Абай облысы

Семейде Аңсаған Мұстафаның Абайға арналған көрмесі өтеді

01.08.2025. Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онкүндік аясында 1 тамыз күні Семей қаласының Арбат алаңында танымал суретші Аңсаған Мұстафаның «Көңілге түрлі ой салар» атты көрмесі өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында автордың өзі мәлімдеді. – Көрменің мақсаты – Абайдың терең ойларын бүгінгі ұрпаққа насихаттау. Экспозицияға 1,5 жыл дайындалдым. 58 жұмысымда ақын көтерген өзекті тақырыптарды бейнеледім. Әр …

Абай гарнизонында артиллерия бөлімшелеріне кешенді тексеру жүргізілді

31.07.2025. Абай гарнизонында артиллерия бөлімшелері кешенді тексеру барысында өздерінің жауынгерлік дайындықтарын көрсетті. Атап айтқанда бұған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 28738 әскери бөлімі қатысты. Тексеру Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары – Зымыран әскерлері және артиллерия Бас басқармасының бастығы полковник Тілек Серікпаевтың бақылауымен өтті.  Ракета әскерлері мен артиллерия бөлімшелерінің жоспардан тыс кешенді тексеруі – бұл әскери дайындықты, бөлімшелердің техникалық жағдайын және командирлердің …

Абай облысында 26,8 мыңнан астам тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қосылады

29.07.2025. Абай облысында 26,8 мыңнан астам адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қол жеткізеді. Денсаулық сақтау жүйесінде алдағы өзгерістер туралы облыстық филиалдың директоры Елмира Рахымбаева баяндады. Халықты қамтуды кеңейту Бүгінде өңір халқының 83,8%-ы сақтандырылған. Алайда облыста шамамен 100 мың адам МӘМС жүйесіне әлі де тартылмаған. 2024 жылғы 7 шілдеде ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін …

Семейлік сарбаздарға жауынгерлік қару табысталды

25.07.2025. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Семей қаласындағы 5511 әскери бөлімінің 1-2025 жылғы шақырылым жас сарбаздарына қару табыстау рәсімі өтті. Әскери оркестр сүйемелдеуінде жауынгерлік ту ортаға шығарылған арнайы іс-шарада 268 сарбаз қару алды. Айтулы шараға әскери бөлім офицері, әскери бөлім ардагерлері сондай-ақ өзара бірлесіп іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері қатысты. — Күні кеше семсер сүйіп серт беріп, ант қабылдадық. Бұл күн мен …

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА СТУДИЯЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

25.07.2025. Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай облысында «Әлемге болған әйгілі, Дана Абай – ойдың алыбы» тақырыбында облыстық студиялық жас ақындар айтысы өтті. Рухани- мәдени бағыттағы бұл шараны «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырды. Айтысқа 4 жас ақын қатысып, 2 жұпқа жұпталып, суырыпсалма өнерде бақ сынады. Олар: I жұп — Нұроллаев Рауан мен Асубаев Назар, II жұп …

Семейде Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде «Достоевский және Абай: параллельдер»  көрмесі ашылды

17.07.2025. Көрме осы екі данышпанның тағдырындағы түсініксіз кездейсоқтықтар туралы баяндайды, сонымен қатар өмірді Достоевский мен Абай шығармашылық мұрасын зерттеуге арнаған көрнекті адамдармен таныстырады. Олардың екеуі де бір уақытта Семей қаласында болды: Достоевский Семей қаласында бес жыл тұрды – 1854 жылдан 1859 жылға дейін. Ал он жасар Абай біздің қалаға 1855 жылы Ахмет-Риза медресесінде оқуға келіп, 1859 жылға дейін төрт жыл …

Облыс әкімі Семейдегі асфальт-бетон зауытының жұмысымен танысты

17.07.2025. Облыс әкімі Берік Уәли жол жөндеу жұмыстарымен айналысатын «Гордорстрой» ЖШС-нің асфальт-бетон зауытында болды. Мекеме аумағында екі асфальт бетон зауыты орналасқан. Біріншісі – сағатына 200 тонна өнім шығаратын биыл орнатылған АБЗ NLB3000 зауыты. Бұған дейін осы орында болған QLB 2000 зауыты бүгінде Аягөз ауданының Мәдениет ауылына көшірілген. Екіншісі – 2008 жылы орнатылған АБЗ ДС-185 зауыты. Сағатына 60 тонна өнім өндіреді. …

Облыс әкімі су шаруашылығы қызметкерлерін марапаттады

17.07. 2025. Облыс әкімі Берік Уәли су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай осы салада ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетті. Аймақ басшысы су саласының маңызына тоқталып, еңбек адамдарының рөлін ерекше атап өтті. 2019 жылдан бастап жыл сайын 9 шілде күні республика деңгейінде су шаруашылығы қызметкерлері күнін атап өту дәстүрге айналды. Мемлекет басшысы ирригация жүйелері және жалпы су …

Облыс әкімі тазалық жұмыстарын күшейтуді тапсырды

16.07.2025. Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының өңірде іске асырылуы бойынша мәжіліс өтті. Жиында тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару, қоқыс полигондарын ретке келтіру, заңсыз қоқыс үйінділерін жою мәселелері қаралды. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асқар Тұмарбек күнтәртібіндегі мәселеге байланысты жүргізілген мониторинг қорытындысын баяндады. Облыстың қала-аудандары аумағында 170 тұрмыстық қатты қалдықтар (ҚТҚ) …

Абай облысы мен Қытайдың Тачен (Тарбағатай) аймағы байланысты нығайтады

16.07.2025. Облыс әкімі Берік Уәли Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесі Тачен (Тарбағатай) аймағының партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэймен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді. Кездесу барысында Абай облысы мен Шәуешек қаласы арасындағы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Тачен (Тарбағатай) аймағының партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэй «Аягөз-Тачен» темір жол желісінің құрылысына, Бақты кеден бекетінің көліктерді өткізу көлемін ұлғайтуға, туристер үшін «жасыл …