Полиция алаяқтық әрекетті тоқтатты: 300 000 теңгеге сатылған жұмыс иллюзиясы

03.03.2025. Семейде күтпеген финалы бар қылмыстық оқиға орын алды: тұрақты жұмыс іздеген 23 жастағы қала тұрғыны 300 000 теңгесін алаяқтың қолына ұстатып, сан соғып қалды, деп хабарлайды Abai.Media.

Оқиғаның басты кейіпкері – өзін «Молдир» деп таныстырған әйел. Ол 2024 жылдың қазан айында жәбірленушіні жоғары жалақысы бар жұмысқа орналастыратынына сендіріп, қызметі үшін қомақты қаражат алған. Алайда бұл «қойылымда» ешқандай бос жұмыс орны болмаған, ал ақша алаяқтың қалтасына түскен.

Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсіп, 30 жастағы қала тұрғынын анықтады. Әйел өз кінәсін мойындағанымен, жымқырған қаражатты қайтару мүмкін болмады – ақшаны ол жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Abai.Media

Check Also

Госкорпорация расширяет сервис доставки готовых документов из ЦОН

24.07.2026. Abai.Media. Государственная корпорация «Правительство для граждан» расширяет перечень государственных услуг, по которым будет доступна …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *