Құқықтық сауаттылық – тәртіп кепілі

19.02.2026. Абай гарнизонына қарасты 44793 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті арттыру және отбасылық жанжалдардың алдын алу мақсатында түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға Әуезов полиция бөлімі қызметкерлері — полиция майоры Қуаныш Төлеу және полиция аға лейтенанты Бауыржан Молгаждаров қатысып, жеке құраммен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Кездесу барысында әскери қызметшілерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, кешкі уақыттағы тыныштықты сақтау талаптары, сондай-ақ интернет алаяқтарынан сақтану жолдары түсіндірілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері нақты мысалдар келтіріп, заң талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.

Басқосу соңында әскери қызметшілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды. Мұндай кездесулер құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Check Also

Абай гарнизонында базалық дайындық сабақтары өтуде

08.06.2026. Abai.Media. Абай гарнизонының әскери бөлімдерінде жазғы оқу кезеңі басталар алдындағы базалық дайындық сабақтары жүргізілуде. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *