Денсаулық сақтау

Ядролық медицина және онкология орталығында заманауи қондырғылар іске қосылды

14.02.2025. Абай облысының ядролық медицина және онкология орталығында SOMATOM go.Sim компьютерлік томографы мен TrueBeam сәулелік терапия жүйесі іске қосылды. Аталған қондырғылар «Қазақстан Халқына» Қоғамдық Қорының қолдауымен алынып отыр. Шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, «Қазақстан Халқына» Қоғамдық Қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, орталық ұжымы қатысты, деп хабаралайды Abai.media. Бүгінгі қуанышты оқиға Абай облысы әкімдігімен бірлесе іске асырған сәтті жобалардың бірі …

Қалбатауда компьютерлік томография іске қосылды

12.02.2025. Абай облысында ауылдық жерлердегі медицинаға да көңіл бөлінуде. Аудан орталықтарындағы ауруханалар заманауи медициналық қондырғылармен жарақтануда. Мәселен, бүгін Жарма аудандық ауруханасы компьютерлік томографияны іске қосты. Шараға аудан әкімі Нұрлан Борсықбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Сәбитов, аурухана ұжымы мен ардагер дәрігерлер қатысты, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Компьютерлік томография аппаратына ауданымыз алғаш рет қол жеткізіп отыр. Бұрын емделушілерді қалаға жіберетінбіз. …

МӘМС-тегі мәртебені қалай жылдам тексеруге болады

06.02.2025. Медициналық көмек алу туралы сұрақтар бойынша 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болатыны белгілі. Келіп түсетін өтініштердің бір бөлігі МӘМС жүйесіндегі мәртебені нақтылауға қатысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылар оператордың жауабын күтуге уақыт жоғалтпай, мәртебені онлайн-сервис арқылы жылдам тексеруге болатынын еске салып өтті. Қордың ЖСН енгізіп міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңді білуге болатын жеке сервистері бар. Олардың қатарына келесілер …

МӘМС жүйесінде онкологиялық ауруларды диагностикалауда КТ және МРТ қолдану

06.02.2025. Онкологиялық ауруларды қазіргі заманғы диагностикалау көп жағдайда алдыңғы қатарлы визуализация әдістеріне негізделеді. Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында пациенттерге онкологиялық патологияларды ерте анықтау мақсатында компьютерлік томография (КТ) және магнит-резонанстық томография (МРТ) қызметтерін тегін алу мүмкіндігі беріледі. Онкологияда КТ және МРТ-ның артықшылықтары: Ерте диагностика:КТ және МРТ-ның жоғары ажырата білу қабілеті арқасында дәрігерлер ісік түзілімдерін ең ерте кезеңде анықтай …

4 ақпан – Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы күрес күні

04.02.2025. Бұл күн сіздің денсаулығыңызға қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Ауру ерте анықталған жағдайда қатерлі ісік қатал үкімнің алдын алады. Қазіргі заманғы медицина диагностика мен емдеудің тиімді әдістерін ұсынады, ал жүйелі профилактикалық тексерулер миллиондаған адамдардың денсаулығын сақтауға көмектеседі. Қазақстанда тегін скринингтер 30 жастан басталады. Бұл жаста ерлер мен әйелдер артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы және …

Облыс орталығында варикозды лазерлік әдіспен емдеу МӘМС жүйесі арқылы тегін қолжетімді

21.01.2025. Қазіргі заманғы технологиялардың арқасында пациенттер бірнеше күннен кейін-ақ қалыпты өмірге орала алады, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Варикозды кеңею – уақытылы емдеуді қажет ететін күрделі ауру. Бүгінгі таңда оны емдеудің екі негізгі әдісі қолданылады: тамырларды радиожиіліктік абляциялау («алтын стандарт» болып саналады) және лазерлік терапия. Варикозды лазерлік жолмен алып тастау – ең көп қолданылатын әдіс. Ангиохирургтардың айтуынша, процедурадан кейін пациенттер компрессиялық шұлық …

Зейнеткерлер үшін МӘМС: жеңілдіктер, скринингтер және мемлекет есебінен сапалы медицина

16.01.2025. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі зейнетақы төлемдерін алушыларға сапалы медициналық қызметтерді алу үшін ерекше шарттар ұсынады. Осы ретте мемлекет тарапынан сақтандырылған тұлғалардың тізіміне тек ресми түрде зейнетақы алатын азаматтар енгізілетінін ерекше атап өту маңызды. Зейнетақысын ресми түрде рәсімдемегендер немесе басқа мемлекеттерден зейнетақы алатындар мемлекет есебінен сақтандырылған тұлғалар тізіміне қосылмайды. Жеңілдікті санатқа енгізілген қазақстандықтар ай сайын мемлекет тарапынан МӘМС жүйесіне …

Абай облысының бірнеше ауылында медициналық пунктер ашылды

28.12.2024. Облысымызға қарасты Абай ауданының Медеу, Бородулиха ауданының Жаңа Шүлбі, Мақаншы ауданының Бекет ауылдарында дәрігерлік амбулаториялардың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Нысандардың құрылысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында жүргізілді. Жаңа амбулаториялар ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділігін айтарлықтай жақсартады. Айта кетерлігі, барлық медициналық пункттер бір мезетте 25 адамға дейін қызмет көрсете алады. Барлығында емшара қабылдау мен …

2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

24.12.2024. Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеу негізі ретінде ең төменгі жалақыны алатынын еске салды. 2025 жылы оның мөлшері сол күйінде қалады – 85 000 теңге. Демек, жарналар мөлшері де өзгермейді. Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін ставкалар да өзгеріссіз қалады – сәйкесінше …

ӘМСҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ

22.11.2024. 2024 жылы Қор медициналық ұйымдарға шамамен 2,1 трлн теңге төледі. Бұл биылғы медициналық көмекті қаржыландырудың жалпы көлемінің 79%-ын құрайдыӘлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарды қаржыландырудың барысы туралы есеп берді. Бүгінде ел бойынша амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда шамамен 2 трлн 122 млрд теңге төленді. 20 қарашадағы жағдай бойынша қаңтардан қазан айына дейін көрсетілген қызметтер үшін 1959 медициналық ұйымға …