Абай облысы

Абай облысының колледждері «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысуда

14.02.2025. 11-15 ақпан аралығында Астана қаласындағы EXPO павильонында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде. Ауқымды шараға Абай облысынан төрт колледж қатысып, өздерінің білім беру жетістіктері мен заманауи оқу бағыттарын таныстырады. Фестивальдің ресми ашылуын ҚР Оқу-ағарту министрі өткізді. Іс-шара 15 бағыт бойынша түрлі көрмелерді қамтиды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Геологиялық барлау колледжі «Геологтар үйі» мен «Гидрогеологтар үйінде» өз жұмыстарын көрсетеді. «Геологтар үйі» ERG …

Абай облысында құқықтық IT-шешімдер енгізілді

14.02.2025. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет департаменті тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндірме жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Абай облысының Әділет департаментінің басшысы Ернар Сейдімбек өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, 2024 жылы “Халық заңгері”, “Әділет кеңес бересі”, “Ашық есік күні” және “Тегін заң көмегі күні” акциялары жоспарға сәйкес жүйелі түрде ұйымдастырылды. Өткен жылы облыстың …

Теңгерімді салық саясаты: қаржы вице-министрі Абай облысының кәсіпкерлерімен кездесті

14.02.2025. Семейде қаржы вице-министрі Ержан Біржановтің, Абай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Сүйшіновтің, облыс әкімінің орынбасары Қанат Әділбайдың, сондай-ақ өңірдің бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің, Мәслихаттардың және Өңірлік палата жанындағы өңірлік және салалық кәсіпкерлер кеңесі мүшелерінің қатысуымен кеңес өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Ашық диалог форматында нәтижелі әңгіме жүргізілді және салық реформасының барлық нюанстары түсіндірілді, қосылған құн салығының мөлшерлемесін өзгерту бойынша бизнестің ұстанымы тыңдалды. …

Облыста көктемгі су тасқынына дайындық жүруде

14.02.2025. Ақсуат ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу үшін тиісті шаралар қолға алынуда. Қазірдің өзінде аудан бойынша 25 түрлі техника, 16 тасымалданатын су сору насосы (мотопомпа), 2 тіркемелі су сору насосы (мотопомпа) дайындалды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Сонымен қатар 10 000 (он мың) қап барлық ауылдық округтерге таратылып, инертті (күл, шлак, құм) материалдарға толтырылды. Қаптар су басу қаупі бар участоктерге қойылуда.Аудан …

Қалбатауда компьютерлік томография іске қосылды

12.02.2025. Абай облысында ауылдық жерлердегі медицинаға да көңіл бөлінуде. Аудан орталықтарындағы ауруханалар заманауи медициналық қондырғылармен жарақтануда. Мәселен, бүгін Жарма аудандық ауруханасы компьютерлік томографияны іске қосты. Шараға аудан әкімі Нұрлан Борсықбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Сәбитов, аурухана ұжымы мен ардагер дәрігерлер қатысты, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Компьютерлік томография аппаратына ауданымыз алғаш рет қол жеткізіп отыр. Бұрын емделушілерді қалаға жіберетінбіз. …

Семейде мектеп оқушыларымен ерлік сабағы өтті

12.02.2025. Семей қаласының №22 мектеп лицейінің оқушыларына арналған ерлік сабағы өткізілді. Ерлік сабағын Абай гарнизонының 30217 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өткізді. Мектеп оқушыларына Қарулы күштердің, қару-жарақ түрлерімен, әскерилердің киім үлгілерімен және әртүрлі жаттығуларға арналған құрал жабдықтармен таныстырылды. Мектептің акт залында жас қонақтарға «Жас сарбаз» жастар қозғалысы қатарына қосылу, әскери оқу орындарына түсудің тәртібі мен Қарулы күштердің құрылу тарихы туралы фильмдер …

Абай облысында қайтарылған активтер есебінен Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынады

12.02.2025. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңыз бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Үкімет Семей қаласындағы 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылысына 2,6 млрд теңге бөлді, бұл азаматтарды сапалы медициналық көмекпен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар 13 нысанның құрылысына шамамен 59,4 …

Классикалық пауэрлифтинг пен жатып штанга көтеруден облыстық чемпионат өтті

11.02.2025. Семей қаласында классикалық пауэрлифтинг пен жатып штанга көтеруден облыстық чемпионат өтті. Іс-шараның ашылуына қала әкімі Талғат Мұратов қатысты. Семей қалалық мәслихатының депутаты Андрей Алтайбаев қала әкіміне спорттың дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Ұлттық Пауэрлифтинг Федерациясының төсбелгісін табыстады, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Чемпионатқа 80 спортшы қатысты. IPF ережесіне сәйкес классикалық пауэрлифтингтен 4 спортшыға және жатып штанга көтеруден 1 спортшыға спорт шеберлігіне …

Абай гарнизонында инженерлік-саперлік полкінің бөлімшелерін дайындау барысы пысықталды

11.02.2025. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты инженерлік-саперлік полктің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерін дайындауда инженерлік барлау жаттығулары пысықталды. Іс-шаралар мамандық бойынша дайындауда алар орны зор. Жаттығулар жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылды және сарбаздардың өзара іс-қимылын үйлестіруге бағытталды.   — Қазіргі таңда ұрыс тәсілдері елдімекендерде өтіп жатқандықтан бөлімшелерді дайындау барысында жолдарды инженерлік барлау жаттығулары арқылы пысықтаудамыз. Инженерлік барлау бөлімшесі барлау дайындығын орындау барысында жол …

Аягөзде жедел басқару орталығы ашылды: қауіпсіздік күзетіндегі инновациялар

11.02.2025. Аягөз қаласында заманауи полицияның жедел басқару орталығы жұмысын бастады. Салтанатты ашылу рәсімін Абай облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ернар Мейрамбекұлы Базаров өткізді, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Шараның құрметті қонағы Аягөз ауданының әкімі Данияр Қайырханұлы Шакарымов болды. Ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жоғары технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Енді қала көшелері мен қоғамдық орындарда 120 бейнебақылау камерасы орнатылды. …