Абай облысы

Абай гарнизонында ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

28.04.2025. Семей қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында әскери қызметшілер майдангерлер Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Шевцовты құттықтап барды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов пен Абай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров ардагерлерге Жеңіске қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Олардың қатарында жауынгер – артиллерист Халық қаһарманы Әбдіғали Қаймолдин, Польша мен Чехословакияны азат ету …

Абай облысының өзекті мәселелері талқыланды

25.04.2025. Бүгін Семейде Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес өтті. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен отырысқа салалық министрліктер мен үш облыстың әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Басқа салалық министрліктер мен өзге өңірлер жиынды бейнережимде көрді. Кеңесте облыс әкімі Берік Уәли өңірдің өзекті мәселелері туралы баяндады. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірлік стандарттар жүйесі бойынша …

5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай еске алу жұмыстарын жүргізді

25.04.2025. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ұрыс даласында жарақат алып, әскери госпитальда қаза тапқан жауынгерлердің зираттарында тазалау және жинастыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Abai.Media. Бұл шара — майдангерлердің ерлігіне тағзым етіп, олардың рухына құрмет көрсетудің жарқын көрінісі. Әскери бөлім қызметкерлері зират маңын тазалап, гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен қаза тапқан ерлерді еске …

54770 әскери бөлімі жаңа техникамен толықты

24.04.2025. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 54770 әскери бөліміне бір дана жаңа үлгідегі «ЭУ-195» экскаватор, екі дана әмбебап жол талғамайтын машиналары және күрделі жөндеуден өткен инженерлік қоршау машинасы жеткізілді. Әскери бөлімнің жеке құрамы техникаларды «Жалпақ» станциясынан арнайы эшелоннан түсіріп алды. 54770 әскери бөлімі командирінің техникалық қамтамасыз ету бойынша орынбасары майор Батыржан Шоқанұлының айтуынша, аталмыш инженерлік әскери техникалар ұрысты қамтамасыз ету барысында  …

Алғаш рет Аягөз қаласында білек сүйектерін остеосинтездеу бойынша жоғары технологиялық операция сәтті жүргізілді

23.04.2025. Алғаш рет Аягөз қаласында, Абай облысы ДСБ «Аягөз ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да білек сүйектерін остеосинтездеу бойынша жоғары технологиялық операция сәтті жүргізілді, деп хабарлайды Abai.Media. 59 жастағы науқас баспалдақтан құлағаннан кейін сол жақ білектің қатты ауырғанына шағымданып, шұғыл түрде келіп түсті. Дәрігерлер сәуле сүйегінің ортаңғы үштен бірінің және шынтақ сүйегінің төменгі үштен бірінің жабық ығысқан сынығын анықтады. …

Алакөл жағалауын дамыту мәселелері талқыланды

23.4.2025. Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Алакөл көлінің туристік әлеуетін арттыру бойынша кеңес өтті. Жиында туристік маусымға дайындық және көл жағалауының инфрақұрылымын жақсарту мәселелері талқыланды. Кеңесте облыстық Туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Қабақов пен Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин баяндама жасады. Қазіргі таңда Алакөлде 211 демалыс базасы бар. Жалпы сыйымдылығы – 15 мың адам. Жағалауда 50-ден астам қоғамдық …

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

23.04.2025. Абай облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері және облыстың квазимемлекеттік секторындағы комплаенс қызметтердің жәй-күйі талқыланды. Қазіргі таңда Абай облысында өңір тұрғындары мен қонақтары арасында үлкен сұранысқа ие 3 туристік нысан бар. Олар — Алакөл жағалауы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» …

Семейде бітімгерлердің соңғы легін қарсы алды

23.04.2025. Семей халқы Голан жоталарында қызмет атқарған әскери қызметшілердің соңғы легін қарсы алды. БҰҰ миссиясы аясында мінсіз қызмет атқарған жауынгерлерді қарсы алуға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Мараловта қатысты. Бұл күні халықаралық «Абай» әуежайына жиналған әскерилер мен бітімгерлердің отбасы мүшелерінің қуанышында шек жоқ. Олардың оралу құрметіне халық әндері шырқалып, қымыз бен бауырсақ ұсынылды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы …

Облыс әкімі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымымен кездесті

23.04.2025. Облыс әкімі Берік Уәли «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаевамен кездесті. Кездесу барысында қор тарапынан 3 жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асқан қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларының нәтижелері туралы айтылды. Ұсыныстар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Қор құрылғалы Абай облысында денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу мақсатында 10 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Өңірдегі 7 мектептің …

Облыс әкімі Қытай инвесторларымен кездесті

22.04.2025. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли шет елдік инвесторлармен кездесті.Қытайдың «Zhongcai Financial Holdings Investment Co» инвестициялық компаниясы өкілдері аймақ басшысына жобаларын таныстырды. Олар Мақаншы ауданындағы Бақты ауылы маңында бірнеше ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Соның бірі — халықаралық логистикалық парк. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін, ауыр жүк көліктерін құрастыратын және ұшқышсыз ұшу аппараттарын жасайтын әрі сақтайтын өндіріс орындары орналасатын …