Абай облысы

Өңірде шағын және орта бизнестің саны 54 380 -ге жеткен Абай облысында шағын және орта бизнестің дамуы, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау қарқынды жүзеге асырылуда

20.12.2024. Осы жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің саны 54 380 құраса, оларда 103 952 адам жұмыс жасайды екен. Бұл туралы Абай облысының кәсіпкерлік және индустриалық – инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов мәлімдеді. — Биылғы жылдың қорытындысы бойынша айтатын болсақ облыстағы бөлшек тауар айналым көлемі 528 млрд теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 12 %-ға өсті. Ал, көтерме сауда …

Облыста ветеринария саласы бойынша 9 коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар жұмыс атқаруда

19.12.2024. Өңірде 1 сәуірден бастап ветеринариялық-санитариялық сараптама модулінің серпінді жобасы іске қосылған, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Бұл туралы Абай облысының ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев мәлімдеді. — Бүгінгі таңда ветеринариялық-санитариялық сараптама модулі іске асырылуда. Модуль сою объектілерінде (ет өңдеу кәсіпорындары, сою пункттері мен сою алаңдары) және ішкі сауда объектілерінде жануардың өмірлік циклін көрсету үшін QR-кодты іске асыруды ескере отырып, ветеринариялық-санитариялық сараптама …

Абыралылық қариялармен жүздесті

19.12.2024. Жаңасемей ауданының Қайнар ауылына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Абыралы өңірінің ақсақалдарымен кездесті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Емен-жарқын әңгімелесу барысында қариялар өңірдің бүгінгі жағдайы туралы ойларын ортаға салды. Соның ішінде жер мәселесі, жарықтандыру, емхана мен мектептің қазандығын күрделі жөндеуден өткізу мәселесі көтерілді. Әр ақсақалдың сөзіне мұқият мән берген аймақ басшысы айтылған мәселелерден хабардар екенін, олардың назардан тыс қалмайтынын …

Облыс әкімі Қайнар ауылындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады

19.12.2024. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарымен Жаңасемей ауданының Қайнар ауылына барып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Сапар барысында өзекті мәселелерге назар аударылып, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, бірінші кезекте қолға алынатын шаралар айқындалды. Облыс әкімі Қайнар ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Мұнда күрес, екі ойын залы және жалпы ауданы 720 шаршы метр жаттығу залы бар. …

«Абай жолы кітапханасы» жобасының ІІ шығарылымының таныстырылымы өтті

19.12.2024. Абай облысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен жарық көрген «Абай жолы кітапханасы» ІІ шығарылымының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Жобаның бірінші сериясы аясында жалпы тиражы 8 мың дана болатын 16 кітап шығарылды. Биыл жалпы тиражы 10 мың дана болатын 20 автордың шығармалары жарық көрді. Жоба Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, Семей өңірінің көрнекті тұлғалары мен ақын-жазушыларының мұрасын насихаттауға, сондай-ақ …

Абай облысында ауыл шаруашылығы саласына цифрлық технологиялар белсенді енгізілуде

19.12.2024. Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі, ол азық-түлік және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауылдық жерлерде елдің еңбек әлеуетін дамытуға ықпал етеді, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Қазіргі заманда цифрлық технологиялар елдер экономикасының дамуында маңызды рөл атқарып келеді. IT-құралдарын енгізу ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Өңірдегі ауыл шаруашылығы …

Құрылыс басқармасы тарапынан 49 жаңа нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде

19.12.2024. Абай облысында құрылыс саласында ауқымды жұмыстар атқарылып, мемлекеттік бағдарламалар аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Құрылысқа бөлінген жалпы қаржы көлемі 291 млрд теңгені құрады. Жоспарланған барлық жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риаханов баяндады. — Білім беру саласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында …

Семей қаласында тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) полигонын салу жоспарлануда

18.12.2024. Абай облысын дамытудың кешенді жоспары аясында жаңа заманауи тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу қарастырылған. Жобаны іске асыру 2025–2026 жылдарға жоспарланған. Құрылысқа 100 гектар жер телімі бөлінді. Осы жылы «ТҚҚ полигонын салу» жобасы әзірленді. Бүгінде аталған жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттік өтінім берілді. Семейдегі қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесін шешу үшін қала әкімдігі жағдайды тез арада жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспарын …

Қоғамдық көліктердің сапасын арттыру Семей қаласының негізгі міндеттерінің бірі.

18.12.2024. Соңғы жылдары бұл салада айтарлықтай өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Облыс құрылғанға дейін қаладағы маршруттарға техниканың шығу көрсеткіші небәрі 50 пайызды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш тұрақты 75 пайызды құрап отыр. 2023 жылдан бастап көлік инфрақұрылымын жаңартудың ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мәселен, өткен жылы қала әкімдігі тасымалдаушылармен бірлесіп 70 жаңа автобус сатып алды. 2024 жылы автопарк тағы 90 бірлік …

Семейде сарбаздарды үйлеріне құрметпен шығарып салды

17.12.2024. Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінде жүзден астам сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп шықты. Бір жыл бойы әскери өмірде шыңдалған мерзімдік қызмет әскери қызметшілер көп жылдық тарихы бар әскери ортада берілген тапсырмалар мен қызметтік міндеттерді орындау барысында асқан жауапкершілік таныта білді. Шара барысында қызметтегі үлгілі тәртібі үшін мерзімді әскери қызметшілерге алғыс хаттар табысталды. — Отан алдындағы …