Абай облысы

Әкім ақынға құрмет көрсетті

27.01.2025. Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын Төлеген Жанғалиев 75 жасқа толды. Осыған орай Абай атындағы драма театрда «Қарқуар» атты шығармашылық кеш өтті. Кешке зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ақынның шәкірттері мен оқырмандары қатысты. Кештің ашылуында сөз алған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өз …

Аймақ басшысы өлкетанушылармен кездесті

27.01.2025. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшелерімен кездесті. 20 жылдық тарихы бар өлкетану қоғамы өңіріміздегі тарихи жәдігерлерді түгендеп, оларды сақтап қалу жолында еңбек етіп келеді, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Кездесу барысында өлкетанушылар өздерінің атқарған жұмысынан ақпарат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ аймақ басшысымен бірлесе қаладағы тарихи нысандардың болашағын талқылады. Семейдегі тарихи нысандардың келбетін сақтап қалуға өзім де мүдделімін. …

Сала мамандары марапатталды

27.01.2025. Абай гарнизонында әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметтің құрылған күні аталып өтілді. Атаулы күнге орай «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаев сала мамандарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. 2017 жылдың 26 қаңтарында Қорғаныс министірінің бұйрығымен құрылған бұл қызмет түрі әскери қызметшілердің отбасындағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайту, рухани-адамгершілік және мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жұмыс жүргізеді. Шарада «Шығыс» …

Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде «Тыныссыз» атты жүнінен жасалған жұмыстар көрмесі ашылды

24.01.2025. Жүн кескіндемесі — ХХ ғасырдың басында Германияда Рудольф Штайнер ойлап тапқан ерекше көркемдік техника, деп-хабарлайды Abay.Semey.press. Бірақ Қазақстанда ол тек соңғы жылдары ғана танымал болды. Әдістеменің өзі «жүн акварелі» деп аталуы кездейсоқ емес. Жұмыстар сөздің барлық мағынасында жұмсақ, оларда жүннің жұмсақтығы мен жүректің жұмсақ жылуы сезіледі. Қылқалам мен бояулардың орнына осы суреттерді жасаушылар әр түрлі түсті жүнді кенепке қабаттап …

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу шаралары талқыланды

24.01.2025. Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменовтің төрағалығымен өткен өңірлік комиссияның кезекті отырысына кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы басқармалары өкілдері, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің, «Семей «ӘКК» АҚ төрағасы, сондай-ақ көтерме-бөлшек сауда өкілдері қатысты. …

Аймақ басшысы Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

24.01.2025. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар облыста инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық мәселесін талқылады, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Банктің урбанизация мәселелері жөніндегі аға маманы Мохамед Нада қаржы ұйымы тарапынан инвестиция құюға болатын облыстың инфрақұрылымдық жобаларымен танысқысы келетінін атап өтті. Аймақ басшысы өңірді дамытуда ерекше басымдыққа ие жобалардың бар екенін айтып, олардың тұрғындар үшін …

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды

23.01.2025. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау аясында Абай облысы әкімінің орынбасары Қанат Әділбайдың төрағалығымен кеңес өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Кеңеске Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті және Мемлекеттік кірістер Департаментінің өкілдері қатысты. Кеңес барысында көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге бағытталған алдын алу шараларын әзірлеу мәселелері талқыланды. Алдағы уақытта көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік кешенді …

Үржар ауданында қар тазалау жұмысы жүргізілуде

23.01.2025. Үржар ауданында қыс мезгілінде жол қатынасын үздіксіз қамтамасыз ету және білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерін қардан тазарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Ауданының автомобиль жолдары мен елді-мекендердегі көшелердің жалпы ұзындығы 690,2 шақырымды құрайды. Оның ішінде аудандық маңызы бар жолдары 288, елді-мекен көшелері 402,2 шақырым.Аудандық бюджет есебінен автомобиль жолдары және елді-мекен көшелерін қысқы күтіп ұстауға қаржы бөлініп, жұмыс …

Абай облысында бір үйдің үш баласы Ұлттық Ұлан сапында қызмет етеді

23.01.2025. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3514 әскери бөлімінде ағайынды үшеу қызмет етеді, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Бір үйден шыққан үш жігіттің Ұлттық ұлан қатарына алғашқы болып ортаншысы қосылыпты. Қатардағы Еркебұлан Серікханов 2019 жылдан бастап әскери бөлімінде граната атқыштың көмекшісі лауазымында келісім шарт бойынша қызмет атқарады. Бауырының әскери қызметіне қызығушылық танытқан ағасы араға ай салып әскери бөлімнің сарбаз атқышына айналады. Қатардағы Қуаныш …

️Биыл Абай облысы Үржар ауылындағы әуежай терминалы жаңғыртылады

23.01.2025. Абай облысы көлік инфрақұрылымын, соның ішінде әуе, автомобиль және теміржол тасымалдарын белсенді дамытуда, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Бұл өңірлер арасындағы байланысты жақсартып, туризм мен экономиканы өркендетуге ықпал етеді. Өңірде екі әуежай жұмыс істейді. Семей мен Үржардағы әуежайлар жолаушыларды тасымалдауда үлкен маңызға ие. 1983 жылы салынған Семей қаласының әуежайы 2016-2018 жылдары қайта жаңғыртылғаннан кейін халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Соның арқасында заманауи …