Абай облысы

«Ауылдарға ерекше көңіл бөлінуде»: аймақ басшысы жұмыс сапарымен Ақсуат ауданына барды

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Ақсуат ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар инфрақұрылым нысандарын аралады. Ауданда мәдениет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Осыған орай облыс әкімі бірнеше нысандардың құрылыс барысын тексеріп, аудан әкімдігіне тиісті тапсырмалар берді. Алдымен Сәтбаев пен Көктүбек ауылдары арасындағы тас жолының аяқталған құрылысымен …

«Достық көмек» акциясы: Мақаншы Шекара басқармасының ерекше жандарға арналған саяхаты

ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментіне қарасты Мақаншы Шекара басқармасында «Достық көмек» акциясын жүзеге асырып, Мақаншы ауданы бойынша «Шығанақ» шекара бөлімшесіне ерекше жандармен бірге саяхат ұйымдастырды. Шығанақ шекара бөлімшесінің әскери қызметкерлері өздерінің күнделікті өмірімен таныстырып, ерекше жандар мен олардың аналарына шекарашылардың маңызды рөлін көрсетті. Көрермендер шекарашылардың қиын да абыройлы қызметін жақынырақ танып, олардың ерлігі мен патриоттық рухына куә болды. …

Семейде әскери қызметшілердің әйелдерімен кездесу өтті

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Семей қалалық филиалында гарнизон әскери қызметшілерінің әйелдерімен кездесу өтті. Профилактикалық іс-шараны «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің отбасыларымен жұмыс жөніндегі қызметі ұйымдастырды. Кездесу бастамашыларынан басқа шараға полиция, әскери полиция қызметкерлері, гарнизонның аудандық пайдалану бөлімінің өкілдері де қатысты. Кездесу барысында Отан қорғаушыларды, олардың туыстары мен жақындарын қосымша қолдауға қатысты мәселелер талқыланды. Ашық кездесу және эмоционалды диалог 2 сағаттан асам …

Жаңасемей ауданында алғашқы балабақша ашылды

Жаңасемей ауданының Озерки ауылында 70 орынға арналған жаңа балабақша ашылды. Аталған нысан облыс әкімінің бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. 2-5 жас аралығындағы балалар үшін үш топ құрылып, оларға сапалы білім мен тәрбие беру үшін барлық жағдай жасалған. Бүлдіршіндердің жан-жақты дамуы үшін спорттық және шығармашылық үйірмелер ұйымдастырылған. Мекемеде 15 қызметкер жұмыс істейді, оның алтауы жоғары білікті педагог мамандар. Ағымдағы …

Облыс әкімі Қарағайлы шағын ауданындағы БМК құрылысын тексерді

Семейдің «Қарағайлы» шағын ауданында қуаты сағатына 21,5 Гкал болатын блокты-модульді қазандықтың құрылысы жүріп жатыр. Жоба жеке инвестор қаржысы есебінен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта бірінші қазандық монтаждалуда. Құрылыстың аяқталуы қараша айына жоспарланған. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев құрылыс алаңына барып, жұмыс барысымен танысты. Аталған жұмыстардан бөлек, қараша айында алты тұрғын үйді, желтоқсанда 1200 орындық жаңа мектеп пен тағы үш үйді қоса алғанда, …

Абай облысының тұрғындары балаларын қандай ерекше есімдермен атаған

Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы тұрғындардың 2024 жылы балаларын қандай ерекше есімдермен атағанын хабарлады. Атап айтқанда, 9 ай ішінде Румайса есімді қыз және Ильдан есімді ұл бір рет қана тіркелген. Екі нәресте де әлі екі айға да толмаған. Айта кетейік, 2024 жылдың 9 айында Абай облысында АХАТ бөлімі арқылы 4000-нан астам баланың туу туралы акт жазбасы …

Тәуелсіздік ұрпақтары грантына өтініштер қабылдау басталды

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне 2021 жылдан бастап беріліп келеді. Бүгінге дейін елімізде грант аясында 90 азаматқа 6 бағыт бойынша гранттар табысталған. Ағымдағы жылы берілетін гранттарға өтініштер 7 қазанда басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Гүлнұр Ыдырышева мәлімдеді. — Абай облысында биылғы …

Облыста балаларға жан-жақты қолдау көрсетіледі

Абай облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру жүйесінде үш қолдау орталығы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы тәрбиеленушілер саны – 175, оның ішінде: жетімдер – 46 (26%), ата — анасының қамқорлығынсыз қалғандар – 129 (74%). Ата-ана құқығынан айырылған – 118 (91%), ата-ана құқықтары шектеулі – 8 (6%), сот әрекетке қабілетсіз деп танығандар – 3 …

Қыс мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Абай облысында халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне улы газ датчигін орнату мерзімінен бұрын аяқталды. 5075 құрылғыны кезең-кезеңімен орнату жоспарланған болатын. Өткен жылмен салыстырғанда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылар саны 36 пайызға азайды. Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен қосымша 3453 улы газ датчигі сатып алынып, орнатылды. Түзетілген тізімдерге сәйкес биыл Бородулиха, Жарма, Ақсуат аудандарында қосымша 1061 датчик орнату …

Көмір қажетті деңгейде жеткізілді

Абай облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, ауа температурасының төмендеуіне байланысты Семей қаласында жылу беру маусымы қала әкімінің қаулысына сәйкес осы жылдың 1 қазанында басталды. Бүгінде білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандары жылуға қосылды. Ал, облысымыздағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған түрғын үйлердің 90 пайызына жылу жеткізілді. Бюджеттік ұйымдардың автономды қазандықтарын көмірмен қамтамасыз ету толық көлемде аяқталды. Барлық …