21.04.2025. Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті. Қала және аудан әкімдері бейне режимде қатысқан отырыста Абай облысының 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және бюджет қаражатын игеру, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы талқыланды. Жиында Денсаулық сақтау және Құрылыс басқармаларының басшылары баяндама жасады. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабековтің мәліметінше, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» …
→Абай облысы
Бесқарағай ауданында жолдар жөнделіп жатыр
21.04.2025. Бесқарағай ауданында облыстық маңызы бар жолдар жөнделіп жатыр. Қазіргі уақытта Малая-Владимировка мен Қарағайлы ауылдарын жалғайтын 13 шақырым жолға асфальт төсеу басталды. Жақында аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев пен аудандық мәслихаттың төрайымы Мейрамгүл Абылғазинова жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскеге барып, атқарылып жатқан істің барысымен танысты. Мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, жұмыстың кестеге сай жүруі мен сапа стандарттарына сәйкес болуын бақылауға алды. Сондай-ақ, …
→Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджетті игеру мәселелері талқыланды
21.04.2025. Аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық жиында Абай облысының 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және бюджет қаражатын игеру мәселелері қаралды. Отырыста Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы басқармаларының басшылары баяндама жасады. Жиында өңірдің тау-кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, инвестиция тарту, көлік қызметтері, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларында, тұрғын үйді пайдалануға беруде көрсеткіштердің төмендегені атап өтілді. Инвестиция көлемі бойынша Семей қаласы мен …
→Семейде сарбаздарды шығарып салды
21.04.2025. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 30217 әскери бөлімінде әскери міндетін өтеген 138 сарбаз үйлеріне аттанды. Еліміздің әр өңірінен шықырылған жауынгерлер Отан алдындағы борышын абыроймен өткеріп шықты. Оларды әскери бөлім басшылығы салтанатты түрде шығарып салды. Бөгенбай батыр атындағы механикаландырылған бригада сапында мерзімді әскери қызметін аяқтаған сарбаздарды шығарып салу ерекше сән салтанатымен өткізілді. Саптық алаңда сарбаздар әскери бөлім ұжымымен қоштасып, аман-есен үйлеріне …
→«Қалбатау-Майқапшағай» автожолында жол қозғалысы жыл соңына дейін ашылады
18.04.2025. Бүгін Абай облысында жол құрылысы маусымы ресми түрде ашылды. Халықаралық маңызға ие «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының бойында өткен шараға облыс әкімі Берік Уәли, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев қатысты. Жалпы ұзындығы 415 шақырымды құрайтын автожолдың 184 шақырымы облыс аумағынан өтеді. «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің айтуынша, «Қалбатау-Майқапшағай» күре жолында жол қозғалысы жыл соңына дейін ашылады. …
→Семейде облыстық соттың жаңа ғимараты ашылды
18.04.2025. Семейде облыстық соттың жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, ҚР Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер алқасының төрағасы Аслан Тукиев, ҚР Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Шәкір Шаяхметов, өңірдің сот жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Abai.Media. Соттың жаңа ғимараты төрт қабатты. Жалпы аумағы 7910 шаршы метрді құрайды. Нысанда 9 сот залы, 78 қызметтік кабинет, медиатор, …
→Семейде бітімгерлерді қарсы алды
18.04.2025. Семейдің әуежайында БҰҰ миссиясы аясында Голан жоталарында қызмет атқарып, бір жылдан кейін елге оралған тұңғыш бітімгерлік контингентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Әскери қызметкерлерді әуежайдан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов бастаған қарулы күш құрамы мен бітімгерлердің отбасы мүшелері салтанатты түрде қарсы алды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов міндеттерін мінсіз орындап келген бітімгерлердің қолын …
→Семейдегі әскери бөлімді ашық есік күні өтті
17.04.2025. Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5511 әскери бөлімі Семей қаласының оқушыларына арнап ашық есік күнін ұйымдастырды. Шара мақсаты — жасөспірімдерді патриоттық тәрбиеге баулу, елдің тыныштығын сақтау олардың азаматтық борышы екендігін түсіндіру. Ұлы Жеңістің сексен жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған іс-шарада оқушылар үшін әскери бөлімнің саптың алаңында заманауи үлгідегі қару-жарық пен әскери киім үлгілерінен тұратын көрме ұсынды. Көрмеге қатысушылар атыс қаруларына таңданыспен …
→Бородулиха ауданында егіс науқаны басталды
17.04.2025. Бородулиха ауданында көктемгі дала жұмыстары басталды. Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі. Сол себепті егіс науқаны биыл да ерекше назарда. Ауа райының жағдайын ескере отырып, көктемгі егін жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Сәуір айының өзінде-ақ 164.3 мың гектар алқаптың топырағы ылғал ұстап қалу үшін өңделген. Бұған дейін күзгі кезеңде 209 мың гектар алқап өңделіп, 6 054 гектар …
→Семейде 3 миллион теңгеден асатын жүрекке жасалған ота МӘМС есебінен тегін жүргізілді
Семейде 3 миллион теңгеден асатын жүрекке жасалған ота МӘМС есебінен тегін жүргізілдіСемей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасында жоғары технологиялы малоинвазивті кардиохирургиялық оталар сәтті өткізілді. Бұл күрделі операциялар екі пациентке — 19 жастағы қызға және 62 жастағы ер адамға — жасалып, олардың өмір сапасын түбегейлі өзгертті. Әр операцияның құны 3 миллион теңгеден асса да, олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында …
→