Абай облысы

Облыс әкімі Бесқарағай ауданындағы колледжде болды

13.06.2025. Облыс әкімі Берік Уәли аудандағы жұмыс сапары барысында Бесқарағай колледжінде болды. Оқу орны 1954 жылы құрылған. Ғимарат 1983 жылы салынған. Биылғы оқу жылын 186 студент сәтті аяқтап отыр. Колледжде 28 инженер-педагог жұмыс істейді. Олардың қатарында педагог-модераторлар, сарапшылар мен магистрлер бар. Оқу орнының материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Колледж аумағында 75 орындық жатақхана мен оқу-өндірістік зертхана ғимараты орналасқан. Оқу …

Канонерка ауылындағы Мәдениет үйі жөнделеді

13.06.2025. Облыс әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданына жұмыс сапары барысында Канонерка ауылындағы Мәдениет үйінің жағдайымен танысты. 1957 жылы салынған мәдени нысанда 80 орындық концерт залы, кітапхана мен хореографиялық зал бар. Алты адам еңбек етеді. Қазіргі таңда ғимаратты жөндеу қажеттігі туындап отыр. Соңғы жылдары шатырынан су аға бастаған. 2023 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында шатырға күрделі жөндеу жүргізілді. Алайда …

Облыс әкімі Бесқарағай ауданының туризм саласындағы жаңа жобалармен танысты

12.06.2025. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Бесқарағай ауданына барып, туризм және ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалармен танысты. Аймақ басшысы әуелі Глуховка ауылдық округі аумағындағы «Маклапов Н» жеке кәсіпкерлігінде болды. 2023 жылы құрылған кәсіпорын балық шаруашылығы мен экотуризм бағыттарын қатар дамытып келеді. Старая Крепость ауылында жеке инвестордың есебінен жаңа жоба жүзеге асырылуда. Инвестиция көлемі – 300 …

Абай ауданында әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынып жатыр

10.06.2025. Абай ауданында ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл маңызды нысан – «Ауылын көріп, азаматын таны» жобасының нақты нәтижесі. Жоба аясында ауыл тұрғыны Сейфолла Рахымбаев өз иелігіндегі екі қабатты ғимаратты мемлекет меншігіне сыйға тартты. Құрылыстың өзге бөліктері ұлттық қор есебінен қаржыландырылуда. Жаңа мекеме заманауи инфрақұрылыммен жабдықталып, ерекше күтімді қажет ететін жандарға …

Ақтөбедегі Ұлттық ұлан әскери бөліміне жасалған лаңкестік шабуылға 9 жыл болды

05.06.2025. Ерлік мәңгі ұмытылмайды: Семейдегі Ұлттық ұлан бригадасында ерлікпен қаза тапқан сарбаздарды еске алды. – Ұлттық ұланның батыр сарбаздарын еске алу мақсатында 2016 жылдың маусым айында Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінде орын алған қарулы лаңкестік шабуылды тойтару кезінде қаза тапқан жауынгерлерге арналған салтанатты іс-шара өтті. Бригада командирі өз сөзінде бұл еске алу күні – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің және …

Семейдегі 5511 әскери бөліміне көктемгі шақырылымның алғашқы сарбаздары келді

05.06.2025. Семей қаласындағы Ұлттық ұланның 5511 әскери бөліміне 2025 жылғы көктемгі шақырылым аясында алғашқы жас сарбаздар келіп жетті. Олар Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан шақырылған. Жаңа толымды сарбаздарды бөлім командирі, полковник Айбек Аскерович Исенов салтанатты түрде қарсы алып, оқу пунктінің әкімшілік құрамымен таныстырды. Алғашқы күндері жас жауынгерлерге әскери бөлімнің құрылымы, қызметтік міндеттері мен жетістіктері жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, …

Семейдің әскери бөлімдері жауынгерлік дабыл бойынша көтерілді

05.06.2025. Жазғы оқу кезеңіне сай «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің жеке құрамы жауынгерлік дабыл бойынша көтерілді. Айталық, Абай гарнизонындағы механикаландырылған бригадасы да сағат 6:00-де, жауынгерлік дабылмен көтерілді. Әскери бөлімнің жеке құрамы мен сарбаздар санаулы минуттар ішінде жауынгерлік әзірлікке келтірілді. Мұндай жаттығулар әскери қызметшілердің шынайы әскери жағдайларға дайындығын арттырып, кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Әскери бөлім жауынгерлік дабыл бойынша көтерілген …

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 55511 әскери бөлімінде Ашық есік күні өтті

02.06.2025. Іс-шара Абай облыстық мәслихаты мен «Аманат» партиясының қолдауымен ұйымдастырылды. Мерекеге әскери қызметшілердің балалары мен балалар үйінің тәрбиеленушілері шақырылды. Олар үшін нағыз мерекелік бағдарлама әзірленді: балаларға тегін қызғылт балмұздақ, шырындар мен әскердің дәстүрлі ботқасы таратылды. Аквагрим мен акварель суретшілері балалардың беттеріне түрлі суреттер салып, портреттерін салды. Аниматорлар қызықты ойындар мен сайыстар ұйымдастырып, қуанышты көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, кинологтар қызметтік итпен …

Халықаралық балаларды қорғау күні Семейде кеңінен аталып өтті

02.06.2025. Абай гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерде «Халықаралық балаларды қорғау күніне» арналған ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Осындай шаралардың бірі алғаш рет Абай гарнизонының әуе базасында ұйымдастырылды. Айтулы мереке қарсағында әуе базасының ұшу алаңында ашық есік күні өткізіліп, ол жерде 54853 және 44736 әскери бөлімдері балаларға  көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс-шараның басты мақсаты – әскери-патриотық рухты нығайту және әскери қызметтің жұмысын таныстыру болды. …

Даладан палатаға дейін: Аягөз қаласының кәсіби командасы зейнеткердің аяқ-қолын аман алып қалды

02.06.2025. Абай облысы Аягөз қаласындағы Көпсалалы орталық аудандық ауруханада 75 жастағы науқасқа жоғары технологиялы ота сәтті жасалды. Ер адам тұрмыстық жағдайда жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Тексеру нәтижесінде оның үлкен жіліншік сүйегінің пилоны көп сынықты, айқын ығысуы бар сынық, сондай-ақ оң жақ аяқтың сыртқы тобығының сынуы анықталды. Қажетті дайындықтан кейін операция жергілікті анестезиямен, заманауи С-дуга мобильді рентген құрылғысының көмегімен жүргізілді. Бұл …