30.10.2024. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысындағы филиалы 2024 жылғы 1 қарашадан бастап Семей қаласының №2 халыққа қызмет көрсету бөлімі кезекші кесте бойынша жұмыс істей бастайтынын хабарлайды. Бұл бөлім Бауыржан Момышұлы көшесі, 22 мекенжайында орналасқан. Айта кетейік, қазіргі уақытта кезекші кесте бойынша 408-квартал, 21 мекенжайында орналасқан №1 ХҚКО жұмыс істеп тұр. 1 қарашадан бастап бұл бөлім әдеттегі жұмыс кестесіне …
→Абай облысы
Әлеуметтік қызметкерлерге құрмет көрсетілді
30.10.2024. Семей әкімдігінің ұйымдастыруымен Әлеуметтік сала жүйесінің қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Семей қаласында әлеуметтік сала жоғары деңгейде дамып келеді. Қазіргі уақытта 1000-ға жуық маман бұл салада еңбек етеді. Әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 23% азайды. Бұл жетістік аз қамтылған отбасылармен тікелей жұмыс істейтін әлеуметтік сала кеңесшілері мен қызметкерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесі. Айналасынан …
→Абай облысында “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ барысында есірткі заттары тәркіленді
29.10.2024. “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Аягөз қаласындағы учаскені аралау кезінде жергілікті тұрғынның есірткі заттарын сақтауы мүмкін екендігі туралы ақпарат алды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Көрсетілген азаматты тексеру барысында оның шалбарының оң жақ қалтасынан полиэтилен пакетке оралған, өсімдік тектес жасыл түсті зат табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттың салмағы 2,24 грамм кептірілген марихуана екені анықталды. Күдікті есірткіні …
→Жас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті
29.10.2024. 28 қазанда шамамен 17:15-те Семей қаласындағы Қабанбай батыр мен Уранхаев көшелерінің қиылысында 18 жастағы «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 54 жастағы жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тексеру жүргізілуде. Абай облысының полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша …
→Жолдардың сапасы үнемі тексеріледі
29.10.2024. Облыстық маңызы бар «Воскресеновка-Петропавловка-Шелехово-Дмитриевка» автожолының 23-38 шақырым учаскесіндегі (жалпы ұзындығы – 15 шақырым) ағымдағы орташа жөндеу жұмыстарын Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков тексерді, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Тексеру барысына мердігер компания өкілдері мен техникалық қадағалау мамандары қатысты. Атап айтқанда, сапалы жол жабынын төсеу мен жұмыстың белгіленген стандарттарға сәйкестігіне назар аударылды. Тексеру нәтижесінде мердігерге анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою жөнінде …
→Ауыз сумен қамтамасыз ету үшін субсидия бөлінуде
29.10.2024. Абай облысында 51407 адамды қамтитын 66 елді мекен топтық және жергілікті су құбырларынан ауыз сумен қамтамасыз еткені үшін субсидия алады, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Бұл қызметтерді табиғи монополияның жеті субъектісі қамтамасыз етеді. Сумен жабдықтау жүйелері топтық және жергілікті болып бөлінеді. Топтық жүйелерге Бородулиха ауданындағы «Казводхоз» ШҚФ және Жарма ауданындағы «Горводхоз» МКК кіреді. Жергілікті жүйелер Аягөз ауданына («СУ» МКК), Бородулиха ауданына …
→Семейде сарбаздарға қол сағаттары табысталды
28.10.2024. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың қол сағат сыйлықтары иелеріне табысталды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Семей қаласының мәдениет үйінде «Республика күнін» атап өту шарасында мерзімді қызметтерін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 21450 әскери бөлімінде атқарған сарбаздарға қол сағаттары табысталды. Көктем уақытында, Атырау қаласында су тасқынына қарсы шараларға белсене қатысқан Семей тумалары запастағы қатардағы жауынгерлер Айбол Серікқалиев, Ерсұлтан Ксебаев және Игорь Орлов …
→Абай облысының мектеп асханаларында тамақтану жағдайлары жақсарады
28.10.2024. Абай облысының мектеп асханаларына мониторинг жүргізу кезінде 50 бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Негізгі мәселелердің бірі-желдету, сумен жабдықтау, кәріз жүйелерінің және қол жууға арналған раковиналардың болмауы. Абай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 309 жалпы білім беретін мектеп бар. Департамент басшысының орынбасары Раушан Фатхуллинаның айтуынша, 287 мектепте ас блоктары мен буфеттер жұмыс істейді, ал мұндай нысандар жоқ 22 мектепте тамақтану …
→Абай облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтеді
2024 жылғы 28-31 қазан аралығында Абай облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтеді. Іс-шараның басты мақсаты — практикалық денсаулық сақтауға жаңа технологияларды енгізу, диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері бойынша тәжірибе алмасу және оқыту, сондай-ақ облыстың медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту. Делегация құрамына JCI, ISO, GLP, GMP (эпилептолог, аллерголог, травматолог, аритмолог, гастроэнтеролог, кардиолог, нейрохирург және басқалар) халықаралық стандарттарымен аккредиттелген Медорталық ауруханаларының …
→Абай облысынан шыққан Ерасыл Қажыбаев «Қазақстан Барысы» атанды
27.10.2024. Елордада қазақ күресінен жыл сайынғы «Қазақстан Барысы-2024» турнирінде Абай облысының атынан қатысқан Ерасыл Қажыбаев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Жарыс іріктеу турнирінде топ жарған еліміздің 42 үздік балуанының басын қосты. Абай облысынан қатысқан балуанымыз Саят Шәмшиев «Қазақстан барысы» турнирінде 3-ші орын иеленді Алғаш рет 2011 жылы өткен «Қазақстан Барысы» турнирі көрермен көзайымына айналып, ұлттық мақтаныш пен күш-қуаттың үлгісіне айналып …
→