28.03.2025. Аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен облыс әкімдігінің отырысы өтті. Жиынға қала-аудан әкімдері, басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Отырыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу, халықты ауыз сумен қамту, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы, облыста мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда өңірде 19 әлеуметтік маңызы …
→Абай облысы
Абай облысында инженерлік желілердегі апаттар азайды
28.03.2025. Абай облысында апаттық қызметтердің жедел жұмысы мен коммуналдық кәсіпорындардың үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде биылғы жылыту маусымы айтарлықтай іркілістерсіз өтуде. Инженерлік желілердегі технологиялық ақаулар саны едәуір қысқарды, ал көмірмен қамтамасыз ету тұрақты деңгейде сақталуда. Бұл туралы Абай облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырханов баяндады. – Жылыту маусымы басталғаннан бері өңірде жылумен қамтамасыз ету желілерінде 133 технологиялық ақау …
→Абай облысында ЖЭО-3 құрылысына дайындық жүргізіліп, газдандыру жоспары талқылануда
28.03.2025. Өңірде жаңа жылу электр орталығын салуға дайындық жұмыстары аяқталуға таяу. Сондай-ақ, елді мекендерді табиғи газға қосу перспективалары қарастырылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырханов мәлімдеді. Бүгінде мамандар ЖЭО-3 құрылысын жүргізу бойынша техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеуді аяқтады. Одан кейін құжаттар мемлекеттік сараптамаға жіберіледі. Сонымен қатар жобалау-сметалық …
→Үкіметте Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының экономикалық дамуы, IT-саланың өсу әлеуеті қаралды
28.03.2025. Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы өтті. Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының экономикалық даму мәселелері, сондай-ақ IT-саланың өсу әлеуеті қаралды. Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің экономикалық өсуінің негізгі көрсеткіштері туралы хабарлады. Биылғы 2 айда ауыл шаруашылығында (102,3%), құрылыста (112,7%), ішкі саудада (109,5%), көлік саласында (107,1%), байланыста …
→Приречный ауылында 60 орындық жаңа балабақша ашылды
27.03.2025. Жаңасемей ауданының Приречный ауылында 60 орынға арналған жаңа балабақша ашылды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі заманауи талаптарға сай жабдықталып, қауіпсіздік шаралары толық қамтамасыз етілген. Балалардың жан-жақты дамуына арналған оқу бағдарламалары мен ойын алаңдары қарастырылған. Балабақшада тәрбие беру және оқыту процесін білікті мамандар жүргізеді. Ашылу рәсіміне аудан әкімі Алмас Тәнібекұлы, ата-аналар және ауыл тұрғындары қатысты. Жаңа мекеменің іске қосылуы мектепке …
→Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
26.03.2025. Абай облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның биылғы алғашқы жоспарлы отырысы болды. Аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында «Ұзақ құрылыстарды сүйемелдеу жоспарын іске асыру барысы» талқыланды, деп хабарлайды Abai.Media. Қазіргі таңда облыс аумағында 26 проблемалық құрылыс нысаны бар. Оның 23-інің тапсырыс берушісі — жергілікті атқарушы органдар. Отырыста жоғарыда аталған құрылыс нысандары бойынша облыстық құрылыс, …
→Облыс әкімі су тасқыны кезеңіне дайындықты күшейтуді тапсырды
20.03.2025. Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті. Қала және аудан әкімдері бейне режимде қатысқан жиында көктемгі су тасқыны және өрт кезеңіне дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды Abai.Media. Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазгидрометтің» Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша филиалы, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы жетекшілері аймақ …
→Ентігу мен әлсіздіксіз өмір: жүрек қақпақшаларын ауыстырудың сәтті операциясы
17.03.2025. 72 жастағы Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының пациенттерінің бірі зардап шеккен клапандарды сәтті ауыстырды. Операцияға дейін ол ентігуден, қысымның жоғарылауынан және әлсіздіктен зардап шекті. Тексеру жүрек қақпақшаларында елеулі өзгерістерді анықтады-уақтылы емделусіз мұндай науқастар 5 жылдан аз өмір сүреді. Нәтижесінде аорта және митральды қақпақшаларды биологиялық протездермен протездеу операциясы жасалды дейді Дос Аманов, ЖМЖА кардиохирургиялық қызметінің жетекшісі. Аорта мен митральды …
→Елімізге танымал «Патруль» сериалының басты актері Ұлттық ұлан сапына қосылды
17.03.2025. Елімізге танымал отандық «Патруль» сериалында басты рөлді сомдаған актерлардың бірі Білімжан Тұрсынов Ұлттық ұлан сапына қосылды. Ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын атқаруда. Көптің көзайымына айналған телехикаяда полиция қызметкерінің рөлін сомдаған өнерпаз көрермен көңілінен шыға білді. Жетінші маусымын Семей қаласында түсірген атышулы сериалдың белді актеріне отандық режиссерлер киноға түсуге ұсыныс тастапты. Алайда, …
→Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті
12.03.2025. Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың жетекшілігімен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды Abay.Media. Жиында өңірде күннің жылынуына байланысты болуы мүмкін су тасқынының алдын алу шаралары талқыланды. Соңғы күндері облыстың кейбір аудандарында қар толассыз жауып, көлемі анағұрлым артқан. Әкім орынбасары барлық құзырлы орындарға бақылауды және дайындықты күшейтуді қатаң тапсырды. Сонымен …
→