Абай облысы

Өрт сөндірушілер дәмханадағы өртті ауыздықтады

02.01.2025. Өрт сөндіру қызметінің пультіне Семей қаласы Ғ.Түктабаев көшесінде орналасқан бір қабатты кафе ғимаратындағы өрт туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Өрт есептоптарының оқиға орнына жеткен сәтте дәмхана шатырының ағаш конструкциялары, жиһаз және тұрмыстық техникасы 60 шаршы метр алаңда жанып жатқан еді. Барлау кезінде құтқарушылар өрттен екі 54 литрлік газ баллонын эвакуациялап, жарылыс қаупінің және ауыр зардаптардың алдын алды. Өрт …

Абай облысында жылдағы ең ірі есірткі партиясы – 20 миллион теңгеден асатын «мефедрон» жеткізу арнасы жойылды

31.12.2024. Абай облысында синтетикалық есірткілерге байланысты ең ірі қылмыстардың бірі анықталып, жолы кесілді. Семей қаласында полиция қызметкерлері 500 грамнан астам психотроптық зат – «мефедронды» тәркіледі. Бұл мөлшер шамамен 1 500 бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 20 миллион теңгеден асады. Заңсыз бизнесті ұйымдастырғандар – 26 және 28 жастағы семейлік екі тұрғын. Олар интернет-дүкен арқылы есірткі таратумен айналысқан. Алайда олардың …

Заң – басты орында, қауіпсіздік – басты мақсат: 50-ден астам құқық бұзушы «от сатқаны» үшін жауапқа тартылды

31.12.2024. Полиция қызметкерлері республикалық «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану мен сатуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтер өткізуде. Мереке қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату мәселесі өзекті болып отыр. Іс-шара барысында қызметкерлер рұқсатсыз, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіпті тауарларды сатқан 50 кәсіпкердің заңсыз әрекетін тоқтатты. Іс-шараның нәтижелері көрсетіп отырғандай, 52 адам жауапқа тартылды: …

Аймақ басшысы аудан активіне жаңа әкімді таныстырды

31.12.2024. Алмас Таныбекұлы Тастенбеков 1989 жылы 15 шілдеде Бесқарағай ауданы Беген ауылында дүниеге келген. Абай облысының Өңірлік кадрлық резервінің мүшесі, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Семей қаласындағы Семей геологиялық барлау колледжін «Техник-геофизик», Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану», Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау», Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Экономика» мамандығы бойынша оқып, экономика және …

Жастарды қолдау – келешекті ойлау

30.12.2024. «ЖасStar» Сo-working орталығында «Әрекет арқылы даму» тақырыбымен Shakarim University ректоры Думан Орынбековтің халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Кездесудің тікелей көрсетілімі университеттің Youtube арнасы арқылы жүргізілді. Ректор өзінің есеп беру кездесуінде университеттің дамуы, оның сапалы өзгерістері мен жетістіктері туралы баяндады, оқу ордасының академиялық білім беру, ғылыми-зерттеу, халықаралық қатынас, әлеуметтік қызметіне кеңінен тоқталды. Жиынға Абай облысы әкімінің …

ХҚКО мен МХҚКО қаңтар айында қалай жұмыс істейді?

30.12.2024. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 1 және 3 қаңтар аралығында Жаңа жыл мерекесіне орай ХҚКО мен МХҚКО жұмыс істемейтінін хабарлайды. Ал 4 қаңтар, яғни сенбі, кезекші орталықтар үшін жұмыс күні. Азаматтарды қабылдау 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асады. 5 және 6 қаңтар күні еліміздің барлық орталықтары әдеттегі кесте бойынша өз жұмысын жалғастырады. Елімізде 7 қаңтар күні православиелік Рождество тойланатындықтан, бұл …

Аймақ басшысы әлеуметтік нысандардың жұмысын тексерді

28.12.2024. Аягөз ауданына жасаған жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бірнеше әлеуметтік маңызға ие нысандардың жұмысын тексерді, деп хабарлайды Abay.Semey.press. «Аягөз Жылу» КММ-нің «Орталық», «Солтүстік», «Мектеп» жылу қазандықтары мен осыдан біраз уақыт бұрын өрт шыққан » «БЭСК» АҚ қарасты қосалқы стансасына барды. Аймақ басшысы аралаған 3 қазандық 2 жарым мыңға жуық абонент, 71 көпқабатты үй, 9 әлеуметтік, 191 коммерциялық …

Абай облысының бірнеше ауылында медициналық пунктер ашылды

28.12.2024. Облысымызға қарасты Абай ауданының Медеу, Бородулиха ауданының Жаңа Шүлбі, Мақаншы ауданының Бекет ауылдарында дәрігерлік амбулаториялардың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Нысандардың құрылысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында жүргізілді. Жаңа амбулаториялар ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділігін айтарлықтай жақсартады. Айта кетерлігі, барлық медициналық пункттер бір мезетте 25 адамға дейін қызмет көрсете алады. Барлығында емшара қабылдау мен …

Мирный және Дальняя кентіндегі арықтарды тексерді

28.12.2024. Бүгін Семей қаласының әкімі Талғат Мұратовтың төрағалығымен және қалалық ТЖБ өкілдерінің қатысуымен Мирный және Дальняя елді мекендеріндегі арық-науа жүйесінің жағдайын тексеру мақсатында көшпелі жұмыс кеңесі өткізілді, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Көшпелі кеңес барысында арық жүйелерінің ең проблемалы учаскелері зерттеліп, қалалық ТКШ бөлімі мен қызмет көрсетуші мердігер ұйымға осы жүйелердің сапасын жақсарту және жұмыс істеу тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. …

Аким области наградил лучших учителей региона

27.12.2024. Аким области Нурлан Уранхаев провел встречу с победителями республиканского и областного конкурсов «Лучший педагог-2024», сообщает Abay.Semey.press. На мероприятии присутствовали три педагога, победившие на республиканском этапе, и семь лауреатов областного этапа. Нурлан Уранхаев подчеркнул значимость профессии учителя, отметив их огромный вклад в развитие общества. Слова великого просветителя Ибрая Алтынсарина о том, что «для меня хороший учитель дороже всех, потому что …