05.06.2025. Жазғы оқу кезеңіне сай «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің жеке құрамы жауынгерлік дабыл бойынша көтерілді. Айталық, Абай гарнизонындағы механикаландырылған бригадасы да сағат 6:00-де, жауынгерлік дабылмен көтерілді. Әскери бөлімнің жеке құрамы мен сарбаздар санаулы минуттар ішінде жауынгерлік әзірлікке келтірілді. Мұндай жаттығулар әскери қызметшілердің шынайы әскери жағдайларға дайындығын арттырып, кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Әскери бөлім жауынгерлік дабыл бойынша көтерілген …
→Абай облысы
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 55511 әскери бөлімінде Ашық есік күні өтті
02.06.2025. Іс-шара Абай облыстық мәслихаты мен «Аманат» партиясының қолдауымен ұйымдастырылды. Мерекеге әскери қызметшілердің балалары мен балалар үйінің тәрбиеленушілері шақырылды. Олар үшін нағыз мерекелік бағдарлама әзірленді: балаларға тегін қызғылт балмұздақ, шырындар мен әскердің дәстүрлі ботқасы таратылды. Аквагрим мен акварель суретшілері балалардың беттеріне түрлі суреттер салып, портреттерін салды. Аниматорлар қызықты ойындар мен сайыстар ұйымдастырып, қуанышты көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, кинологтар қызметтік итпен …
→Халықаралық балаларды қорғау күні Семейде кеңінен аталып өтті
02.06.2025. Абай гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерде «Халықаралық балаларды қорғау күніне» арналған ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Осындай шаралардың бірі алғаш рет Абай гарнизонының әуе базасында ұйымдастырылды. Айтулы мереке қарсағында әуе базасының ұшу алаңында ашық есік күні өткізіліп, ол жерде 54853 және 44736 әскери бөлімдері балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс-шараның басты мақсаты – әскери-патриотық рухты нығайту және әскери қызметтің жұмысын таныстыру болды. …
→Даладан палатаға дейін: Аягөз қаласының кәсіби командасы зейнеткердің аяқ-қолын аман алып қалды
02.06.2025. Абай облысы Аягөз қаласындағы Көпсалалы орталық аудандық ауруханада 75 жастағы науқасқа жоғары технологиялы ота сәтті жасалды. Ер адам тұрмыстық жағдайда жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Тексеру нәтижесінде оның үлкен жіліншік сүйегінің пилоны көп сынықты, айқын ығысуы бар сынық, сондай-ақ оң жақ аяқтың сыртқы тобығының сынуы анықталды. Қажетті дайындықтан кейін операция жергілікті анестезиямен, заманауи С-дуга мобильді рентген құрылғысының көмегімен жүргізілді. Бұл …
→Жазғы демалысты қалай тиімді өткізуге болады?
02.06.2025. Жаз – баланың денсаулығына көңіл бөліп, профилактикалық тексерулерден өтуге таптырмас кезең. Балаларды қорғау күні қарсаңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кішкентай пациенттер үшін ТМККК және МӘМС аясында қандай медициналық қызметтер бар екенін еске салды. Балалар денсаулық сақтау жүйесінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 78-бабында баланың құқықтары жеке көрсетілген. Онда балалардың денсаулықты сақтау жөніндегі білім алуына, өз денсаулығы …
→Семейдегі аспалы көпірдің асфальт жабыны толық ауыстырылады
30.05.2025. Семей қаласының қос жағалауын байланыстырып тұрған аспалы көпірдің асфальт жабыны толық ауыстырылады. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мамандарымен бірге көлік өткелінде басталған жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. 27 мамырдан бастап көпірдегі қозғалыс схемасы өзгеріп, көліктер төрт жолақпен қатынауда. Қазіргі уақытта ескі асфальт алынып жатыр. Бұған дейін бұл нысанда тек ойықтарды жамау жұмыстары атқарылса, енді жүріс …
→БІТІМГЕРЛІК БЕЙБІТШІЛІКТІҢ БАСТЫ – МИССИЯСЫ
29.05.2025. Жыл сайын 29 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық бітімгерлер күні аталып өтіледі. Елімізде бұл мереке алғаш рет 2019 жылдан бастау алды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан бейбітшілік, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылық қағидаларын ұстанатынын көрсете білді. Осыған сай еліміздің бітімгершілік миссиясын мемлекетітің негізгі сыртқы саяси стратегиясына айналдырды. Қазақстан биыл Голан үстіртіне жіберген 139 әскери қызметшіден тұратын алғашқы дербес бітімгерлік контингентін …
→5511 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өткерген 200-ге жуық сарбаз үйлеріне аттанды
29.05.2025. Елдің әр өңірінен келген сарбаздар Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып шықты. Бір жыл бойы адал қызмет еткен сарбаздар саптық алаңда әскери бөлім ұжымымен қоштасып, үйлеріне аман-есен аттандырылды. Бригада командирі, полковник Айбек Аскерович Исенов сарбаздардың жетістіктері мен әскери тәртіпті жоғары бағалап, өткен бір жылда барлық сарбаз өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындағандары үшін алғыс білдірді. – Біз әр сарбазымызбен мақтанамыз. Бір …
→Семейлік оқушылар әскери бөлімде болды
28.05.2025. Семей қаласының №18, 19, 21, 41, 42, 48 жалпы орта білім беру мектептерінің 10 сынып оқушыларына арналған жиынның бір күні 31767 әскери бөлімінің аумағында өтті. Әскери бөлімнің тұрмыс-тіршілігімен танысуға 60-тан астам оқушылар қатысты. Олар бұл жиыннан мол сабақ алып, мамандық таңдау маңызды іс екенін ұғынды. Бес күндік жиынның негізгі мақсаты – Қарулы Күштердің мәртебесін арттыру, оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу болып …
→Облыс әкімі: Инвестиция тарту бағытындағы жұмысты жандандыру керек
26.05.2025. Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалу барысы талқыланды. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, биыл өңірде 22 885 жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның 14 873-і – тұрақты, 7 808-і – уақытша жұмыс орындары. Ұлттық жобалар шеңберіндегі іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар, «Ауыл Аманаты» және «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламалары аясында …
→