«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне 2021 жылдан бастап беріліп келеді. Бүгінге дейін елімізде грант аясында 90 азаматқа 6 бағыт бойынша гранттар табысталған. Ағымдағы жылы берілетін гранттарға өтініштер 7 қазанда басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Гүлнұр Ыдырышева мәлімдеді. — Абай облысында биылғы …
→Абай облысы
Облыста балаларға жан-жақты қолдау көрсетіледі
Абай облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру жүйесінде үш қолдау орталығы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы тәрбиеленушілер саны – 175, оның ішінде: жетімдер – 46 (26%), ата — анасының қамқорлығынсыз қалғандар – 129 (74%). Ата-ана құқығынан айырылған – 118 (91%), ата-ана құқықтары шектеулі – 8 (6%), сот әрекетке қабілетсіз деп танығандар – 3 …
→Қыс мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі мәселесі талқыланды
Абай облысында халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне улы газ датчигін орнату мерзімінен бұрын аяқталды. 5075 құрылғыны кезең-кезеңімен орнату жоспарланған болатын. Өткен жылмен салыстырғанда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылар саны 36 пайызға азайды. Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен қосымша 3453 улы газ датчигі сатып алынып, орнатылды. Түзетілген тізімдерге сәйкес биыл Бородулиха, Жарма, Ақсуат аудандарында қосымша 1061 датчик орнату …
→Көмір қажетті деңгейде жеткізілді
Абай облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, ауа температурасының төмендеуіне байланысты Семей қаласында жылу беру маусымы қала әкімінің қаулысына сәйкес осы жылдың 1 қазанында басталды. Бүгінде білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандары жылуға қосылды. Ал, облысымыздағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған түрғын үйлердің 90 пайызына жылу жеткізілді. Бюджеттік ұйымдардың автономды қазандықтарын көмірмен қамтамасыз ету толық көлемде аяқталды. Барлық …
→Абай облысында су тасқынын алдын алуға дайындық жүріп жатыр
Абай облысының әкімдігі Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп елді-мекендерді көктемгі су тасқыны кезеңіне инженерлік қорғау жоспарын әзірледі. Жоспарға жағалауларды нығайту, өзендерді тазалау және тереңдету, бөгеттер салу, көпірлерді жөндеу және су өткізгіш құбырларды орнату сияқты су тасқынының алдын алуға бағытталған 63 шараны жүзеге асыру кіреді. Бұл шаралар облыстың алты ауданындағы 40 елді мекенді су тасқынынан қорғауға бағытталған. Департамент тарапынан төтенше жағдайларға тыңғылықты …
→Ертіс өзеніне Сібір бекірелерінің шабақтары жіберілді
Абай облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен Жаңасемей ауданына қарасты Шаған ауылының маңындағы Ертіс өзеніне 128 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Бұл акция Ертістегі бағалы балық түрі – Сібір бекіресінің популяциясын қалпына келтіруге бағытталған. Сонымен қатар, бұндай іс-шаралар аймақтағы биологиялық әртүрлілікті сақтауға ықпал етеді. Қыркүйек айында Жаңасемей …
→Абай облысында өрт сөндірушілер мен орманшыларға ескерткіш ашылды
Абай облысында орман өртімен күресте қаза тапқан өрт сөндірушілер мен орманшыларға ескерткіш ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, қаза тапқан орманшылардың туыстары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты. Шарада батырлардың құрметіне гүл шоқтарын қою рәсімі де өткізілді. Ескерткіштің авторы — мүсінші Нұрбол Қалиев. Гранит тұғырға орнатылған сегіз метрлік ескерткіш тілсіз жауға қарсы тұрған …
→Абай облысының мұғалімі «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағымен марапатталды
Мұғалімдер күні қарсаңында Мемлекет басшысы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, педагогтерге алғыс айтты. Білім беру ісіндегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын тапсырды Марапатталған үздік ұстаздардың қатарында Абай облысынан Жүсіпбек Аймауытов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Наталья Тегай да бар. Ол білім саласына қосқан үлесі мен ұзақ жылдар …
→Семейде Ұлттық ұлан сарбаздары дауыс берді
Семейде Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің барлық жеке құрамы таңертең алғашқылардың бірі болып дауыс беруге қатысты. Олар АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумға аса үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сарбаздар сайлауға алғаш рет қатысып отыр, өйткені олардың жасы 18-19-да. Айта кетсек, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана …
→Абай ауданында мектеп түлегі 120 бас жылқы таратты
Абай ауданы Тоқтамыс ауылдық округінде О.Молдағалиев атындағы орта мектепті бітіргендеріне 40 жыл толуына орай түлектер жиыны өтті. Шара аясында ауылдың белсенді тұрғыны, кәсіпкер Ақан Әбділдин аз қамтылған 70 отбасына 120 бас жылқы тарту етіп, қайырымдылық жасады. Игі шара барысында кәсіпкер демеушілігімен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Мәселен, 10 шақырымдық жорға жарысында бас жүлдеге мотоцикл берілсе, 25 шақырымдық аламан бәйге жеңімпазы жеңіл көлікке …
→