04.04.2025. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов Абай облысының облыстық жиын пунктінде болып, ондағы жасақтау басқармасының қызмет барысымен танысты. Жұмыс барысы аясында полковник Жеңіс Маралов облыстық жиын пунктінің жатар жайымен, асхана және психологиялық тест қабылдау бөлмелерін аралап, көктемгі шақырылым бойынша жұмыс атқарып жатқан медицина қызметкерлерімен кездесті. Абай облысының қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров облыстық жиын пунктінде …
→Абай облысы
Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде қаланың мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналатын екі көрме ашылды
04.04.2025. Екі көрме де Семейге Барнаул қаласынан келді. «Барнаул қаласының №2 балалар көркемсурет мектебі» қосымша білім беру муниципалды бюджеттік мекемесінің 80-нен артық жұмыстарын ұсынады, деп хабарлайды Abai.Media. Бірінші көрме – бұл тарихи мұраны ғана емес, сонымен қатар шығармашылық көз қараспен тарих сабақтарын зейіні жетіп ұғынған жас барнаулықтардың шынайы сезімдері мен тәжірибелерін бейнелейтін балалар көркем туындыларының жинағы. Экспозицияға Ұлы Отан соғысындағы …
→Абай облысының әкімі Берік Уәлидің өңір халқына үндеуі
Ардақты Абайлықтар!Құрметті жерлестер! Бүгін сіздерге арнайы бейнеүндеу жасауды жөн көрдім.Абай облысы ұлы тұлғаның атымен аталған, алаш арыстарының ізі қалған тарихы терең, табиғаты көркем өңір. Бұл – біздің ортақ үйіміз. Оны таза, жайлы, көрікті етіп ұстау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.Шын мәнінде, біздің аймақ тоғыз жолдың торабында тұр. Ертістің екі жағасын жалғаған жалғыз көпірден екі алып көршімізге қарай көлік ағыны өтеді. Бұл …
→Ешкім іштен батыр болып тумайды
04.04.2025. Көрмеде В.И. Даль атындағы орыс әдебиеті тарихының мемлекеттік музейінің материалдары ұсынылған. Көрме Өскемен қаласының Россотрудничество өкілдігінің қолдауымен өткізіледі-жетекшісі Дяченко А. А. Экспозиция Ұлы Отан соғысының маңызды, бетбұрыс кезеңіне — Сталинград маңындағы Кеңес әскерлерінің жеңісіне арналған. Бұл шайқас ХХ ғасыр тарихындағы ең үлкен және қанды шайқастардың біріне айналды. Әлемдік тарихты өзгерткен шайқас әдебиетте көрініс тапқаны таңқаларлық емес. Сталинград шайқасында фашистерді …
→Семейден Ақтауға аттанды
04.04.2025. Семейдің әскерге шақырылушы жастары Ақтау қаласының әскери теңіз күштерінің әскери бөлімдеріне қызмет етуге аттанды. №10 жалпы білім беретін орта мектебінде оннан астам әскерге шақырылушыны салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Әскерге шақыру комиссиясының оң шешімін алған жастар әскери істің негіздерін еліміздің әскери теңіз күштері бөлімшелерінде атқаратын болады. Салтанатты шығарып салуды қорғаныс істері жөніндегі департаменті ұйымдастырды. Балаларды шығарып салуға қоғамның …
→Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 1200 орындық мектеп ашылды
01.04.2025. Бүгін Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №51 білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, «Самұрық Қазына констракшн» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов, білім саласының ардагерлері, ақсақалдар және ата-аналар қатысты. Жаңа да жайлы мектепте оқушылардың жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген білім ордасында …
→Семейдегі перинаталдық орталықтың күрделі жөндеуден өткен корпусы пайдалануға берілді
01.04.2025. Аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы облыстық перинаталдық орталықтың күрделі жөндеуден өткен корпусына барып, жұмысымен танысты. Денсаулық сақтау басқармасына қарайтын медициналық мекемедегі жөндеу жұмыстары 2023 жылы басталған. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа негізгі ғимарат жаңартылып, бөлімдер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек жерасты өткелі бар қорғану орны мен кір жуатын орын толық жөнделген. Облыстық перинаталдық орталық – өңірдегі ең ірі …
→«Алау» әскери-спорттық ойыны үздіктерді жинады
01.04.2025. Абай облысының Шүлбі кентінде «Алау» әскери-спорттық ойынының облыстық іріктеу финалы өтті. Әскери-спорттық ойынның финалына 70 астам мектеп оқушылары жиналып, өз аудандары мектептерінің намысын қорғады. Олар Семей, Аягөз қалалары, Абай, Ақсуат, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Мақаншы аудандарынан келген үздік командалар бақ сынасты. «Алау» ойынының талаптары бойынша оқушылар саптық байқау, белтемірге тартылу – ұлдар үшін, арқада жатып денені көтеру – қыздар …
→Семейде түрмеге бес смартфон мен бес литр алкоголь алып кірмек болған күдікті ұсталды
01.04.2025. Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Семей қаласындағы №19 түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізбек болған күдіктіні ұстап, қырағылық үлгісін танытты. Күдікті мекемеге құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін алып келген 30 литрлік су эмульсиясы шелегінің ішіне 5 смартфон, 5 sim-карта, қалталы Wi-FI роутер, сонымен қатар 5 литр алкогольді жасырып, кіргізбек болған. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің …
→Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Аягөз ауданының көпбейінді орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК тарихында алғаш рет сол жақ үлкен жіліктің құлыптамалы сүйекішілік жабық остеосинтезі операциясы сәтті өткізілді
2025 жылдың 26 наурызында Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Аягөз ауданының көпбейінді орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК тарихында алғаш рет сол жақ үлкен жіліктің құлыптамалы сүйекішілік жабық остеосинтезі операциясы сәтті өткізілді. Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді орындау аясында көпбейінді орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Ауылдағы денсаулық …
→