Абай облысы

Қазақстан мен Ресей президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

29.11.2024. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапарын екі ел қарым-қатынасының дамуындағы маңызды кезеңге жол ашатын тарихи оқиға деп атады. – Ресей – Қазақстанның стратегиялық серіктесі әрі сенімді одақтасы. Бізді мызғымас достық байланыстар, ғасырларға ұласқан тату көршілік қатынас және ортақ тарих біріктіреді. Мемлекеттеріміз осынау мәңгілік құндылықтарға арқа …

Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты

29.11.2024. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалын ресми түрде ашу рәсіміне бейнебайланыс арқылы қатысты. Салтанатты іс-шараға Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Ресейдің Жоғары білім және ғылым министрінің орынбасары Константин Могилевский қатысып, екі ел арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық жөнінде баяндама жасады. Мұнан соң …

Бесқарағай ауданының шалғай ауылдары интернет желісіне қосылады

27.11.2024. Бесқарағай ауданының Ерназар, Қоянбай ауылдары мен «Морозов» орман шаруашылығында интернет желісін орнату жұмыстары басталды. Бұл жергілікті тұрғындар үшін маңызды оқиға. Өйткені, бұл мәселенің шешімін тұрғындар жылдар бойы күткен. Интернетке қосылу жайы аудан әкімі Талғат Мұратовтың өткен жылы халықпен кездесуінде көтерілген болатын. Мәселе егжей-тегжейлі зерттеліп, қажетті мақұлдаулардан кейін жұмыс басталды. Жоспар бойынша монтаждау жұмыстары желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде аяқталады. Осыдан …

Абай облысында контрафактілік алкоголь өнімдерін сатудың фактісі тоқтатылды

26.11.2024. Семей қаласында ҰҚҚБ қызметкерлері 27 жастағы жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Ол жертөле бөлмесінде контрафактілік алкоголь өнімдерін жасап, оны бөлшек саудамен сатуды ұйымдастырған. Оперативті шаралар барысында 358 литр спирт және 650-ден астам бөтелкеге құйылған дайын алкоголь өнімдері тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Abay.Semey.press

Облыс әкімінің орынбасары Мақаншыдағы материалдық-техникалық базаның жетіспеушілігін атап өтті

26.11.2024. Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев жұмыс сапарымен Мақаншы ауданына барды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Сапар барысында әлеуметтік мәселелерді шешуге, білім беру, спорт, мәдениетті дамытуға, сондай-ақ ономастика бойынша жұмыстарға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері көтерілді. Конфессияаралық және ұлтаралық тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін шараларға ерекше назар аударылды. Бақты ауылында Бейсембай Сахариев атындағы орта мектеп-балабақшасы 2016 жылы салынған. Білім мекемесінің жалпы …

Қарағайлы ауданында жыл соңына дейін блоктық-модульдік қазандық пайдалануға беріледі

26.11.2024. Семей қаласының Қарағайлы ауданындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету үшін «КАЗЭНЕРГОМАШ-Т» ЖШС қаражаты есебінен қуаты сағатына 21,5 Гкал болатын блокты-модульді қазандықтың құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Жобаның аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың соңына жоспарланған. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс барысымен танысу үшін құрылыс алаңына болып қайтты. Қазіргі уақытта нысанда дренаждық жүйелер, ауа өткізгіштер, жалпы коллектор, …

Алдағы бес жылда өңірде жаңа су қоймалары салынбақ

26.11.2024. Абай облысында вегетациялық кезең сәтті аяқталды. Бұл туралы, бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалы директоры Нұржан Әміржанов баяндады, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Оның айтуынша «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалы Абай облысы бойынша 3 су қоймасын, 20 су торабын, 41 магистральдық каналды және 1 топтық су құбырын пайдаланып келеді. — Маусымдық вегетациялық кезеңнен сәтті өттік. Осы …

Облыс әкімі Shengsong компаниялар тобы өкілдерімен кездесті

25.11.2024. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ағаш тақтайшаларын өндіруге арналған технологиялық желілерді жобалауға маманданған Shengsong компаниялар тобы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Осы салада он жылдан артық тәжірибесі бар компания Қытайдың жетекші өндірушілерімен тығыз жұмыс істейді. Сондай-ақ, келіссөзге Beijing ZHAOSHANG Technology Co., LTD өкілдері де қатысты. Shengsong — Қытайдағы ағаш тақтайшаларын өндіруші ең ірі кәсіпорындардың бірі. Өнімдер қатарында ДСП, МДФ/ХДФ …

САРБАЗДАР АЛҒАШҚЫ АТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫН ОРЫНДАДЫ

25.11.2024. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының жас сарбаздары алғаш рет ату жаттығуларын орындады. Тәжірибелік атыс дайындығы бойынша сабақтар атыс тирында өткізілді. Атыс жаттығуы орындалар алдында әдеттегідей әр жауынгерге сержанттар нұсқаулық өткізді. Бұл өз кезегінде жас сарбаздар үшін ату мен дәл көздеуде  өте пайдалы. Атап айтқанда сарбаздар қару-жарақпен алғашқы атыс жаттығуын сапалы орындау үшін оқу нүктелерінен өтті. Айталық «КЯ-83» станогы атыс …

«Энергетик» ықшам ауданының мәселелерін шешу бойынша Жол картасы әзірленеді

24.11.2024. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Энергетик» шағын ауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Аймақ басшысымен бұған дейінгі кездесуде тұрғындар абаттандыру, ыстық су, көше жарығы, балалар алаңын салуға қатысты мәселелерді жеткізген болатын. Бұл жолғы кездесуде шағын ауданды дамытудың нақты жоспары ұсынылып, проблемаларды кешенді түрде шешу үшін Жол картасының әзірленгені, алдағы уақытта толықтырылатыны айтылды. Жол картасына жылу, электр, су желілерін инвентаризациялау, …