Денсаулық сақтау

Облыс әкімі Қарағайлы ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулаторияны тезірек іске қосуды тапсырды

13.06.2025. Облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапары аясында Қарағайлы ауылында салынған дәрігерлік амбулаторияда болды. Нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Ғимарат қажетті медициналық жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз етілген. Электрмен және сумен жабдықтау желілері тартылған. Жаңа амбулатория іске қосылған соң Қарағайлы және Башкөл ауылдарының екі мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсететін болады. Қазір ауылда үш медицина маманы бар. …

Даладан палатаға дейін: Аягөз қаласының кәсіби командасы зейнеткердің аяқ-қолын аман алып қалды

02.06.2025. Абай облысы Аягөз қаласындағы Көпсалалы орталық аудандық ауруханада 75 жастағы науқасқа жоғары технологиялы ота сәтті жасалды. Ер адам тұрмыстық жағдайда жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Тексеру нәтижесінде оның үлкен жіліншік сүйегінің пилоны көп сынықты, айқын ығысуы бар сынық, сондай-ақ оң жақ аяқтың сыртқы тобығының сынуы анықталды. Қажетті дайындықтан кейін операция жергілікті анестезиямен, заманауи С-дуга мобильді рентген құрылғысының көмегімен жүргізілді. Бұл …

Жазғы демалысты қалай тиімді өткізуге болады?

02.06.2025. Жаз – баланың денсаулығына көңіл бөліп, профилактикалық тексерулерден өтуге таптырмас кезең. Балаларды қорғау күні қарсаңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кішкентай пациенттер үшін ТМККК және МӘМС аясында қандай медициналық қызметтер бар екенін еске салды. Балалар денсаулық сақтау жүйесінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 78-бабында баланың құқықтары жеке көрсетілген. Онда балалардың денсаулықты сақтау жөніндегі білім алуына, өз денсаулығы …

Төлеуғали Қойшыбаевпен сұхбат «МӘМС өмірді құтқарады — әсіресе нейрохирургияда»

26.05.2025. Төлеуғали Нұрғалиұлы Қойшыбаев — жоғары санатты дәрігер-нейрохирург, Семей қаласының ЖМЖА (жедел медициналық жәрдем ауруханасы) жұмыс істейді, нейрохирургия саласында 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар. Біз онымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) маңыздылығы, операциялардың қымбаттығы және қазақстандықтарға МӘМС аясында жоспарлы көмекті қалай алу керектігі туралы әңгімелестік. -Төлеуғали Нұрғалиұлы, МӘМС және сақтандыруға қатысты халыққа қандай кеңес берер едіңіз? -Ең алдымен, ашық …

МӘМС: Жұмыс берушілер ұзақ демалыстар кезінде жарналарды қалай дұрыс төлеуі керек

19.05.2025. Абай облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы қызметкерлердің ұзақ ақылы демалыстары кезінде МӘМС жарналарын есептеу мен төлеу тәртібі туралы еске салады. 2024 жылғы 21 сәуірден бастап Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жарналар мен аударымдарды есептеу мен төлеу тәртібіне өзгерістер күшіне енді. Бұл өзгерістер ұзақ мерзімді демалыстағы қызметкерлердің МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған мәртебесін үздіксіз қамтамасыз етуге …

Ақсуат ауруханасы жаңа медициналық жабдықтармен толығуда

29.04.2025.Ақсуат аудандық ауруханасы өңір тұрғындарына алғашқы медициналық–санитарлық, кеңестік-диагностикалық, стационарлық, стационар алмастырушы көмек түрлерін көрсетеді. Ауруханаға қарасты 10 дәрігерлік амбулатория, 11 медициналық және 1 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Медициналық мекемеге 17 115 адам тіркелген. 2579 адам жылжымалы медициналық кешен арқылы қаралған. Былтыр ауданда 291 сәби дүниеге келген. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауданда дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынып …

Алғаш рет Аягөз қаласында білек сүйектерін остеосинтездеу бойынша жоғары технологиялық операция сәтті жүргізілді

23.04.2025. Алғаш рет Аягөз қаласында, Абай облысы ДСБ «Аягөз ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да білек сүйектерін остеосинтездеу бойынша жоғары технологиялық операция сәтті жүргізілді, деп хабарлайды Abai.Media. 59 жастағы науқас баспалдақтан құлағаннан кейін сол жақ білектің қатты ауырғанына шағымданып, шұғыл түрде келіп түсті. Дәрігерлер сәуле сүйегінің ортаңғы үштен бірінің және шынтақ сүйегінің төменгі үштен бірінің жабық ығысқан сынығын анықтады. …

Облыс әкімі ауылдарда салынған медициналық нысандардың сапасын сынға алды

21.04.2025. Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті. Қала және аудан әкімдері бейне режимде қатысқан отырыста Абай облысының 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және бюджет қаражатын игеру, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы талқыланды. Жиында Денсаулық сақтау және Құрылыс басқармаларының басшылары баяндама жасады. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабековтің мәліметінше, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» …

Семейде 3 миллион теңгеден асатын жүрекке жасалған ота МӘМС есебінен тегін жүргізілді

Семейде 3 миллион теңгеден асатын жүрекке жасалған ота МӘМС есебінен тегін жүргізілдіСемей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасында жоғары технологиялы малоинвазивті кардиохирургиялық оталар сәтті өткізілді. Бұл күрделі операциялар екі пациентке — 19 жастағы қызға және 62 жастағы ер адамға — жасалып, олардың өмір сапасын түбегейлі өзгертті. Әр операцияның құны 3 миллион теңгеден асса да, олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында …

Семейдегі облыстық жедел жәрдем ауруханасында пациенттерді қолдау қызметі ашылды

11.04.2025. Семейдегі облыстық жедел жәрдем ауруханасында пациенттерді қолдау қызметі ашылды. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты, деп хабарлайды Abai.Media. Былтыр жедел медициналық жәрдем ауруханасының қабылдау бөліміне 39 815 пациент келіп, олардың 15 442-сі ауруханаға жатқызылған. Емделушілердің 70 пайызы қабылдау бөлімі мен травматологиялық пунктке жиі жүгінеді. Осыған орай аурухана басшылығы пациенттерді қолдау қызметін төртінші қабаттан бірінші …