07.11.2024. Қазіргі таңда Семей қаласында ағаштардың түрлерін, жасын, жай-күйін және жалпы түгендеуін қамтитын дендралогиялық жоспар әзірленуде, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Бұл жоспар қаладағы жасыл қорды тиімді басқаруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Семей қаласы әкімдігінің ғимаратында Семей қаласы әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатевтың төрағалығымен жұмыс тобының кеңесі өтті.Дендрологиялық жоспарды әзірлеу үшін 2024 жылдың 3 қыркүйегінде “Горсвет” ЖШС және “ITS-PVL” ЖШС арасында «Е-Дендра» …
→Абай облысы
Абай облысының делегациясы Қазан қаласына түрлі салаларда тәжірибе алмасуға барды
07.11.2024. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған Абай облысының делегациясы Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Делегация құрамында мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, аудан әкімдері, басқарма басшылары, «Kazakh Invest» компаниясының өңірдегі директоры Қайрат Асаинов, Семей халықаралық әуежайының директоры Ғазизбек Саматов, «Abai IT-Valley» жобасының амбассадоры Асхат Бейсембаев, «Автотранслайн ВК» ЖШС бас директоры Рамиль …
→Қала әкімдігінде қоқыс шығаруға келісімшарт жасау мәселесі қаралды
06.11.2024. Бүгін қала әкімдігінде Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында маңызды мәселелер қаралды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Жиынға бөлім басшылары мен коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысып, қаладағы санитарлық жағдайды жақсарту шаралары талқыланды. Кеңейтілген жиында басты тақырыптардың бірі – қала тұрғындарының тұрмыстық қатты қалдықтарды (ҚТҚ) шығару мәселесі болды. “Семей Тазалық” кәсіпорнының мәліметінше, жыл басынан бері 5406 адаммен қоқыс шығаруға келісімшарт жасалған.( Сол жағалауда …
→Абай облысында жаңа ЖЭО құрылысының негізгі мәселелері қаралды
01.11.2024.Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерімен 3-ші ЖЭО параметрлері мен құрылыс мерзімдерін талқылады, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Жылу электр орталығы жылу тапшылығын жойып, экологиялық жүктемені айтарлықтай төмендетеді деп күтілуде. 3-ші ЖЭО төрт қуатты энергиялық қазандықтармен, үш бу турбиналарымен, сондай-ақ үш су жылыту қазандықтарымен және төрт бойлермен жабдықталады. Олардың екеуі негізгі, ал қалған екеуі төтенше жағдайларда жұмыс істейтін болады. Оның қуаты …
→Нұрлан Ұранхаев «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының» төрағасымен кездесті
01.11.2024. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Вайнах «Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің тең төрағасы Юсуп Келиговпен кездесті деп хабарлайды Abay.Semey.press. Кездесуде өңірдегі ұлтаралық татулық, этномәдени бірлестіктердің жұмысы туралы сөз болды. Сонымен қатар, Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы айтылды. Бүгінгі таңда Абай облысында 50-ден астам этнос тұрады. Өңірде 49 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Этномәдени бірлестік басшылары мен мүшелері …
→Егер әйел адам баласы үш жасқа толғанға дейін жұмысқа оралса, жеңілдік мәртебесі сақталады ма?
01.11.2024. Қазақстанда мемлекет азаматтардың 15 жеңілдетілген санаты үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ай сайынғы жарналар төлейді, бұл оларға медициналық қызметтерді толық көлемде алуға мүмкіндік береді. Мұндай санаттарға үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыста жүрген әйелдер де жатады. Алайда, әйел жұмысқа оралғанда немесе кәсіпкерлік немесе басқа қызметтен кіріс ала бастағанда, бала күтімі бойынша демалыс ресми түрде аяқталады. Бұл жағдайда …
→Ақсуат ауданында күндізгі амбулаториялық диализ бөлімі ашылды
01.11.2024. Ақсуат ауданында орталық аудандық аурухана жанынан күндізгі амбулаторлық диализ бөлімі ашылды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Енді созылмалы бүйрек сырқаты бар науқастар қажетті көмекті ала алады. Бөлім облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық бүйрек орталығының қолдауымен ашылды. Салтанатты шараға амбулаториялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, облыстық бүйрек орталығының директоры және жоғары санатты нефролог дәрігері, аудан әкімінің орынбасары …
→IQanat олимпиадасына Абай облысынан 2000-ға жуық мектеп оқушылары қатысуда
01.11.2024. Үржар ауданы IQanat олимпиадасының бірінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Олимпиада ауыл оқушыларының логикалық, математикалық ойлау, оқу сауаттылығы және қазақ тілін меңгеру қабілеттерін бағалауға бағытталған. Дәстүрлі тестілеуден ерекшелігі – академиялық жетістіктер мен бағалауларына қарамастан әр оқушыға қатысу мүмкіндігі беріледі. Биыл жетінші рет өткізіліп жатқан IQanat олимпиадасы Абай облысының барлық ауданын қамтып, 1943 қатысушыға білім додасында бақ сынауға мүмкіндік берді. …
→Семейде әлеуметтік бағдарлау кабинеті ашылды
31.10.2024. Семей қаласында «Дамуында ерекшеліктері бар балалардың ата-аналары» қоғамдық бірлестігінің базасында ментальды бұзылыстары бар балаларға арналған әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеті ашылды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Кабинеттің ашылуына Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков, Германияның Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Ульрих Кинне, жергілікті атқарушы билік өкілдері, құрметті қонақтар мен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары қатысты. Кабинеттің ашылуы Астанадағы Германия елшілігінің үй-жайларды жабдықтауға …
→Облыс әкімінің бірінші орынбасары Германияның Қазақстандағы елшілігінің өкілдерін қабылдады
31.10.2024. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков Германияның Қазақстандағы Елшісінің тұрақты орынбасары Ульрих Киннені қабылдадыдеп хабарлайды Abay.Semey.press. Германия елшілігінің гранттық қолдауының арқасында қажетті үй-жайларды жабдықтауға бөлінген 2 005 000 теңге сомасында Семей қаласында «Дамуында ерекшеліктері бар балалардың ата-аналары» қоғамдық бірлестігінің базасында психикалық ауытқулары бар балаларға арналған әлеуметтік бағдарлау кабинеті ашылды. Кездесу барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ульрих Киннеге ризашылығын білдіріп, …
→