Абай облысы «Жас Ұлан» ерлер лицейінің түлегі ерлік көрсетті

17.01.2025. Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласында көпқабатты үйде болған өрт кезінде Асет Сәкенов батырлық танытты. Ол – Абай облысы Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 2020 жылғы түлегі.

Асет өрт шыққан үйдің 5-қабатынан қарияны аман алып шықты. Балконнан жалынды байқап, алдымен өрт сөндірушілерге хабар беріп, кейін пәтерге көтеріліп, қарияны қауіпсіз жерге шығарған. Сондай-ақ өрт сөндірушілер келгенше эвакуация жұмыстарына көмектескен. Лицей түлегі батылдығы мен жылдам әрекетінің арқасында бір адамның өмірін құтқарып қалды.

Қазіргі таңда Асет — Ресейдегі Воронеж қаласындағы профессор Жуковский және Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясының 5-курс курсанты. Оның ерлігі үшін Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс департаменті Алғыс хатпен марапаттады.

Асет нағыз азаматтық борыш пен батырлықтың үлгісін көрсетті. Оның ерлігі – баршаға өнеге. Бұл оқиға лицейдің білімді ғана емес, нағыз елжанды азаматтарды тәрбиелеп шығаратынын көрсетеді.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Check Also

Абай гарнизонында базалық дайындық сабақтары өтуде

08.06.2026. Abai.Media. Абай гарнизонының әскери бөлімдерінде жазғы оқу кезеңі басталар алдындағы базалық дайындық сабақтары жүргізілуде. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *