23.04.2025. Ішкі істер министрінің бұйрығымен подполковник Сеитов Арман Полатұлы Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. Подполковник Арман Полатұлы взвод командирінен бастап «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тәрбие басқармасы бастығы лауазымына дейінгі барлық әскери қызметтерді өткен. Шығыс өңірінде Ұлттық ұланның басты әскери тәрбиешісін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамына таныстыру үшін Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығынан кадр …
→Қазақстан
Шығыста ұландықтар «Таза Қазақстан» акциясына қолдау білдірді
22.04.2025. Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімінде республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды экологиялық шаралар жүзеге асуда. Айталық, 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Өскемен қаласындағы «Жеңіс» мемориалдық кешеніне тазалық жұмыстарын жүргізді. Қырыққа жуық әскери қызметші мемориалға қарасты аумақты тазартып, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарына білек сыбана кірісті.Ал «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшілері республикалық …
→Белгілі жазушы Өскеменде сарбаздармен кездесті
16.04.2025. Белгілі жазушы Әлібек Қаңтарбаев Ұлттық ұлан сарбаздарына шығармашылық жолы, өмірінен алынған қызықты сәттері жайында әңгімеледі. Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Қазақстан жазушылар одағының ШҚО филиалының төрағасының өмір жолымен, балалық шағы, студенттік өмірі, шығармашылық әлеміндегі алғашқы қадамымен танысып, туған ауылы Катонқарағай өңірінің тылсым табиғатын, бір күндік тыныс-тіршілігін сипаттайтын ерекше ақпараттарға қанық болды. Мерзімді әскери қызметшінің айтуынша, өскелең өңірдің осындай …
→Ұлттық ұланда Жеңістің сексен жылдығына орай ерекше челлендж басталды
15.04.2025. Ұлы Жеңіске биыл сексен жыл толғалы отыр. Мерейлі мереке аясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің жеке құрамы бес шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті. Іс-шараның мақсаты – Отан алдындағы парызды сезіну, тарихи жадыны жаңғырту және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Әскери қызметшілер сап түзеп, ұйымшылдықпен белгіленген қашықтықты оңай еңсерді. Бұл бастама арқылы Ұлттық ұланның Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінің сарбаздары …
→Өскеменде жоғары оқу орнының студенті түрмеге бірнеше смартфон лақтырмақ болды
10.04.2025. Өскемен қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде білім алатын студент түрмеге бірнеше смартфон лақтырмақ болды. 8 сәуір күні Өскемен қаласының №17 түзеу мекемесінің қызметкерлерімен бірге Ұлттық ұланның 6699 әскери бөлімінің кинологы сержант Темірбек Губайдуллин «Тор» есімді қызметтік итімен белгілі бір аумақты патрульдеу барысында бүркемелі қоршаудың сыртқы жағынан тыйым салынған зат лақтырмақ болған М. азаматын ұстады. Тексеріс барысында ер азамат түрме …
→ШҚО-да мектеп оқушылары сарбаздарға хат жолдады
08.04.2025. Ұлан ауданына қарасты «Таврия» орта мектебінің оқушылары мерзімді әскери қызметшілерге хат жазуда. Игі бастама оқушылар мен сарбаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайта түспек. Күні ертең Отан алдындағы борышын атқаруға құлшынған білім алушылар үшін әскердегі өмір қызығушылық тудырады. Сондықтан, бір топ мектеп оқушысы Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің сарбаздарына хат жазды. — Әрине, сарбаздарға хат жазып, мазалаған сұрақтарына …
→Өскеменде әскерилер тәжік-ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді еске алды
08.04.2025. Өскеменде Ұлттық ұлан жауынгерлері тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінде өткен іс-шара барысында тәжік-ауған қақтығысында қаза болған 17 жауынгерлер құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, ескертікішке гүл шоқтары қойылды. Шара мақсаты – кейінгі толқын жас буын өкілдерін әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу және де қыршыннан қиылған боздақтар ерлігін насихаттау сонымен қатар Отан тыныштығы …
→Үкіметте Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының экономикалық дамуы, IT-саланың өсу әлеуеті қаралды
28.03.2025. Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы өтті. Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының экономикалық даму мәселелері, сондай-ақ IT-саланың өсу әлеуеті қаралды. Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің экономикалық өсуінің негізгі көрсеткіштері туралы хабарлады. Биылғы 2 айда ауыл шаруашылығында (102,3%), құрылыста (112,7%), ішкі саудада (109,5%), көлік саласында (107,1%), байланыста …
→Ұлттық ұландықтар 102 жастағы тыл ардагері Светочева Анастасия Павловнаға құрмет көрсетті
20.03.2025. Өскемен қаласында Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Светочева Анастасия Павловнаны құрметтеуге арналған «Жеңіске дейінгі 100 күн» акциясы аясында салтанатты шара өтті. Ардагерді салтанатты түрде ұлықтау рәсіміне 3477 әскери бөлімінің 50 ге жуық офицерлері мен сержанттары, сондай-ақ «Жас Бүркіт»әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты. 3477 әскери бөлімінің командирі полковник Руслан Есенғалиев Анастасия Павловнаға Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі, соғыс жылдарындағы еткен еңбегі …
→Шығыста ұландықтар Наурыз тойын бастап кетті
20.03.2025. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер «Наурыз» мерекесін тойлауды бастап кетті. Ұландықтар ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы атаулы күндердің әрқайсына жете тоқталып, әр күннің ажарын ашып, салт-дәстүрге сәйкес жоралғылар жасады. Әскери қызметшілер Наурызнама он күндігіне орай ұлттық киім киініп, ақ дастархан жайысып, ұлттық ғұрыптарды қастерледі. — Ұландықтар үшін Наурыз мерекесінің мән-мағынасы зор. Наурызды ұлықтау – халқымыздың салты мен дәстүрін жаңа …
→