Қазақстан

Өскеменде бейбіт күннің батырлары жүздесті Шығыста батырлар бас қосты

04.12.2024. Халық қаһарманы «Айбын» орденінің иесі, көп балалы әкемен жүздесті Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иесі, көпбалалы әке Жанасбек Пермабекпен жүздесті. Халық қаһарманы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтордің үйіне барып, жанұясымен жолықты. — Бүгін біз 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, көпбалалы әке, ефрейтор Жанасбек Пермабектің үйіне …

Өскемендік командир Ұлттық ұлан үздігі атанды

29.11.2024. Кім мықтыны анықтаған сайыс үш күнге ұласты. Әрбір жауынгер сайысқа сақадай сай дайындықпен келген. Өйткені, олар, мұның алдында әскери бөлім арасындағы жарыста суырылып алға шығып, топ жарып шыңдалғандар. Кіл үздіктер бас қосқан байқауда офицерлер «үздік батальон командирі», «үздік штаб бастығы», «батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі үздік орынбасары» аталымдарын өзара сарапқа салса, сержанттар құрамы «үздік взвод сержанты, «үздік …

Қазақстан мен Ресей президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

29.11.2024. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапарын екі ел қарым-қатынасының дамуындағы маңызды кезеңге жол ашатын тарихи оқиға деп атады. – Ресей – Қазақстанның стратегиялық серіктесі әрі сенімді одақтасы. Бізді мызғымас достық байланыстар, ғасырларға ұласқан тату көршілік қатынас және ортақ тарих біріктіреді. Мемлекеттеріміз осынау мәңгілік құндылықтарға арқа …

Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты

29.11.2024. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалын ресми түрде ашу рәсіміне бейнебайланыс арқылы қатысты. Салтанатты іс-шараға Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Ресейдің Жоғары білім және ғылым министрінің орынбасары Константин Могилевский қатысып, екі ел арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық жөнінде баяндама жасады. Мұнан соң …

Ресей Президенті Владимир Путин қазақ жерінде көрсетілген ерекше сый-құрмет үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

– Сізге зор ризашылығымды білдіремін. Біз достас елдерміз. Қарқынды дамып келе жатқан іскерлік қарым-қатынасты да қолдаймыз. Ұдайы байланыстамыз. Өзіңізді жыл соңында Санкт-Петербургте өтетін ТМД аясындағы бейресми кездесуде күтемін. Сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараға шақырамын. Бұл – біздің ортақ жеңісіміз деді Владимир Путин. Ресей Президенті екіжақты байланыстардың қарқынын жоғары бағалап, мемлекеттік сапарының мәні мен маңызына тоқталды. – Бүгінгі …

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді

28.11.2024. Мемлекет басшысы Қазақстанға сапармен келуге шақыруын қабыл алғаны үшін Владимир Путинге алғыс айтты. – Бұл стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа берік негізделген мемлекетаралық қарым-қатынасымыздағы өте маңызды оқиға екені сөзсіз. Сіздің қазақстандық ақпарат құралдарында жарияланған бүгінгі мақалаңызды мұқият оқып шықтым. Ал менің мақалам Ресей баспасөзінде жарияланды. Біз болашаққа бағытталған екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі көшелі ойларымызды жан-жақты жеткіздік. Өз мақаламда Қазақстан осындай …

Касым-Жомарт Токаев дал срочное поручение в связи с эскалацией ситуации вокруг Украины

22.11.2024. Глава государства Касым-Жомарт Токаев дал поручение Премьер-министру, руководителю Администрации Президента, руководителям всех силовых ведомств и акимам принять срочные меры по обеспечению безопасности основных военных и гражданских объектов в связи с эскалацией ситуации вокруг Украины. Об этом сообщил советник — пресс-секретарь Президента РК Берик Уали на странице в Facebook. — Председатели палат Парламента Казахстана поставлены в известность о принимаемых мерах. Положение дел …

Өскеменде ерен ерлік иесіне құрмет көрсетілді

07.11.2024. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 әскери бөлімінің штаб бастығы ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері подполковник Денис Шемет әскери бөлімінде ардақталды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Сарбаз өміріне араша түсіп, гранатадан құтқарған әскери қызметші жанұясымен бірге құрметтеу кешінің мерейлі меймандарына айналды. Салтанатты шара Ұлттық ұланның Өскемен қаласындағы дағдарысқа қарсы оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылды. Шара шымылдығы офицерге арналған бейнетүсіріліммен ашылды. Көрерменге ұсынылған бейнеэкранда подполковник …

Өскемендік Ұлттық ұлан сарбаздары 300 шақырымдық шеру жасады

01.11.2024. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің сарбаздары Өскемен қаласынан Шемонайха қаласына дейін барып, қайта кері қайтты, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Әскери бөлімнің 2-2023 және 1-2024 жылғы шақырылымның мерзімді әскери қызметшілері қатысқан 300 шақырымдық тактикалық-арнайы сабағы өткізілді. Оқу-жаттығу барысында жас жауынгерлер өздерінің алған білімдерін іс жүзінде қолданып, қиян-кескі оқыс оқиғада техниканы басқарып, әртүрлі кедергілерді еңсеріп, шектеулі және ойық өтпелерден мүлтіксіз …

Семейде сарбаздарға қол сағаттары табысталды

28.10.2024. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың қол сағат сыйлықтары иелеріне табысталды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Семей қаласының мәдениет үйінде «Республика күнін» атап өту шарасында мерзімді қызметтерін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 21450 әскери бөлімінде атқарған сарбаздарға қол сағаттары табысталды. Көктем уақытында, Атырау қаласында су тасқынына қарсы шараларға белсене қатысқан Семей тумалары запастағы қатардағы жауынгерлер Айбол Серікқалиев, Ерсұлтан Ксебаев және Игорь Орлов …