Абай облысы

Курчатов қаласында электрондық кезекке талондарды алдын ала брондау бойынша пилоттық жоба іске қосылады

23.02.2026. Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалы электрондық кезекке талондарды алдын ала брондау бойынша пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы хабарлайды. Жоба 2026 жылғы 20 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі. Жоба Абай облысы Курчатов қаласының халыққа қызмет көрсету бөлімінде жүзеге асырылады. Пилоттық жоба 20 ақпаннан басталып, үш ай бойы жалғасады. Жаңа сервис азаматтарға келу күнін және уақытын алдын ала …

Құқықтық сауаттылық – тәртіп кепілі

19.02.2026. Абай гарнизонына қарасты 44793 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті арттыру және отбасылық жанжалдардың алдын алу мақсатында түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараға Әуезов полиция бөлімі қызметкерлері — полиция майоры Қуаныш Төлеу және полиция аға лейтенанты Бауыржан Молгаждаров қатысып, жеке құраммен профилактикалық әңгіме жүргізді. Кездесу барысында әскери қызметшілерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, кешкі уақыттағы тыныштықты сақтау талаптары, сондай-ақ интернет алаяқтарынан …

Дайын құжаттарды ХҚКО-дан тәулік бойы алуға болады: постаматтар қалай жұмыс істейді?

18.02.2026. ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл мүмкіндікті тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейтін құжат беруге арналған автоматтандырылған постаматтар қамтамасыз етеді. Постамат қызмет алушыға дайын құжатты жеке ұяшық арқылы өз бетінше алып кетуге мүмкіндік береді. Құжат дайын болған кезде азаматтың телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіліп, онда ұяшықты …

Сарбаздар үшін шығармашылық демалыс күні

17.02.2026. Жексенбі күні сарбаздардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінің мәдени орталығында әскери-патриоттық орталығы өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті. Кеш барысында өнерпаздар патриоттық және лирикалық әндерді орындап, әсерлі билерін көпшілікке ұсынды. Мазмұнды концерт мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің көңіл күйін көтеріп, рухани серпіліс сыйлады. Әсіресе Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін әндер сарбаздарға ерекше әсер қалдырды. Шара соңында әскери …

Сарбаздар Курчатовта ант қабылдады

09.02.2026. Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан шақырылған жас сарбаздар Ұлттық ұланның Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінде әскери ант қабылдады. Салтанатты шараға әскери бөлім басшылығы мен ардагерлері, сарбаздар ата-аналары, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Әскери ант қабылдағандар қатарында өткен жылы орын алған төтенше жағдай кезінде адам өмірін құтқарып, ерекше батылдық танытқан қатардағы жауынгер Диас Тәңірбергенов те бар. Оның қайсарлығы мен жанқиярлығы …

«ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады

06.02.2026. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа цифрлық қызмет іске қосылғанын хабарлады. Енді қазақстандықтар автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірді онлайн таңдап, тапсырыс бере алады. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің түрлері кеңейді. Азаматтардың «әдемі» нөмірлерге деген қызығушылығының артуына және көлік тіркеу барысында нөмірлік белгіні таңдауға деген қажеттіліктердің туындауына байланысты …

Мемлекеттік қызметтердегі цифрлық серпіліс: бір жылда қазақстандықтар өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы шамамен 15 млн қызмет алды

05.02.2026. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан тұрғындары мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта өз бетінше алу мүмкіндігін белсенді пайдаланып келеді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Талдау нәтижесіне сәйкес, өзіне-өзі қызмет көрсету секторындағы өтініштер саны бір жыл ішінде 6,6 млн-нан астамға өсіп, шамамен 14,8 млн-ға жеткен. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 8,2 млн болған. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы …

Абай облысында автокөлік иелері көлікті сатқанда мемлекеттік нөмірлерін жиі сақтап қалуда

03.02.2026. Абай облысының тұрғындары автокөлігін ауыстырған кезде үйреншікті мемлекеттік тіркеу нөмірінен бас тартпай, оны өзінде қалдыру мүмкіндігіне ие. Мемлекеттік тіркеу нөмірін сақтау қызметі өңірдегі мамандандырылған ХҚКО-ларда қолжетімді және тұрақты сұранысқа ие. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысы бойынша филиалы хабарлайды. Көлікті есептен шығару кезінде мемлекеттік нөмір белгілері міндетті түрде мамандандырылған ХҚКО қызметкерлеріне тапсырылады. Алайда көлік иесі нөмір …

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: consot_kz constcouncil.kz  Конституциялық реформа 2026  Jibek Joly 24KZ  телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Тікелей эфир сағат 14:00-де басталады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады

19.12.2025. Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және бас директоры Хироши Микитанимен кездесті. Мемлекет басшысы Rakuten тобының әлемдегі ең озық жаһандық цифрлық экожүйе қалыптастыруда қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, технологиялық даму мен цифрлық трансформацияның жаңа кезеңіне қадам басқан Қазақстан компания тәжірибесіне зор қызығушылық танытады. Президент елімізде алғаш рет жасанды интеллект …