20.01.2025. Бородулиха ауданының тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болды. 2024 жылғы маусым айында өзін “Ермекжан” деп таныстырған белгісіз ер адам оның қызын оқу орнына грантқа түсіруге көмектесемін деп, алдау жолымен 1 600 000 теңге көлемінде ақша иемденіп алған, деп хабарлайды Abay.Semey.press. 2025 жылғы 19 қаңтарда жедел қызметкерлер күдікті ретінде 26 жастағы Семей қаласының тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындады, бірақ ұрланған ақшаны қайтару …
→Абай облысы
Өскемендегі әскери кеңесте генерал автокөлік кілтін табыстады
20.01.2025. Өскемен қаласында өткен әскери кеңеске Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев және өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдердің командирлері мен басқарма офицерлері қатысты. Дөңгелек үстел барысында генерал-майор Арман Мақсотұлы Ұлттық ұлан жеке құрамының орындайтын міндеттерін тілге тиек етіп, офицерлер мен сержанттардың әдістемелік шеберлігін ұдайы дамытып, жауынгерлік қызмет барысында жеке құрамның денсаулығын сақтауды және де ауқаттану жайын басты …
→Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік: СҚО-ның озық тәжірибесі зерттелді
20.01.2025. Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев бастаған делегация Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Делегация құрамында Білім, Цифрлық технологиялар басқармаларының, білім бөлімдері мен мекемелерінің басшылары, сондай-ақ бизнес және мәдениет саласының өкілдері болды. Сапардың негізгі мақсаты — мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында білім беру мекемелерін сенімгерлік басқаруға берудегі Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін зерттеу. Бұл инфрақұрылымды жаңғыртуға, білім беру …
→Картоптың қымбаттауына жол берілмейді
20.01.2025. Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов қаладағы картоп сақтайтын қоймаларда болып, қор мөлшерін қадағалады, деп хабарлайды Abay.Semey.press. «Семей ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры «Агрофирма Приречное» ЖШС — мен картоп, қырыққабат, сәбіз, сарымсақ сияқты көкеністермен сауда нүктелерін тұрақты қамтамасыз ету үшін келісімшарт жасалған. Ережеге сәйкес әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдері 2024 жылдың 1 қарашасы мен үстіміздегі жылдың мамырына дейін 10 супермаркет, …
→Абай облысы «Жас Ұлан» ерлер лицейінің түлегі ерлік көрсетті
17.01.2025. Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласында көпқабатты үйде болған өрт кезінде Асет Сәкенов батырлық танытты. Ол – Абай облысы Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 2020 жылғы түлегі. Асет өрт шыққан үйдің 5-қабатынан қарияны аман алып шықты. Балконнан жалынды байқап, алдымен өрт сөндірушілерге хабар беріп, кейін пәтерге көтеріліп, қарияны қауіпсіз жерге шығарған. Сондай-ақ өрт сөндірушілер келгенше эвакуация жұмыстарына көмектескен. …
→Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу енді тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы мүмкін
17.01.2025. Енді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілетін теориялық және тәжірибелік емтиханға тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы ғана жазылуға болады. Бұл жаңашылдық азаматтарға ыңғайы болу үшін және сыйбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «ХҚКО» қосымшасының барлық қолданушысы екі факторлы аутентификациядан өтеді: алдымен – биометриялық идентификация, сосын 1414 нөмірінен келіп түскен SMS-коды арқылы өзінің жеке басын растайды. Одан кейін …
→Көкпекті ауданында шағын және орта бизнес дамып келеді
17.01.2025. Көкпекті ауданының экономикасында шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Бүгінгі таңда ауданда 1280 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. ШОБ субъектілерінің жалпы санының 6,2% (79 бірлік) заңды тұлғаларға, 39,2% – ы (502 бірлік) — жеке кәсіпкерлерге, 54,6% — ы (699 бірлік) — шаруа қожалықтарына тиесілі. Шағын кәсіпкерлік саласында 2900 адам жұмыспен қамтылған. Аудан тұрғындарына 20 …
→Су тасқынын алдын алу жұмыстары басталды
17.01.2025. Семей қаласында су тасқынының алдын алу мақсатында бөгеттер құрылып жатыр, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Әсіресе, қаланың шеткі аудандары көктемгі қар еру кезеңінде жиі зардап шегетіндіктен, бұл жұмыстар өте маңызды болып отыр. Жыл сайын көктемде қардың көптеп еруі нәтижесінде тұрғын үйлер мен инфрақұрылымға зиян келуі мүмкін. Сондықтан, қаланың шеткері аймақтарында арнайы бөгеттер жасау қолға алынған. Семей қаласының әкімдігі 2025 жылға арналған …
→Қарағайлы шағын ауданындағы су құбырындағы авариялық жағдай туралы ақпарат
17.01.2025. 2025 жылы 16 қаңтар сағат 23:22-де Қарағайлы, 44 мекенжайындағы тұрғындардан су құбырының жарылғаны және салдарынан ауыз судың өшірілгені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Оқиға орнына «Семей Водоканал» МКК кезекші топ авариялық жағдайдың себептерін анықтап, салдарын жою үшін жедел түрде жетті. Сондай-ақ Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов дереу оқиға орнына барып, авариялық жағдайды жою жұмыстарын жеке бақылауына алды. …
→Ақсуат колледжінде оқу-өндірістік шеберхана ашылды
17.01.2025. Шеберхана заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған және болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға арналған. Мұнда тігін өндірісі, аспаздық және кондитерлік іс, ауыл шаруашылығы машиналары мен қозғалтқыштарды құрастыру, сондай-ақ слесарь мамандықтары бойынша кабинеттер жұмыс істейді, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Облыстық білім басқармасының қолдауымен шеберхананы жабдықтауға және жатақхана ғимаратына 123 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар демеушілердің көмегімен қажетті құрал-жабдықтар алынды. Жалпы алғанда, соңғы жылдары …
→