Қазақстан

Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті

18.12.2025. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Мемлекет басшысы Жапония сияқты дамыған елдің тәжірибесін зерделеу маңызды екенін айтты. – Бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін береді деп ойлаймыз. Жапон тарапы да үлкен мән беріп отыр. Бүгін Премьер-министрмен кездесемін. Ынтымақтастығымыздың келешегі зор болатынына ешқандай күмән жоқ. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан …

Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

17.12.2025. Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтіп, энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. – Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу …

Президент: Маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін энергетика саласын түбегейлі жаңғырту керек

17.12.2025. Ақордада өтіп жатқан салтанатты жиында Мемлекет басшысы еліміздің өсіп-өркендеп келе жатқанына назар аударды. – Біз экономиканы және инфрақұрылымды дамытуға баса мән беріп отырмыз. Заманауи өндіріс орындарын ашып жатырмыз. Еліміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам басты. Қазақстан болашақта толыққанды цифрлық ел болуға тиіс. Осы мақсатқа жету үшін ауқымды жұмыс қолға алынды. Астанада Халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылды. Жақында …

Ақордада энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азамат марапатталды

17.12.2025. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. «Отан» орденімен Әбітаев Есберген Әбітайұлы – еңбек ардагері, Алматы қаласы;«Парасат» орденімен Атақұлов Ермаханбет Тиллабекұлы – «KEGOC» АҚ басқарушы директоры, Астана қаласыСүлейменов Серік Жүсіпұлы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, Қызылорда облысы;«Құрмет» орденімен Асрепов Миржан Ғұмарұлы – …

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

17.12.2025. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның энергетикалық картасында атом станциясының пайда болуы ел экономикасының жаңа әрі сапалы деңгейге көшкенін білдіретінін атап өтті. Мемлекет басшысы қазір бүкіл әлем түбегейлі бетбұрыс кезеңін бастан өткеріп жатқанын алға тартып, атом станциясының құрылысын бастау туралы стратегиялық шешімнің маңызына назар аударды. Президенттің пайымдауынша, бұл болашақта еліміздің энергетикалық келбетін түбегейлі өзгертіп, экономикамызды қайта құруға ықпал етеді. – Балқаш атом …

Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты

12.12.2025. Мемлекет басшысы Түрікменстанның саяси ұстанымы тұтас Еуразия құрлығының тұрақтылығы мен орнықты дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Аталған форумда көтерілген бастамалар ХХІ ғасырдағы бейтараптықтың мән-маңызына жаңаша көзқарас қалыптастырады. Қазақстан Президенті Түрікменстанның бейтарап саяси ұстанымы түрікмен халқының сан ғасырлық мәдени дәстүрімен және рухани құндылықтарымен үйлесетінін айтты. – Түрікмен классикалық әдебиетінің негізін қалаушы, Шығыстың көрнекті ойшылы Мақтымқұлы Пырағы: «Тыныштық болса ел …

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді

12.12.2025. Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов және бауырлас түрікмен халқын айтулы дата –Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 30 жыл толуымен құттықтады. Мемлекет басшысы мерейлі сәтке орай ұйымдастырылған халықаралық форумда көтерілетін мәселелердің маңызын атап өтті. – Ашхабад секілді көркем шаһарға шақырғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мұнда келген сайын қонақжай пейілдеріңізді, туыстық әрі достық көңілдеріңізді сезінеміз. Ертеңгі форум өзіне жүктелген міндетті толық атқарып шығатынына және халықаралық …

Марат Әзілханов: Ассамблея бірегей қоғамдық институтқа айналды

– Марат Алмасұлы, Қа­зақстан халқы Ассамблея­сы­ның 30 жылдығы ел өмірін­дегі маңызды кезең болды. Осы мерейтойдың басты мәні неде деп ойлайсыз? – Біз үшін Ассамблеяның 30 жылдығы – мерейлі дата ғана емес, ауқымды қоғамдық белестің маңызды қорытындысы. Осы жылдар ішінде бейбіт өмір сүруді, әр­алуандықты құр­меттеуді және диалог мәдениетін қалыпты өмірлік нормаларына айналдыр­ған азаматтардың жаңа буыны қалыптасты. Ассамблея өз қызметін ел тәуелсіздігінің …

2026 жылы алдын ала диагностика қолжетімді болмақ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабарлауынша, 2026 жылдың қаңтарынан бастап кейбір медициналық қызметтер МӘМС пакетінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ауысады. Осылайша, олар сақтандырылмаған азаматтар үшін қолжетімді болады. Бұған дейін айтылғандай, 2025 жылғы 14 шілдедегі жаңазаңның қабылдануымен Денсаулық сақтау жүйесін сақтандыру моделіне көшіру көзделіп отыр. Осы орайда, 2026 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінен (ТМККК) медициналық көмектің …

Өскеменде әскери театрдың спектаклі сахналанды

27.11.2025. Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің әскери театры өскемендіктерге арнап қойылым қойды. Өнерпаз сарбаздардан құралған әскери театр Металлургтер мәдениет сарайында «Ант» атты драмалық қойылымның премьерасын сахналады. Мәдени кешке ақсақалдар қауымы, мектеп оқушылары және мерзімді әскери қызметшілер қатысты. Іс-шараға қатысқан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Арман Сеитов іс-шараның негізгі мақсатына тоқталды. — Сарбаздардың рухани-адамгершілік тәрбиесін …