06.11.2024. Бүгін қала әкімдігінде Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында маңызды мәселелер қаралды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Жиынға бөлім басшылары мен коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысып, қаладағы санитарлық жағдайды жақсарту шаралары талқыланды. Кеңейтілген жиында басты тақырыптардың бірі – қала тұрғындарының тұрмыстық қатты қалдықтарды (ҚТҚ) шығару мәселесі болды. “Семей Тазалық” кәсіпорнының мәліметінше, жыл басынан бері 5406 адаммен қоқыс шығаруға келісімшарт жасалған.( Сол жағалауда …
→Абай облысы
Абай облысында жаңа ЖЭО құрылысының негізгі мәселелері қаралды
01.11.2024.Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерімен 3-ші ЖЭО параметрлері мен құрылыс мерзімдерін талқылады, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Жылу электр орталығы жылу тапшылығын жойып, экологиялық жүктемені айтарлықтай төмендетеді деп күтілуде. 3-ші ЖЭО төрт қуатты энергиялық қазандықтармен, үш бу турбиналарымен, сондай-ақ үш су жылыту қазандықтарымен және төрт бойлермен жабдықталады. Олардың екеуі негізгі, ал қалған екеуі төтенше жағдайларда жұмыс істейтін болады. Оның қуаты …
→Нұрлан Ұранхаев «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының» төрағасымен кездесті
01.11.2024. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Вайнах «Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің тең төрағасы Юсуп Келиговпен кездесті деп хабарлайды Abay.Semey.press. Кездесуде өңірдегі ұлтаралық татулық, этномәдени бірлестіктердің жұмысы туралы сөз болды. Сонымен қатар, Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы айтылды. Бүгінгі таңда Абай облысында 50-ден астам этнос тұрады. Өңірде 49 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Этномәдени бірлестік басшылары мен мүшелері …
→Егер әйел адам баласы үш жасқа толғанға дейін жұмысқа оралса, жеңілдік мәртебесі сақталады ма?
01.11.2024. Қазақстанда мемлекет азаматтардың 15 жеңілдетілген санаты үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ай сайынғы жарналар төлейді, бұл оларға медициналық қызметтерді толық көлемде алуға мүмкіндік береді. Мұндай санаттарға үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыста жүрген әйелдер де жатады. Алайда, әйел жұмысқа оралғанда немесе кәсіпкерлік немесе басқа қызметтен кіріс ала бастағанда, бала күтімі бойынша демалыс ресми түрде аяқталады. Бұл жағдайда …
→Ақсуат ауданында күндізгі амбулаториялық диализ бөлімі ашылды
01.11.2024. Ақсуат ауданында орталық аудандық аурухана жанынан күндізгі амбулаторлық диализ бөлімі ашылды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Енді созылмалы бүйрек сырқаты бар науқастар қажетті көмекті ала алады. Бөлім облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық бүйрек орталығының қолдауымен ашылды. Салтанатты шараға амбулаториялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, облыстық бүйрек орталығының директоры және жоғары санатты нефролог дәрігері, аудан әкімінің орынбасары …
→IQanat олимпиадасына Абай облысынан 2000-ға жуық мектеп оқушылары қатысуда
01.11.2024. Үржар ауданы IQanat олимпиадасының бірінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Олимпиада ауыл оқушыларының логикалық, математикалық ойлау, оқу сауаттылығы және қазақ тілін меңгеру қабілеттерін бағалауға бағытталған. Дәстүрлі тестілеуден ерекшелігі – академиялық жетістіктер мен бағалауларына қарамастан әр оқушыға қатысу мүмкіндігі беріледі. Биыл жетінші рет өткізіліп жатқан IQanat олимпиадасы Абай облысының барлық ауданын қамтып, 1943 қатысушыға білім додасында бақ сынауға мүмкіндік берді. …
→Семейде әлеуметтік бағдарлау кабинеті ашылды
31.10.2024. Семей қаласында «Дамуында ерекшеліктері бар балалардың ата-аналары» қоғамдық бірлестігінің базасында ментальды бұзылыстары бар балаларға арналған әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеті ашылды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Кабинеттің ашылуына Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков, Германияның Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Ульрих Кинне, жергілікті атқарушы билік өкілдері, құрметті қонақтар мен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары қатысты. Кабинеттің ашылуы Астанадағы Германия елшілігінің үй-жайларды жабдықтауға …
→Облыс әкімінің бірінші орынбасары Германияның Қазақстандағы елшілігінің өкілдерін қабылдады
31.10.2024. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков Германияның Қазақстандағы Елшісінің тұрақты орынбасары Ульрих Киннені қабылдадыдеп хабарлайды Abay.Semey.press. Германия елшілігінің гранттық қолдауының арқасында қажетті үй-жайларды жабдықтауға бөлінген 2 005 000 теңге сомасында Семей қаласында «Дамуында ерекшеліктері бар балалардың ата-аналары» қоғамдық бірлестігінің базасында психикалық ауытқулары бар балаларға арналған әлеуметтік бағдарлау кабинеті ашылды. Кездесу барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ульрих Киннеге ризашылығын білдіріп, …
→Облыста 26,1 шақырым жылу желісінде жұмыстар аяқталды
30.10.2024. 2024 жылы облыста жалпы сомасы 18,5 млрд теңгеге жылумен қамтуды дамытудың 28 жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Осының аясында 37,9 шақырым жылу желісі мен 17 жылу көзін салу, қайта жаңғырту және жөндеу жұмысы жүргізілуде. Бүгінде 26,1 шақырым жылу желісінде жұмыс аяқталды, бұл осы жылдың жоспарының 100 пайызын құрайды. 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық үшін «Біріккен Энергосервис Компаниясы» АҚ …
→Облыс әкімі «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпаздарымен жүздесті
30.10.2024. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Ерасыл Қажыбаев пен турнирдің қола жүлдегері Саят Шәмшиевпен жүздесті деп хабарлайды Abay.Semey.press. Бұл турнир еліміздің үздік балуандарының басын қосқан дүбірлі дода болды. Жерлестеріміз осы жарыста топ жарып, облысымыздың абыройын асырды. Кездесуде аймақ басшысы балуандарға жеңісі үшін алғыс білдірді. Олардың жеңістері тек спорттық жетістік ғана емес, жастарды қиындықты жеңе білуге шабыттандыратын …
→