Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназия 2024 жылдың 11-12 қазан күндері өзінің 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. «Самғатқан сан қыранды Алтын ұям» атты бұл шара гимназияның ғасырлық тарихын құрметтеуге арналған маңызды оқиға болды. Мерейтойдың бірінші күні қонақтар Шәкәрім ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етумен бастады. Одан әрі бірнеше мемлекеттің ғалымдары қатысқан халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Сонымен …
→Абай облысы
Абай облысында республикалық ән байқау-фестивалінің гала-концерті өтті
Абай облысында қазақтың көрнекті әншісі және сазгері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тұрсынғазы Рахимовтың шығармашылығына арналған «Сәби болғым келеді» республикалық ән байқау-фестивалінің Гала-концерті өтті. Екі күнге созылған байқауға еліміздің әр өңірінен 24 талантты орындаушы қатысты. Қатысушылардың өнер көрсету нәтижесі бойынша қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын анықтады. Бас жүлде – Гран-приді астаналық Айбат Серікхан жеңіп алды. Бірінші орын Қарағанды облысынан келген …
→Көкпекті ауданында жол-көлік инфрақұрылымы дамып келеді
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Көкпекті ауданы тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткізіп, өтпелі кезеңдегі жұмыстарды қорытындылады. Халықтың көкейкесті сауалдарына жауап берді. Есеп беруінде аймақ басшысы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту саласына тоқталды. Мәселен аудандағы Бөгенбай батыр, М.Мақатаев, Бірлік, Мәметек, Ш.Қалдаяқов көшелеріндегі жұмыстарды «Көкпекті жолдары» ЖШС жүргізуде. Бұдан бөлек «Көкпекті-Самар-Васильевская өткелі» KU-14 автожолын орташа жөндеу жұмыстары аясында Үлкенбөкен және Преображенка ауылдарының орталық көшелері …
→Абай облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Биыл Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді шешуге баса назар аударуда. Осыған орай бүгін Абай облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары және қоғам …
→Патриоттық рухтың қанатымен: Астанадан келген ансамбль Мақаншы шекарашыларын рухтандырды
25 қазан – Республика күніне орай, ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментіне қарасты Мақаншы шекара басқармасының мәдениет үйінде патриоттық рухты қолдау мақсатында Астана қаласының Әскери Патриоттық қызмет басқармасының ансамблі концерт қойды. Жас сарбаздардың жүректерінде отанға деген сүйіспеншілік, мақтаныш және патриоттық сезімді оятуға бағытталған бұл шарада ансамбль мүшелері өздерінің таланттарымен шекарашылардың бойындағы патриоттық рухты одан әрі көтеруге ат салысты. Концерттің …
→Ақсуат ауданында гемодиализ орталығы ашылады
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Ақсуат ауданының тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында атқарылған жұмыстарға тоқталып, тұрғындар тарапынан түскен көкейтесті сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. «Ақсуат – экономикасы мал шаруашылығына негізделген өңірлердің бірі. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің арқасында аудан облыстың агроөнеркәсіптік секторында ерекше орын алады. Ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің үлесі облыстың жалпы көлемінің …
→«Ауылдарға ерекше көңіл бөлінуде»: аймақ басшысы жұмыс сапарымен Ақсуат ауданына барды
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Ақсуат ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар инфрақұрылым нысандарын аралады. Ауданда мәдениет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Осыған орай облыс әкімі бірнеше нысандардың құрылыс барысын тексеріп, аудан әкімдігіне тиісті тапсырмалар берді. Алдымен Сәтбаев пен Көктүбек ауылдары арасындағы тас жолының аяқталған құрылысымен …
→«Достық көмек» акциясы: Мақаншы Шекара басқармасының ерекше жандарға арналған саяхаты
ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментіне қарасты Мақаншы Шекара басқармасында «Достық көмек» акциясын жүзеге асырып, Мақаншы ауданы бойынша «Шығанақ» шекара бөлімшесіне ерекше жандармен бірге саяхат ұйымдастырды. Шығанақ шекара бөлімшесінің әскери қызметкерлері өздерінің күнделікті өмірімен таныстырып, ерекше жандар мен олардың аналарына шекарашылардың маңызды рөлін көрсетті. Көрермендер шекарашылардың қиын да абыройлы қызметін жақынырақ танып, олардың ерлігі мен патриоттық рухына куә болды. …
→Семейде әскери қызметшілердің әйелдерімен кездесу өтті
Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Семей қалалық филиалында гарнизон әскери қызметшілерінің әйелдерімен кездесу өтті. Профилактикалық іс-шараны «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің отбасыларымен жұмыс жөніндегі қызметі ұйымдастырды. Кездесу бастамашыларынан басқа шараға полиция, әскери полиция қызметкерлері, гарнизонның аудандық пайдалану бөлімінің өкілдері де қатысты. Кездесу барысында Отан қорғаушыларды, олардың туыстары мен жақындарын қосымша қолдауға қатысты мәселелер талқыланды. Ашық кездесу және эмоционалды диалог 2 сағаттан асам …
→Жаңасемей ауданында алғашқы балабақша ашылды
Жаңасемей ауданының Озерки ауылында 70 орынға арналған жаңа балабақша ашылды. Аталған нысан облыс әкімінің бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. 2-5 жас аралығындағы балалар үшін үш топ құрылып, оларға сапалы білім мен тәрбие беру үшін барлық жағдай жасалған. Бүлдіршіндердің жан-жақты дамуы үшін спорттық және шығармашылық үйірмелер ұйымдастырылған. Мекемеде 15 қызметкер жұмыс істейді, оның алтауы жоғары білікті педагог мамандар. Ағымдағы …
→