Абай облысы

ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінде Республика күні атап өтілді

25.10.2024. 25 қазан күні ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің алаңында Республика күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам болып табылады. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияны қабылдап, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін қалады. Егеменді мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары ретінде біртұтас мемлекет, аумақтық тұтастығы, бөлінбейтіндігі …

Республика күнінде Абай облысында 7 медициналық пункт өз жұмысын бастады

25.10.2024. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Республика күні Жарма ауданының Салқынтөбе, Бородулиха ауданының Успенка, Көкпекті ауданының Үлгілі-Малшы, Биғаш, Шәріптоғай және Бесқарағай ауданының Белокаменка, Стеклянка ауылдарында медициналық пункттер салтанатты түрде ашылып, жұмыстарын бастады. Жаңа пункттердің ашылуына ризашылық білдірген көкпектіліктер медициналық көмектің қолжетімді екендігін айтады. Енді ауылымызда өзіміздің медициналық пунктіміз бар. …

Республика күні бастауыш сынып оқушылары «Жас Қыран» қатарына қабылданды

25.10.2024. Республика күніне орай Жаңасемей ауданы, Знаменка ауылындағы орта мектепте мектеп және клуб ұжымының ұйымдастыруымен «Менің Отаным – Қазақстан» атты салтанатты жиын өтті. Шара барысында бастауыш сынып оқушылары «Жас қыран» қатарына қабылданып, ант берді. Сонымен қатар, Жаңасемей ауданына қарасты ауылдық округтерде Республика күніне арналған салтанатты шаралар өтіп, Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалды. Сонымен қатар, қаламыздағы «Avenue» сауда орталығында Назарбаев зияткерлік …

Жерлесіміз жасаған бюст Татарстан төрінде

25.10.2024. Татарстан Республикасында Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды. Салтанатты шара ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БРИКС саммитіне қатысу үшін жасаған жұмыс сапарының аясында өтті. Шараға сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Татарстан Республикасының Мәдениет министрі Ирада Аюпова және қоғам өкілдері қатысты. Бюстің Татарстанда ашылуы Хәкім Абайға құрмет көрсетумен қатар, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі жандандыра …

25.10.2024.Бүгін еліміздің маңызды мерекелерінің бірі – Республика күні. Осыған орай Семей қаласының көпір асты кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press Бұл күннің барша қазақстандықтар үшін алатын орны ерекше, өйткені ол ұлттың тәуелсіздігін, егемендігі мен тұтастығын білдіреді. Бұл күн отандастарымызға егемендік жолындағы қиындықтар мен кедергілер, Тәуелсіздіктен күні бүгінге дейінгі жетістіктерімізді еске салады. Салтанатты шараға 300-ден аса …

Республика күніне орай кең көлемде ағаш отырғызылды

25.10.2024. Республика күнінде Абай облысында сенбілік өтіп, көшет отырғызылды деп хабарлайды Abay.Semey.press Өңірді көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында өткен шараға 200-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, облыстық басқарма басшылары, саяси партиялар өкілдері, депутаттар, қоғам белсенділері, жастар және белсенді тұрғындары бар. Сенбілік аясында жергілікті климатқа арнайы таңдап алынған 100 түп үйеңкі мен …

Нұрбол Нұрсағатов семейліктерді Республика күнімен құттықтады

Құрметті жерлестер! Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шешімімен 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке болып бекітілді. Тарихи мәні терең, идеологиялық жүгі жоғары айтулы күн еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет ететін, ерен істер мен елеулі бастамаларды жалғастыратын барша азаматтың отаншыл рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады. …

Республика күніне орай мерекелік концерт өтті

25.10.2024. 25 қазан — Республика күніне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.Press. Шара мемлекеттік әнұран шырқаудан басталды. Мерекелік жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға Абай облысының әкімі Н. Ұранхаевтың алғыс хаты, Семей қаласының әкімі Н. Нұрсағатовтың құрмет грамотасы, алғыс хаты және «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды. Олардың қатарында спорт, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, ауыл шаруашылығы, …

Облыс әкімі Абай Нұрлан Уранхаевтың Республика күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер! Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. 25 қазан – Тәуелсіз Қазақстан тарихында мәңгіге алтын әріптермен жазылатын тарихи күн! Бұл күні еліміздің егемендігі туралы декларация қабылданды. Тарихи құжат мемлекетіміздің тәуелсіздік алуына жол ашты. Республика күні — елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдейтін, ырыс-ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Егемендігімізді қорғау және сақтау – ортақ міндетіміз. Тәуелсіздік үшін қаншама боздақ құрбан болып, ер жүрек …

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстанның егеменді ел екенін әйгілейтін ұлық мейрам – сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің қайта жаңғыруының символы. Ұлттық мереке халқымызды мызғымас құндылықтар төңірегіне тоғыстырып, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал етеді. Біз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында аса күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып келеміз. Қоғамдағы заң мен тәртіп, азаматтардың еңбекқорлығы мен …