Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

17.12.2025. Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтіп, энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам көреді. Әрбір үйге жарық пен жылу беру – жауапкершілігі зор жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін

деді Президент.

Айта кетейік, Бозымбаев Азия даму банкімен су және энергетика саласындағы жобаларды пысықтады.

https://kaz.inform.kz/news/memleket-basshisi-energetika-salasi-kizmetkerlern-kasbi-merekesmen-kuttiktadi-2f91ff

Check Also

Госкорпорация расширяет сервис доставки готовых документов из ЦОН

24.07.2026. Abai.Media. Государственная корпорация «Правительство для граждан» расширяет перечень государственных услуг, по которым будет доступна …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *