. Білім ордасы ІІ тоқсанда пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Үш қабатты жаңа мектепте заман талабына сай 35 пәндік кабинет, зертханалар, 256 орындық асхана, 150 орындық акт залы, екі спорт залы, …

ШҚО-да офицер-тәрбиешілердің оқу-әдістемелік жиыны өтті

30.09.2025. Өскеменде Шығыс өңірлік қолбасшылығының тәрбиешілері үшін маңызды оқиға – Ұлттық ұлан офицер-тәрбиешілерінің оқу-әдістемелік жиыны ұйымдастырылды. Үш күнге созылған басқосуға Павлодар, Курчатов және Семей қалаларынан келген 18-ден астам офицер жиналды. Олар үшін бұл жиын тек дәрістер мен жаттығулар ғана емес, тәжірибе алмасу, жаңа идея іздеу және кәсіби шеберлікті шыңдау алаңы болды. Бағдарлама аясында практикалық сабақтар, дене дайындығы мен арнайы пәндер …

Мемлекеттік корпорация құжаттарды жеткізу қызметін енгізді

30.09.2025. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарында дайын құжаттарды қажетті мекенжайға дейін жеткізу қызметін енгізді. Жаңа қызмет «Халыққа қызмет көрсету бөлімінің менеджері» пилоттық жобасы аясында іске қосылып, қазір Мемлекеттік корпорация фронт-офистерінде қолжетімді. Енді халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызметке өтініш берген азаматқа құжат дайын болған соң оны қажетті мекенжайға дейін жеткізу қызметі ұсынылады. Ол үшін бөлімшеде жеткізуге …

Абай облысында интернет-дүкен арқылы тапсырыс берілген, үлгіге сәйкес келмейтін тауарды берген жеке кәсіпкерге айыппұл салынды

25.09.2025. Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушы ретінде құқықтары бұзылған Алматы қаласының тұрғынынан шағым келіп түсті. Өтініш иесінің айтуынша, интернет-дүкен арқылы тапсырыс берген тауары ұсынылған үлгіге сәйкес келмеген. Бұдан бөлек, сатып алушының тауарды қайтару туралы өтініші де сатушы тарапынан қанағаттандырылмаған. Осы жағдайға байланысты, Департамент мамандары тексеру жүргізді. Тексеру барысында кәсіпкерге Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы …

«Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында әуе рейсі ашылды

24.09.2025. Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын әуе рейстерінің саны артып келеді. 23 қыркүйектен бастап «Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында сыйымдылығы 50 орындық «Bombardier CRJ200» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастады. Субсидияланған рейсті «SCAT» әуе компаниясы жүзеге асырады. Жолаушылар аптасына 2 рет – сейсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын болады. Билет бағасы – 15 000 теңге. Жаңа бағыттың ашылуы тұрғындарға қолайлы әрі қолжетімді …

Цифровая трансформация в здравоохранении

24.09.2025. Президент Касым-Жомарт Токаев в Послании «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные задачи и их решения через цифровую трансформацию» поручил внедрить систему контроля качества и доступности медицинских услуг с использованием технологий искусственного интеллекта. О том, как это реализуется в области Абай, рассказала директор филиала Фонда социального медицинского страхования Ельмира Рахимбаева. Новая система контроляПо словам Ельмиры Рахимбаевой, на базе Единой системы …

Абай облысының кітапханашысы «Жыл кітапханашысы» атанды

24.09.2025. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Аязбаева Қазақстан кітапханалары Одағының шешімімен «Жыл кітапханашысы – 2025» номинациясына ие болды. Марапат Шымкент қаласында өткен «Қазақстан кітапханалары: кітап оқу мәдениеті, жасанды интеллект және цифрландыру» тақырыбындағы көшпелі отырыс аясында салтанатты түрде табысталды. Отырыста Гүлмира Мұратқызы «Жергілікті қаламгерлер шығармашылығы – кітапханалар қорын толықтыру көзі ретінде» тақырыбында баяндама жасап, Абай кітапханасының іс-тәжірибесімен бөлісті. …