23.04.2025. Алғаш рет Аягөз қаласында, Абай облысы ДСБ «Аягөз ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да білек сүйектерін остеосинтездеу бойынша жоғары технологиялық операция сәтті жүргізілді, деп хабарлайды Abai.Media. 59 жастағы науқас баспалдақтан құлағаннан кейін сол жақ білектің қатты ауырғанына шағымданып, шұғыл түрде келіп түсті. Дәрігерлер сәуле сүйегінің ортаңғы үштен бірінің және шынтақ сүйегінің төменгі үштен бірінің жабық ығысқан сынығын анықтады. …
→Абай облысы
Алакөл жағалауын дамыту мәселелері талқыланды
23.4.2025. Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Алакөл көлінің туристік әлеуетін арттыру бойынша кеңес өтті. Жиында туристік маусымға дайындық және көл жағалауының инфрақұрылымын жақсарту мәселелері талқыланды. Кеңесте облыстық Туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Қабақов пен Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин баяндама жасады. Қазіргі таңда Алакөлде 211 демалыс базасы бар. Жалпы сыйымдылығы – 15 мың адам. Жағалауда 50-ден астам қоғамдық …
→Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
23.04.2025. Абай облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері және облыстың квазимемлекеттік секторындағы комплаенс қызметтердің жәй-күйі талқыланды. Қазіргі таңда Абай облысында өңір тұрғындары мен қонақтары арасында үлкен сұранысқа ие 3 туристік нысан бар. Олар — Алакөл жағалауы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» …
→Семейде бітімгерлердің соңғы легін қарсы алды
23.04.2025. Семей халқы Голан жоталарында қызмет атқарған әскери қызметшілердің соңғы легін қарсы алды. БҰҰ миссиясы аясында мінсіз қызмет атқарған жауынгерлерді қарсы алуға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Мараловта қатысты. Бұл күні халықаралық «Абай» әуежайына жиналған әскерилер мен бітімгерлердің отбасы мүшелерінің қуанышында шек жоқ. Олардың оралу құрметіне халық әндері шырқалып, қымыз бен бауырсақ ұсынылды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы …
→Облыс әкімі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымымен кездесті
23.04.2025. Облыс әкімі Берік Уәли «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаевамен кездесті. Кездесу барысында қор тарапынан 3 жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асқан қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларының нәтижелері туралы айтылды. Ұсыныстар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Қор құрылғалы Абай облысында денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу мақсатында 10 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Өңірдегі 7 мектептің …
→Облыс әкімі Қытай инвесторларымен кездесті
22.04.2025. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли шет елдік инвесторлармен кездесті.Қытайдың «Zhongcai Financial Holdings Investment Co» инвестициялық компаниясы өкілдері аймақ басшысына жобаларын таныстырды. Олар Мақаншы ауданындағы Бақты ауылы маңында бірнеше ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Соның бірі — халықаралық логистикалық парк. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін, ауыр жүк көліктерін құрастыратын және ұшқышсыз ұшу аппараттарын жасайтын әрі сақтайтын өндіріс орындары орналасатын …
→Облыс әкімі ауылдарда салынған медициналық нысандардың сапасын сынға алды
21.04.2025. Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті. Қала және аудан әкімдері бейне режимде қатысқан отырыста Абай облысының 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және бюджет қаражатын игеру, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы талқыланды. Жиында Денсаулық сақтау және Құрылыс басқармаларының басшылары баяндама жасады. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабековтің мәліметінше, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» …
→Бесқарағай ауданында жолдар жөнделіп жатыр
21.04.2025. Бесқарағай ауданында облыстық маңызы бар жолдар жөнделіп жатыр. Қазіргі уақытта Малая-Владимировка мен Қарағайлы ауылдарын жалғайтын 13 шақырым жолға асфальт төсеу басталды. Жақында аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев пен аудандық мәслихаттың төрайымы Мейрамгүл Абылғазинова жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскеге барып, атқарылып жатқан істің барысымен танысты. Мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, жұмыстың кестеге сай жүруі мен сапа стандарттарына сәйкес болуын бақылауға алды. Сондай-ақ, …
→Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджетті игеру мәселелері талқыланды
21.04.2025. Аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық жиында Абай облысының 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және бюджет қаражатын игеру мәселелері қаралды. Отырыста Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы басқармаларының басшылары баяндама жасады. Жиында өңірдің тау-кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, инвестиция тарту, көлік қызметтері, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларында, тұрғын үйді пайдалануға беруде көрсеткіштердің төмендегені атап өтілді. Инвестиция көлемі бойынша Семей қаласы мен …
→Семейде сарбаздарды шығарып салды
21.04.2025. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 30217 әскери бөлімінде әскери міндетін өтеген 138 сарбаз үйлеріне аттанды. Еліміздің әр өңірінен шықырылған жауынгерлер Отан алдындағы борышын абыроймен өткеріп шықты. Оларды әскери бөлім басшылығы салтанатты түрде шығарып салды. Бөгенбай батыр атындағы механикаландырылған бригада сапында мерзімді әскери қызметін аяқтаған сарбаздарды шығарып салу ерекше сән салтанатымен өткізілді. Саптық алаңда сарбаздар әскери бөлім ұжымымен қоштасып, аман-есен үйлеріне …
→